Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 91 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі N 139 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда N 3358 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 05.02.2016 № 49 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2925 болып тіркелген "Уақыт тынысы/Пульс времени газетінде 2013 жылғы 18 сәуірінде № 37 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.";
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
      2. 4 қосымшасы Үржар аудандық мәслихатына келісуге ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқановқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Байсабыров
      Келісілді:
      Үржар аудандық мәслихатының
      хатшысы М. Бітімбаев

       "15" сәуір 2014 ж
      
      

 
Үржар аудандық әкімдігінің
"10" сәуірдегі 2014 ж
№ 139 қаулысына қосымша
 
Үржар аудандық әкімдігінің
"27" ақпан 2013 ж
№ 91 қаулысына № 4 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Директор;
      2. Директордың орынбасары;
      3. Филиалдың директоры;
      4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
      5. Мал дәрігері;
      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады