Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 30.05.2013 № 774 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы, «Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 16 сәуірде № 7583 тіркелді), Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 18 наурыздағы № 233 ұсынысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің Березовка подхозында, Березовка санаторийінде ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т. Қадыров), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ғ. Сүлейменов) тиісті iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Г. Акулов
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлігі
ветеринарлық бақылау және қадағалау
комитетінің Бородулиха аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ бастығы Т. Қадыров
2013 жыл 30 наурыз
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Шығыс
Қазақстан облысы бойынша
департаментінің Бородулиха ауданы
бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы» ММ бастығы Ғ.Сүлейменов
2013 жыл 30 наурыз