Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 264 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 тамызда № 3338 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 293 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 293 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. С. Шиниязовқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Турегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады