РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | Б. Жанақов |