"Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/2) шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 01 наурыздағы N 11-3/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 наурызда N 2918 болып тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы N 24-4/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 27.05.2014 N 24-4/2 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2620 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 9 тамызында № 64 «Жұлдыз» және «Новая жизнь» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            А. Ахатов

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р. Беспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады