"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Орал қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере келе, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) таратылсын:
Орал қаласының Желаев поселкелік округі;
Орал қаласының Зачаган поселкелік округі;
Орал қаласының Круглоозерный поселкелік округі;
Орал қаласының Деркөл поселкелік округі.
2) құрылсын:
Желаев селосы әкімшілік орталығы болып, Орал қаласының Желаев селолық округі;
Зачаган кенті әкімшілік орталығы болып, оның құрамына Меловые горки ауылының аумағын енгізе отырып, Орал қаласының Зачаган кенті;
Круглоозерный кенті әкімшілік орталығы болып, оның құрамына Серебряково ауылының аумағын енгізе отырып, Орал қаласының Круглоозерный кенті;
3) таратылған Орал қаласының Деркөл поселкелік округінің әкімшілік-аумақтық бірлігі Орал қаласының әкімшілік бағыныстылығына берілсін.
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Сессия төрағасы
Н. Ноғаев А. Василец
Облыстық мәслихат хатшысы
М. Құлшар