Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 322 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 5 сәуірде № 3235 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 1530 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 24.05.2013 № 1530 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің төмендегідей регламенттері бекітілсін:
      1) "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту";
      2) "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру";
      3) "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту";
      4) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру".
      2. "Орал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары К. Т. Елубаевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімі Б. Шәкімов

2013 жылғы 21 ақпандағы № 322
қала әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Орал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1392 қаулысы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, телефон: 8(7112)514735, электрондық мекен-жайы: ZEMELNI.OTDEL@mail.ru.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі мемлекеттік қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның жауапты маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттар қабылдау, журналда тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және уәкілетті органның жауапты маманына жіберу
 

№ 2 іс-әрекет

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 21 ақпандағы № 322
қала әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін
жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттiк қызмет
регламенті
 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша "Орал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1392 қаулысы негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында, жергілікті атқарушы органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, телефон: 8(7112)510465, 512643, электрондық мекен-жайы: uralsk@westkazkz.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкерімен мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14.Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      15. Рұқсат қағазы мемлекеттік қызметті алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның жауапты маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттар қабылдау, журналда тіркеу

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және уәкілетті органның жауапты маманына жіберу
 

№ 2 іс-әрекет

Рұқсат немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Рұқсат немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 21 ақпандағы № 322
қала әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттiк қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Орал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1392 қаулысы негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, телефон: 8(7112)514735, электрондық мекен-жайы: ZEMELNI.OTDEL@mail.ru.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Бекiтілген жерге орналастыру жобасын қызмет алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның жауапты маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттар қабылдау, журналда тіркеу және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және уәкілетті органның жауапты маманына жіберу
 

№ 2 іс-әрекет

Жерге орналастыру жобасын немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Жерге орналастыру жобасын немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

2013 жылғы 21 ақпандағы № 322
қала әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес дайындалды.
      2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Орал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1392 қаулысы негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында, жергілікті атқарушы органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, телефон: 8(7112)510465, 512643, электрондық мекен-жайы: uralsk@westkazkz.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертуге шешім (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 37 күнтізбелік күн;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер, өтініш бланкілері бар тағандар орналастырылады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (пандус, лифт) көзделген.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету
үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара
iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкерімен мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Шешім мемлекеттік қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның жауапты маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы.
      17. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен
реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Уәкілетті органның жауапты маманы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның басшысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттар қабылдау, журналда тіркеу

№ 1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және уәкілетті органның жауапты маманына жіберу
 

№ 2 іс-әрекет

Шешімі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Шешімін немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты мемлекеттік қызметті алушыға беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 37 күнтізбелік күн

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады