Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы N 250 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 маусымда N 2968 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 шілдегі N 358 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 05.07.2013 N 358 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекция бастығының 2013 жылдың 27 мамырдағы № 512 ұсынысының негізінде Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақшоқы ауылдық округінің Ақшоқы ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл індетінің пайда болуына байланысты, Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Н. Дүйсекеновке сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Ақшоқы ауылдық округінің әкімі Р. Саржановқа шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

      Келісілді:

      ҚР ауыл шаруашылық министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Үржар аудандық аумақтық
      инспекциясы бастығы                        С. Садвакасов

      30 мамыр 2013 жыл

      Үржар ауданының ішкі істер
      бөлімі бастығының орынбасары               Н. Дүйсекенов

      30 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады