Орал қаласы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 10-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 шілдеде № 3331 болып тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі N 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 23.09.2014 N 19-4 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес және Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 1425 қаулысының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Орал қаласы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ауылды дамыту, аграрлық саясат және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Василец
      Облыстық маслихат хатшысы        М. Құлшар

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2013 жылғы 26 маусымдағы № 10-3
шешімімен
бекітілген

Орал қаласы аумағында иттерді
және мысықтарды күтіп-ұстау
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Орал қаласы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Орал қаласы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстаудың тәртібін белгілейді.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес дайындалды.
      3. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      1) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы;
      2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның) ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жануарлардың, жануардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
      3) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
      5) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
      6) жануар иесі - жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
      7) жануарлардың аса қауiптi аурулары - уәкiлеттi орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуiне, үлкен әлеуметтiк-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
      8) ит - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
      9) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;
      10) мысық - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысық тұқымдас үй жануары;
      4. Осы Ережеде белгіленген талаптарды орындауды мемлекеттік бақылау ветеринария саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      5. Осы Ереженің талаптары иттер мен мысықтардың барлық иелеріне таралады.

2. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау талаптары

      6. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстайтын иелеріне санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді және ветеринарлық нормативтерді сақтауы қажет.
      7. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға болады, алайда иттерді тұрғын үй-жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы керек.
      8. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, үйдің шатырлары, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы үй-жайлар) орындарда, көпқабатты үйлердің маңындағы территорияларда және тұрғын үй-жайларда (жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану) көпқабатты үйлердің маңындағы территорияларда жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа, қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде) ұстауға болмайды.
      9. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне жануарларды әкелуге және ұстауға болмайды.
      10. Жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, иттің бары жөнінде үй-жай ауласына кіреберісіндегі қақпада ескерту тақтасы болуы керек.
      11. Иттер мен мысықтар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердің, мекемелер мен кәсіпорындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, қаңғыбас болып есептеледі және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы қаңғыбас жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан мамандандырылған ұйымдармен аулауға жатады. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.
      12. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын иттер мен мысықтарды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
      Ит немесе мысық оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын аса қауіпті, жұқпалы және вирусты аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар клиникалық сау болған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.
      13. Иттер мен мысықтардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, жарыстар, аттракциондар мен өзге де іс-шаралар ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның келісімі, жұқпалы ауруларға зертханалық өтуі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қала әкімінің келісімімен өткізіледі.
      Осы аталған іс-шараларға ветеринариялық паспорты бар иттер мен мысықтар, соңғы вакцинация мен дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі болған жағдайда жіберіледі.
      14. Жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін иттердің ұрыстарын ұйымдастыруға және өткізуге болмайды.
      15. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, иттер мен мысықтар басқа иеге берілуі немесе қараусыз (қаңғыбас) жануарларды ұстау мен аулауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға тапсырылуы керек.
      16. Иттер мен мысықтардың иелері жеке ветеринариялық клиникалар мен Орал қаласының ветеринариялық станциясынан міндетті тіркеумен Орал қаласының мемлекеттік ветеринариялық станциясынан паспортты алу жолымен тіркелу шарасынан өтуі қажет.

3. Иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау тәртібі

      17. Тіркелген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
      18. Иттер мен мысықтардың иелері міндетті:
      1) иттер мен мысықтарды осы Ереженің талаптарына сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз етуі керек;
      2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары керек;
      3) иттер мен мысықтардың адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеген жағдайларда, оны құтыру ауруына деп күдіктену ретінде қарап, барлық жағдайлар туралы ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлауы керек:
      4) жануардың кенеттен жұт жағдайында, ауруға күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырып немесе шұғыл жануарды қоғамдық көліктерді пайдаланбай, ветеринариялық дәрігерге жеткізуі керек;
      5) иттер мен мысықтардың өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдану;
      6) өздерінің иттері мен мысықтарын ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинациялануын және диагностиканы қамтамасыз ету.
      19. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда жойылуға тартылады.
      Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 30 бабы 1 тармағына және 10 бабы 2 тармағы 7) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Иттерді және мысықтарды
серуендету тәртібі

      20. Иелері иттер мен мысықтарды серуендеткенде келесілерді сақтауы қажет:
      1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелерінің телімдерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де иттер мен мысықтар подъездерде, баспалдақ алаңдарында, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарын экскременттерін қалдырған жағдайда, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинауы керек;
      2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендету;
      3) адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстау. Иттер мен мысықтардың декоративті түрлерін сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде) тасымалдау;
      4) адамдар аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендетуге (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетудің қоршалған орындарында, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттерді тұмылдырығынан шешпей, тізгіннен жіберуге болады;
      5) иттерді түнгі уақытта серуендеткенде (23-тен таңғы 6-ға дейін) олардың иелері қалыпты демалысқа және жеке тұлғалардың тыныштылығына қарсы туғызбайтын, тыныштықты сақтайтын шараларды сақтауы қажет;
      6) мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге болмайды;
      7) иттер мен мысықтарды серуендетуді жағажайларда, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде жануарларды шомылдыру және жууға болмайды.

5. Иттерді және мысықтарды
қоғамдық көлікте тасымалдау

      21. Келесідей талаптар сақталған жағдайда, иттер мен мысықтарды қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға болады:
      1) иттер артқы алаңдарда, оның нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, тұмылдырық кигізілген және қысқа тізгінде, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда;
      2) декоративті түрлі иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болған жағдайда.
      22. Қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға болмайды:
      1) ауру иттер мен мысықтарды;
      2) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа тізгіні болмаса;
      3) мас күйіндегі тұлғалар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді тасымалдап алып жүруіне;
      4) декоративті түрлі иттер мен мысықтарды арнайы тордан тыс (тасымалдауға арналған контейнерлерде) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаған жағдайда.

6. Қорытынды жағдайлар

      23. Осы Ережені бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады