Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы N 17 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 ақпанда N 2874 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 512 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 512 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек).
      2. Әрбiр мүгедек балаға ай сайын 7581 (жеті мың бес жүз сексен бір) теңге мөлшелерінде әлеуметтiк көмек ұсынылсын.
      3. Келесі шарттар белгiленсiн:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттiң толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтiк көмек отбасының табысына қарамастан, үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң бiреуiне төленедi;
      2) әлеуметтiк көмек өтiнiш берген айдан бастап "Облыстың бiлiм беру басқармасы" мемлекеттiк мекемесi жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң қорытындысында бекiтiлген мерзiм аяқталғанға дейiн ұсынылады;
      3) әлеуметтiк көмек төлемi қаржыландырудың түсуiне қарай өткен айға төленедi. Әлеуметтiк көмек төлемiн тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлiмi, мүгедектiгiн алып тастау) жағдайлар болса, тиiстi жағдай болған айдан кейiн төлем тоқтатылады.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      

Үржар ауданы әкiмiнің
 
міндетін атқарушы
Қ. Сейітқанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады