"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы N 22-211/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қаңтарда N 3168 болып тіркелді. Күші жойылды - (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 220-03/14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 15.12.2014 № 220-03/14 хаты).
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №6-53/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      "Жалпы ережелер" тарауында 2 тармақтың:
      4) тармақшасындағы 2 абзац және 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" тарауындағы 5 тармақтың "10) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiнін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

С. Мұздыбаев

      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы

М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады