"Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентiн бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 45 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2013 жылғы 8 мамырда № 3289 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.01.2014 № 1 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентi бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

2013 жылғы 29 наурыздағы № 45
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті
органмен келісім бойынша ғибадат
үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп
қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған.
      2. "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма) "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Батыс Қазақстан Дін істері департаменті" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – аумақтық орган) келісім бойынша көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 5) тармақшасы және "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат облыстық жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырылған.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесінде мемлекеттік қызметті алушы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім (бұдан әрі - шешім) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта уәжделген жауап алады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібінің талаптары

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді;
      үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді құрайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген мемлекеттік қызметті алушының күтуін рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 30 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсету үшін рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Басқарманың мекен-жайы және жұмыс кестесі: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.
      2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет басқарманың ғимаратында көрсетіледі. Басқарманың үй-жайларында бөлек кіретін есігі бар, күту және құжаттарды дайындау залы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) Стандарттың 11 тармағында көзделген құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы;
      2) Стандарттың 11 тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы;
      3) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
      4) аумақтық органның келісуінің болмауы негіз болып табылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушыдан өтінішті алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында көзделген құжаттарды тапсырады;
      2) басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, қабылданған құжаттарды тіркейді және басқарма басшысына қарастыруға береді;
      3) басқарма басшысы құжаттарды қарағаннан кейін басқарманың жауапты маманды белгілейді;
      4) басқарманың жауапты маманы берілген құжаттарды зерделеп, шешімді келісімдеу үшін аумақтық органға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымалдағышта дайындайды;
      5) аумақтық орган шешімді келісімдейді немесе келісімдеуден бас тартады;
      6) аумақтық орган келісім бергеннен кейін жергілікті атқарушы орган шешім қабылдайды;
      7) басқарманың жауапты маманы мемлекеттік қызметті алушыға шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымалдағышта беруді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      15. Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған мемлекеттік қызметті алушы өтінішінің көшірмесі Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттардың өткізілгендігін растау болып табылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкері;
      2) басқарма басшысы;
      3) басқарманың жауапты маманы;
      4) аумақтық орган;
      5) жергілікті атқарушы орган.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламентке 2 қосымшада берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті
органмен келісім бойынша ғибадат
үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп
қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің)
өзара әрекеттестігі мен реттілігінің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (жұмыс барысы, ағыны)

ҚФБ 1

Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкері

ҚФБ 2

Басқарма басшысы

ҚФБ 3

Басқарманың жауапты маманы

ҚФБ 4

Аумақтық орган

ҚФБ 5

Жергілікті атқарушы орган

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау және тексеру, басқарма басшысына қарастыруға беру.

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қарағаннан кейін басқарманың жауапты маманды белгілеу.

№ 1 іс-әрекет

Қабылданған құжаттарды зерделеп, шешімді келісімдеу үшін аумақтық органға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымал-
дағышта дайындау

№ 1 іс-әрекет

Шешімді келісімдеу немесе келісімдеуден бас тарту

№ 1 іс-әрекет

Аумақтық орган келісім бергеннен кейін шешім қабылдау

№ 2 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушыға шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымал-
дағышта беру

Мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді;
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді құрайды.

"Дін қызметі саласындағы уәкілетті
органмен келісім бойынша ғибадат
үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау,
сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп
қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
әкімшілік әрекеттердің логикалық
реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара
байланысты көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады