Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округiнiң Маңырақ ауылына карантин режимiн енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 233 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 шілдеде N 2983 болып тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедедгі N 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 23.07.2013 N 299 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 6 маусымдағы N 228 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округiнiң Маңырақ ауылында ірі қара малдары арасында аусыл ауруының пайда болуына байланысты карантин режимін енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы карантин талаптары орындалуының іс-шараларын ұйымдастырсын.
      3. «Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ветеринарлық iс-шараларды өткiзуге көмек көрсетсін.
      4. Маңырақ ауылдық округiнiң әкiмi А.Қожахметовке шектеу белгiленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикiзаттарын, өнiмдерiн дайындау және өткiзу, еңбектi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгiленген ережелерiн сақтай отырып жүргiзу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Аудан әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы                          С. Жақаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлiгi
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетi Тарбағатай аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы            Б. Қажыкенов
      «10» маусым 2013 жыл

      «Тарбағатай ауданының ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Е. Байжұманов
      «10» маусым 2013 жыл

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан
      облысы бойынша департаментiнiң
      Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы»
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы            М. Сүлейменова
      «10» маусым 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады