Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе ауылында шектеу іс–шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 04 қазандағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қазанда N 3077 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 14.11.2014 N 4 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 14.11.2014 N 4 шешімімен.
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Жарма ауданының Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе ауылында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (Д. Данабаев), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Г. Кулжанбекова) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қаратөбе ауылдық округінің әкімі
      КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы Министрлігінің
ветеринариялық қадағалау және бақылау
комитеті Жарма аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекеме
басшысының міндетін атқарушы

К. Рахимжанов
 
 
 
 
 
 
Д. Данабаев

      2013 жылғы 4 қазан
 
 

      «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігінің
мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің Жарма ауданы бойынша
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы

Г. Кулжанбекова

      2013 жылғы 4 қазан
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады