Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 4 сәуірде № 3229 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 24.05.2013 № 181 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:
      1) "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Бақмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Турегалиев

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысымен бекітілген

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызметін ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын Ақжайық ауданының селолық округтерінің жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) ветеринариялық дәрiгерімен ұсынады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 464 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz, уәкілет органның үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
      Уәкілетті органдардың мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкілерін беру). Тұтынушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижелері бойынша айқындалған бланктің құнын төлейді.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Уәкілетті органның ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіндегі іс-қимылдар (өзара
іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген күні көрсетіледі.
      14. Тұтынушысының өтініші ветеринариялық дәрiгерiмен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiк (бұдан әрi – ҚФБ) қатыстырылады: ветеринариялық дәрiгер.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органдардың мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090116, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Лбішін ауылы, Қонаев көшесі, 21

87113651351
87113694316
87113691006

2

"Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090101, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, Октябрьская көшесі, 27

87113651837
87113651850
87113651924

3

"Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090102, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, Е. Орақбаев көшесі, 70

87113693387
87113693300
87113693500

4

"Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090103, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Абылайхан көшесі, 54

87113621118
87113621832

5

"Базартөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090105, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылы, Ө. Қадырғалиев көшесі, 49

87113621212
87113625171

6

"Базаршолан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090106, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Жамбыл көшесі, 21

87113652620
87113621247
87113652505

7

"Бударин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090107, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударин ауылы, Чапаев көшесі, 11

87113697706
87113697776

8

"Есенсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090108, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24

87113622568
87113652485

9

"Жайық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090109, Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы, Жайық ауылы, Жақсыгулов көшесі, 21

87113650049

10

"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090110, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылы, Жағалау көшесі, 5

87113650552

11

"Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090111, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, М. Абатов көшесі, 50

87113696700

12

"Қабыршақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090113, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Первомай ауылы, Чапаев көшесі, 27

87113650535
87113693112

13

"Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090114, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қараултөбе ауылы, Т. Масин көшесі, 8

87113647256
87113647148

14

"Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090115, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ж. Молдағалиев ауылы, Ж. Молдағалиев көшесі, 6

87113623322

15

"Мерген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090117, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Құрманғазы көшесі, 12

87113651120
87113681146

16

"Сарытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090112, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылы, Ленин көшесі, 14/3

87113652340
87113621345

17

"Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090119, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Ленин көшесі, 37

87113621712

18

"Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35

87113691387
87113691737
87113692391

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді
(рәсімдерді) орындаудың мерзімін
көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша
әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің)
кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


ҚФБ

ветеринариялық дәрiгер


Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, журналға тiркеу.
Құжаттарды қарау, ветеринариялық анықтаманы (қағаз тасымалдағышта) не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді рәсімдеу.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық ету шешiмi)

Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру


Орындау мерзiмдерi

1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) тұтынушыға ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің
логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін схема

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысымен бекітілген

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Ақжайық ауданының селолық округтерінің жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) ветеринариялық дәрiгерiмен көрсетiледi.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 464 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz, уәкілетті органның үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
      Уәкілетті органдардың мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
      1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
      3) мемлекеттік қызметті ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) тұтынушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Уәкілетті органның ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіндегі іс-қимылдар (өзара
іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.
      14. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) жануар иесінің жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға, жануардың берілген бірдейлендіру нөмірі болмауы негіз болып табылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiк (бұдан әрi – ҚФБ) қатыстырылады: ветеринариялық дәрiгер.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органдардың мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090116, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Лбішін ауылы, Қонаев көшесі, 21

87113651351
87113694316
87113691006

2

"Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090101, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, Октябрьская көшесі, 27

87113651837
87113651850
87113651924

3

"Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090102, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, Е. Орақбаев көшесі, 70

87113693387
87113693300
87113693500

4

"Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090103, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Абылайхан көшесі, 54

87113621118
87113621832

5

"Базартөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090105, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылы, Ө. Қадырғалиев көшесі, 49

87113621212
87113625171

6

"Базаршолан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090106, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Жамбыл көшесі, 21

87113652620
87113621247
87113652505

7

"Бударин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090107, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударин ауылы, Чапаев көшесі, 11

87113697706
87113697776

8

"Есенсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090108, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24

87113622568
87113652485

9

"Жайық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090109, Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы, Жайық ауылы, Жақсыгулов көшесі, 21

87113650049

10

"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090110, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылы, Жағалау көшесі, 5

87113650552

11

"Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090111, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, М. Абатов көшесі, 50

87113696700

12

"Қабыршақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090113, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Первомай ауылы, Чапаев көшесі, 27

87113650535
87113693112

13

"Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090114, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қараултөбе ауылы, Т. Масин көшесі, 8

87113647256
87113647148

14

"Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090115, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ж. Молдағалиев ауылы, Ж. Молдағалиев көшесі, 6

87113623322

15

"Мерген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090117, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Құрманғазы көшесі, 12

87113651120
87113681146

16

"Сарытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090112, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылы, Ленин көшесі, 14/3

87113652340
87113621345

17

"Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090119, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Ленин көшесі, 37

87113621712

18

"Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35

87113691387
87113691737
87113692391

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді
(рәсімдерді) орындаудың мерзімін
көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша
әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің)
кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


ҚФБ

ветеринариялық дәрiгер


Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау.
Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, талон беріледі.
Құжаттарды қарау, жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді рәсімдеу.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық ету шешiмi)

Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру


Орындау мерзiмдерi

1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
3) мемлекеттік қызметті ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) тұтынушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің
логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін схема

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысымен бекітілген

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Ақжайық ауданының селолық округ әкімдерінің аппараттарымен (бұдан әрі – уәкілетті орган), сонымен қатар баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің "Халыққа қызмет көрсету" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны "Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалының Ақжайық аудандық бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынылады.
      Шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді Мобильді орталықтары арқылы көрсетуге жол беріледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетiледi.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат көздері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурстары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсы: www.con.gov.kz; "электрондық үкіметтің" www.gov.kz веб-порталы, ресми ақпарат көздері уәкілетті органның және орталықтың ғимараттарында орналасқан стенділер.
      Орталықтың мекен-жайы: Индекс 090100, Батыс Қазақстан облысы,  Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Ақжайық тұйық көшесі, 2, телефон: 8(71136)92580, 92582.
      Уәкілетті органдардың мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) (қағаз жеткiзгiште), не мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейiнгi күтудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
      Орталықтарға өтініш берген кезде:
      1)мемлекеттiк қызметтi алушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алушы өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Жұмыс кестесі:
      1) Уәкілетті орган: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін ұсынады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) Орталық: мемлекеттік қызметті демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі. Қабылдау тездетілген қызмет көрсетусіз "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мобильді орталықтар Орталық бекіткен кестеге сәйкес, бір елді мекенде аптасына бір рет алты сағаттан кем емес уақытта құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жараүталады). Уәкілетті органдардың және орталықтың ғимараттары физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекетінің (өзара
іс-қимылының) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұранымды қабылдау нөмірі және күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
      4) мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе оның (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке өзі келген кезде беріледі.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет нәтижесі үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады:
      1) орталық инспекторы;
      2) уәкілетті органның қызметкері;
      3) уәкілетті органның бастығы.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттері (үдерістері) реттілігінің және өзара әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылған жағдайда лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік алады.

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органдардың мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090116, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Лбішін ауылы, Қонаев көшесі, 21

87113651351
87113694316
87113691006

2

"Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090101, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, Октябрьская көшесі, 27

87113651837
87113651850
87113651924

3

"Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090102, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, Е. Орақбаев көшесі, 70

87113693387
87113693300
87113693500

4

"Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090103, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Абылайхан көшесі, 54

87113621118
87113621832

5

"Базартөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090105, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылы, Ө. Қадырғалиев көшесі, 49

87113621212
87113625171

6

"Базаршолан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090106, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Жамбыл көшесі, 21

87113652620
87113621247
87113652505

7

"Бударин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090107, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударин ауылы, Чапаев көшесі, 11

87113697706
87113697776

8

"Есенсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090108, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24

87113622568
87113652485

9

"Жайық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090109, Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы, Жайық ауылы, Жақсыгулов көшесі, 21

87113650049

10

"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090110, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылы, Жағалау көшесі, 5

87113650552

11

"Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090111, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, М. Абатов көшесі, 50

87113696700

12

"Қабыршақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090113, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Первомай ауылы, Чапаев көшесі, 27

87113650535
87113693112

13

"Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090114, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қараултөбе ауылы, Т. Масин көшесі, 8

87113647256
87113647148

14

"Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090115, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ж. Молдағалиев ауылы, Ж. Молдағалиев көшесі, 6

87113623322

15

"Мерген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090117, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Құрманғазы көшесі, 12

87113651120
87113681146

16

"Сарытоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090112, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылы, Ленин көшесі, 14/3

87113652340
87113621345

17

"Тайпақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090119, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Ленин көшесі, 37

87113621712

18

"Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35

87113691387
87113691737
87113692391

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің
(үдерістің) орындалу мерзімін
көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің
әкімшілік іс-әрекеттері (үдерістері)
реттілігінің және өзара әрекеттестігінің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1
Орталық инспекторы

ҚФБ-2
Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ-3
Уәкілетті органның бастығы

№ 1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді

№ 1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді

№ 1 іс-әрекет

Қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның қызметкеріне жіберу

№ 2 іс-әрекет

Құжаттарды уәкілетті органға жібереді
 
 
 

№ 2 іс-әрекет

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның бастығына дайындау және жіберу

№ 3 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға уәкілетті органнан алынған анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді

№ 3 іс-әрекет

Орталыққа немесе мемлекеттік қызмет алушыға анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру

Орындау мерзімі:
уәкiлеттi органда мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
орталықта мемлекеттiк қызметтi алушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің
қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты бейнелейтін сызба

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады