"Облыстық жергілікті атқарушы органының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 103 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 18 шілдеде № 3313 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.01.2014 № 1 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған "Облыстың жергiлiктi атқарушы органының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

2013 жылғы 6 маусымдағы № 103
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен
бекітілген

"Облыстың жергілікті атқарушы органының
жануарлар дүниесін пайдаланушыларға
аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы
су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және
балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Облыстың жергілікті атқарушы органының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 3 тармағына сәйкес жасалған.
      2. "Облыстың жергілікті атқарушы органының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).
      3. Мемлекеттік қызмет конкурс өткізу арқылы:
      1) аңшылық алқаптарды бекіту кезінде – "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – 1-Инспекция);
      2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту кезінде – "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитеті "Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесімен (бұдан әрі – 2-Инспекция) көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағы 4) тармақшасы және 40 бабының;
      2) "Аң аулайтын алқаптарды бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 40 қаулысының;
      3) "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) аңшылық алқаптарды немесе балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін мемлекеттік қызмет алушыларға бекітіп беру туралы қағаз тасымалдағыштағы қаулысы (бұдан әрі – қаулы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін, оның ішінде физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жағдайлар көзделген 1-Инспекцияның және 2-Инспекцияның орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Күту залдары толтырылған бланктердің үлгілері бар ақпараттық стендтермен жабдықталған.
      10. Мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі: 1-Инспекция – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін, 2-Инспекция - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, мерекелік және демалыс (сенбі, жексенбі) күндерінен басқа. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің www.eco.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      12. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылатын болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу кезінде:
      мемлекеттік қызметті алушы конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан конкурстық комиссияның хатшысына Стандарттың 11 және 12-тармақтарына сәйкес құжаттарды және өтініш береді;
      конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға қойылатын біліктілік талаптарына жеке және заңды тұлғаның сәйкестік деңгейін анықтайды, конкурс жеңімпазын анықтайды, бұл жөнінде конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде хаттама толтырылады;
      конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қорытындыларын шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға және әкімдікке конкурс қорытындылары туралы хаттамасын жібереді;
      конкурстық комиссия хаттамасының негізінде әкімдік конкурс қорытындылары туралы хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы әкімдік қаулысына қол қоюды қамтамасыз етеді;
      конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік қызметті алушыға әкімдіктің қаулысын немесе қаулыны беруден дәлелді бас тартуды береді;
      2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, сондай-ақ бекіту мерзімі өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
      мемлекеттік қызметті алушы 1-Инспекцияның кеңсесіне еркін нысанда өтініш береді;
      1-Инспекцияның инспекторы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жіберу үшін мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды;
      Комитет 1-Инспекцияның қорытындысын қабылдайды және тіркейді, ұсынысты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және әкімдікке жібереді;
      әкімдік Комитеттің ұсынысын немесе дәлелді бас тартуын қабылдайды және тіркейді, танысу үшін басшыға береді, ал дәлелді бас тартуды 1-Инспекцияға жібереді;
      әкімдік Комитеттің ұсынысын қабылдайды, тіркейді және әкімдік қаулысының жобасын дайындайды;
      1-Инспекцияның инспекторы мемлекеттік қызметті алушыға аңшылық шаруашылығын бекіту туралы әкімдіктің қаулысын немесе дәлелді бас тартуды береді.
      15. Аумақтық инспекцияларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір инспекторды құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      16. Мемлекеттік қызметті алушы конкурстық өтінімді тапсырған кезінде оған Стандарттың 15-тармағына сәйкес қолхат беріледі.
      Өтініш беру фактісі конкурстық комиссияның хатшысы жүргізетін өтінімдерді тіркеудің арнайы журналында жазылады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктердің (бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекетін сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында (1.1, 1.2-кестелер) көрсетілген.
      18. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетін мәтіндік, кестелік сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында (2.1, 2.2, 2.3, 2.4-кестелер) келтірілген.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекетінің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      20. Қаулы мемлекеттік қызметті алушының өзі келген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе оны алуға сенімхатты көрсеткен кезде беріледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      21. Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті тиісінше көрсетпегені үшін жауапты болады.

"Облыстың жергілікті атқарушы
органының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне
қатысатын құрылымдық-функционалдық
бірліктердің іс-әрекетінің сипаттау 1.1-кесте. Конкурс өткізу кезінде -
ҚФБ іс-әрекетін сипаттау

Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

№ әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)

1

2

2

ҚФБ атауы

Конкурстық комиссияның хатшысы

Конкурстық комиссиясы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Конкурстық өтінім қабылдау және тіркеу

Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурс жеңімпазын анықтау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешім)

Конкурстық комиссияның қарауына конкурстық өтінімді ұсыну

Конкурстың қорытындылары туралы хаттама

5

Орындалу мерзімдері

30 минуттан артық емес

Конкурстық өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

      кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

3

4

5

2

Конкурстық комиссияның хатшысы

Әкімдік

Әкімдіктің басшысы

3

Конкурсқа қатысушыларға және әкімдікке конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы жіберу

Конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы қабылдау және тіркеу

Конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

4

Хаттаманы жіберу туралы хат

Конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы әкімдіктің басшысына беру

Бұрыштама салу, жауапты орындаушыға конкурс өткізу қорытындылары туралы хаттаманы жіберу

5

Конкурстың қорытындыларын шығару күнінен бастап 3 жұмыс күні

30 минуттан артық емес

1 сағаттан артық емес

6

4

5

6

      кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

6

7

8

2

Әкімдіктің жауапты орындаушысы

Әкімдіктің басшысы

Конкурстық комиссияның хатшысы

3

Мемлекеттік қызметті алушы-конкурс жеңімпазына аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының қол қоюды қамтамасыз етеді

Мемлекеттік қызметті алушы - конкурс жеңімпазына аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының жобасын қарау

Әкімдіктің қаулысын алады және мемлекеттік қызметті алушыға береді немесе дәлелді бас тартуды береді

4

Әкімдіктің басшысына қаулының жобасын беру

Әкімдік қаулысының жобасына қол қою

Мемлекеттік қызметті алушының қолы

5

5 жұмыс күні

1 сағаттан артық емес

30 минуттан артық емес

6

7

8

-

1.2-кесте. Мемлекеттік қызметті
алушылардың жеке меншігіндегі
немесе уақытша жер пайдалануындағы
жер учаскелерінде аңшылық алқаптарын
бекітіп беру кезінде, сондай-ақ
бекіту мерзімі өткен аңшылық
алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде
- ҚФБ іс-әрекетін сипаттау



Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

№ әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

1-Инспекцияның инспекторы

1-Инспекцияның басшысы

1-Инспекцияның жауапты орындаушысы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттармен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы (ал мерзімі өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындау туралы) қорытындыны дайындау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйым-
дастырушылық-
басқарушылық шешім)

Бұрыштаманы салу үшін 1-Инспекцияның басшысына құжаттарды жіберу

Бұрыштаманы салу, құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу

Қорытынды, қол қою үшін қорытындыны 1-Инспекцияның басшысына жіберу

5

Орындалу мерзімдері

30 минуттан артық емес

1 сағаттан артық емес

10 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

      кестенің жалғасы   


Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

4

5

6

7

2

1-Инспекцияның басшысы

Комитет кеңсесінің маманы

Комитеттің басшысы

Комитеттің жауапты орындаушысы

3

Қорытындыға қол қою

1-Инспекцияның қорытындысын қабылдау және тіркеу

Қорытындымен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынысты немесе дәлелді бас тартуды дайындау

4

Қорытынды

Бұрыштаманы салу үшін Комитеттің басшысына құжаттарды жіберу

Бұрыштаманы салу, құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу

Ұсыныс немесе дәледі бас тарту

5

1 сағаттан артық емес

30 минуттан артық емес

1 сағаттан артық емес

5 жұмыс күні

6

5

6

7

8





Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

№ әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)

8

9

10

2

ҚФБ атауы

Комитеттің басшысы

Әкімдік

Әкімдіктің басшысы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Ұсынысқа немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Комитеттің ұсынысын қабылдау және тіркеу

Ұсыныспен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешім)

Ұсыныс немесе дәлелді бас тарту

Бұрыштаманы салу үшін әкімдіктің басшысына ұсынысты жіберу

Бұрыштаманы салу, құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу

5

Орындалу мерзімдері

1 сағаттан артық емес

30 минуттан артық емес

1 сағаттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

9

10

11

      кестенің жалғасы





Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстар барысының, ағынының)

1

№ әрекет (жұмыстар барысының, ағынының)

11

12

13

2

ҚФБ атауы

Әкімдіктің жауапты орындаушысы

Әкімдіктің басшысы

1-Инспекцияның инспекторы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызметті алушы - жер учаскесінің меншік иесіне аңшылық алқаптарын бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының жобасын дайындау

Мемлекеттік қызметті алушы - жер учаскесінің меншік иесіне аңшылық алқаптарын бекітіп беру туралы әкімдік жобасына қол қою

Әкімдіктің қаулысын алады және мемлекеттік қызмет алушыға береді немесе дәлелді бас тартуды береді

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешім)

Әкімдік қаулысының жобасы

Әкімдіктің қаулысы

Шығыс хат-хабар журналында белгілеу

5

Орындалу мерзімдері

5 жұмыс күні

1 сағаттан артық емес

30 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

12

13

-

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің)
орындалу мерзімін көрсете отырып,
әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің
(рәсімінің) дәйектілігі мен өзара
іс-әрекетін мәтіндік, кестелік сипаттау 2.1-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Конкурс өткізу кезінде – негізгі үдеріс

Негізгі үдерісі (жұмыстар барысы, ағыны)

Конкурстық комиссия хатшысы

Конкурстық комиссия

Әкімдік

Әкімдіктің басшысы

Әкімдіктің жауапты орындаушысы

№ 1 іс-әрекет

Конкурстық өтінімді қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 2 іс-әрекет

Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурстың жеңімпазын анықтау (конкурстық өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні)

№ 4 іс-әрекет

Конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 5 іс-әрекет

Конкурстың қорытындысы туралы хаттамамен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 6 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушы - конкурс жеңімпазына аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы әкімдік қаулысына қол қоюды қамтамасыз етеді (5 жұмыс күні)

№ 3 іс-әрекет

Конкурс қатысушы-
ларына және әкімдікке конкурстың қорытын-
дылары туралы хаттаманы жіберу (конкурстың қорытындысын шығарған күннен бастап 3 жұмыс күні)

-

№ 8 іс-әрекет

1-Инспек-
цияның инспек-
торына әкімдіктің қаулысын беру

№ 7 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушы - конкурс жеңімпазына аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының жобасына қол қою (1 сағаттан артық емес)

-

№ 9 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушыға әкімдіктің қаулысын беру (30 минуттан артық емес)

-

-

-

-

2.2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Мемлекеттік қызметті алушылардың
жеке меншігіндегі немесе уақытша
жер пайдалануындағы жер учаскелерінде
аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде,
сондай-ақ бекіту мерзімі өткен аңшылық
алқаптарын қайта бекітіп беру
кезінде – негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

1-Инспекцияның инспекторы

1-Инспекцияның басшысы

1-Инспекцияның жауапты орындаушысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 2 іс-әрекет

Құжаттармен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 3 іс-әрекет

Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы (ал мерзімі өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындау туралы) қорытындыны дайындау (10 жұмыс күні)

№ 15 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушыға әкімдік қаулысын беру (30 минуттан артық емес)

№ 4 іс-әрекет

Қорытындыға қол қою (1 сағаттан артық емес)



      кестенің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

Комитет кеңсесінің маманы

Комитеттің басшысы

Комитеттің жауапты орындаушысы

№ 5 іс-әрекет

Инспекцияның қорытындысын қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық)

№ 6 іс-әрекет

Қорытындымен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 7 іс-әрекет

Ұсынысты дайындау (5 жұмыс күні)



№ 8 іс-әрекет

Ұсынысқа қол қою (1 сағаттан артық емес)

№ 9 іс-әрекет

Әкімдікке ұсынысты жіберу (30 минуттан артық емес)

      вестенің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

Әкімдік

Әкімдіктің басшысы

Әкімдіктің жауапты орындаушысы

№ 10 іс-әрекет

Комитеттің ұсынысын қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 11 іс-әрекет

Ұсыныспен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 12 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушы - жер учаскесінің меншік иесіне аңшылық алқаптарын бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының жобасын дайындау (5 жұмыс күні)

№ 14 іс-әрекет

1-Инспекцияның инспекторына әкімдіктің қаулысын беру (30 минуттан артық емес)

№ 13 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушы - жер учаскесінің меншік иесіне аңшылық алқаптарын бекітіп беру туралы әкімдік қаулысының жобасына қол қою (1 сағаттан артық емес)



2.3-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Конкурс өткізу кезінде (конкурстың
болмауын мойындау) – балама үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

Конкурстық комиссияның хатшысы

Конкурстық комиссия

№ 1 іс-әрекет

Конкурстық өтінімді қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 2 іс-әрекет

Конкурстық өтінімдерді қарау және конкурс шарттарына сәйкес келмейтін, барлық қатысушылардың конкурстық өтінімдерін анықтау (конкурстық өтінімі бар конверттерді ашқан күннен бастап 10 жұмыс күні)

№ 3 іс-әрекет

Конкурс қатысушыларына және әкімдікке конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жіберу (конкурстың қорытындысын шығарған күннен бастап 3 жұмыс күні)

№ 4 іс-әрекет

Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік қызметті алушыға дәлелді бас тартуды береді

2.4-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Мемлекеттік қызметті алушылардың
жеке меншігіндегі немесе уақытша
жер пайдалануындағы жер учаскелерінде
аңшылық алқаптарын бекітіп беру
кезінде, сондай-ақ бекіту мерзімі
өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп
беру кезінде – баламалы үдеріс

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

1-Инспекция кеңсесінің маманы

1-Инспекцияның басшысы

1-Инспекцияның жауапты орындаушысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 2 іс-әрекет

Құжаттармен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 3 іс-әрекет

Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы (ал мерзімі өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындау туралы) қорытындыны дайындау (10 жұмыс күні)

№ 9 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді бастарту (30 минуттан артық емес)

№ 4 іс-әрекет

Қорытындыға қол қою (1 сағаттан артық емес)



      кестенің жалғасы

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

Комитет кеңсесінің маманы

Комитет басшысы

Комитеттің жауапты орындаушысы

№ 5 іс-әрекет

Инспекцияның қорытындысын қабылдау және тіркеу (30 минуттан артық емес)

№ 6 іс-әрекет

Қорытындымен танысу, жауапты орындаушыны анықтау (1 сағаттан артық емес)

№ 7 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау (5 жұмыс күні)



№ 8 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою (1 сағаттан артық емес)



"Облыстың жергілікті атқарушы
органының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық
шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу
жөнінде шешімдер қабылдауы"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2-қосымша

Конкурс өткізу кезінде - әкімшілік
іс-әрекеттің қисынды дәйектілігінің
арасындағы өзара байланысын көрсететін
сызба

Мемлекеттік қызметті алушылардың
жеке меншігіндегі немесе уақытша
жер пайдалануындағы жер учаскелерінде
аңшылық алқаптарын бекітіп беру
кезінде, сондай-ақ бекіту мерзімі
өткен аңшылық алқаптарын қайта бекітіп
беру кезінде - әкімшілік іс-әрекеттің
қисынды дәйектілігінің арасындағы
өзара байланысын көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады