Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 103 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 29 наурызда № 3225 болып тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы N 376 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 20.05.2013 N 376 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін:
      1) "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет регламенті.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Агелеуовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                А. Сафималиев

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын Бөрлі ауданының селолық округтерінің жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) ветеринариялық дәрiгерімен ұсынады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 464 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz, уәкілет органның үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
      Уәкілетті органдардың мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкілерін беру). Тұтынушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижелері бойынша айқындалған бланктің құнын төлейді.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Уәкілетті органның ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіндегі іс-қимылдар (өзара
іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген күні көрсетіледі.
      14. Тұтынушысының өтініші ветеринариялық дәрiгерiмен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі.
      15. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiк (бұдан әрi – ҚФБ) қатыстырылады: ветеринариялық дәрiгер.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органдардың мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090303, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылы, Абай көшесі, 36

8(71133)26782

2

"Ақсу селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090304, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсу селосы, Достық көшесі, 24

8(71133)26530

3

"Александров селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090305, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Александров селосы, Жамбыл көшесі

8(71133)24364

4

"Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090308, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі селосы, Чапаевская көшесі, 14/2

8(71133)25182

5

"Бумакөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090307, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бумакөл селосы, Линейная көшесі, 6

8(71133)50581

6

"Березов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090306, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов селосы, Тупиковая көшесі, 1

8(71133)23234

7

"Жарсуат селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090309, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жарсуат селосы, Ленин көшесі, 35

8(71133)23666

8

"Кеңтүбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090311, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек селосы, Совет көшесі, 61

8(71133)27010

9

"Қанай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090310, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қанай селосы, Ленин көшесі, 26

8(71133)25588

10

"Қарағанды селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090312, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кирово селосы, Больничная көшесі, 2

8(71133)24182

11

"Қарақұдық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090316, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Тихоновка селосы, Ленин көшесі, 34

8(71133)37687

12

"Қызылтал селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090313, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қызылтал селосы, Ақсай көшесі, 32

8(71133)7522

13

"Приурал селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090314, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Приурал селосы, Ленин көшесі, 33

8(71133)27532

14

"Пугачев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090315, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Пугачев селосы, Қазақстан көшесі, 18

8(71133)26180

15

"Успен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090317, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Успен ауылы, Советская көшесі, 11

8(71133)51036

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді
(рәсімдерді) орындаудың мерзімін
көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша
әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің)
кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


ҚФБ

ветеринариялық дәрiгер


Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, журналға тiркеу.
Құжаттарды қарау, ветеринариялық анықтаманы (қағаз тасымалдағышта) не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді рәсімдеу.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық ету шешiмi)

Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру


Орындау мерзiмдерi

1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) тұтынушыға ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің
логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін схема

 

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Бөрлі ауданының селолық округтерінің жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) ветеринариялық дәрiгерiмен көрсетiледi.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 464 қаулысының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz, уәкілетті органның үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.
      Уәкілетті органдардың мекен-жайлары осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
      1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
      2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
      3) мемлекеттік қызметті ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) тұтынушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады). Уәкілетті органның ғимаратына физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіндегі іс-қимылдар (өзара
іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
      13. Жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде, тұтынушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.
      14. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) жануар иесінің жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға, жануардың берілген бірдейлендіру нөмірі болмауы негіз болып табылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiк (бұдан әрi – ҚФБ) қатыстырылады: ветеринариялық дәрiгер.
      17. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1 қосымша

Уәкілетті органдардың мекен-жайлары

№ р/с

Атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

"Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090303, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылы, Абай көшесі, 36

8(71133)26782

2

"Ақсу селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090304, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсу селосы, Достық көшесі, 24

8(71133)26530

3

"Александров селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090305, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Александров селосы, Жамбыл көшесі

8(71133)24364

4

"Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090308, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі селосы, Чапаевская көшесі, 14/2

8(71133)25182

5

"Бумакөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090307, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бумакөл селосы, Линейная көшесі, 6

8(71133)50581

6

"Березов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090306, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов селосы, Тупиковая көшесі, 1

8(71133)23234

7

"Жарсуат селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090309, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жарсуат селосы, Ленин көшесі, 35

8(71133)23666

8

"Кеңтүбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090311, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек селосы, Совет көшесі, 61

8(71133)27010

9

"Қанай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090310, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қанай селосы, Ленин көшесі, 26

8(71133)25588

10

"Қарағанды селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090312, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Кирово селосы, Больничная көшесі, 2

8(71133)24182

11

"Қарақұдық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090316, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Тихоновка селосы, Ленин көшесі, 34

8(71133)37687

12

"Қызылтал селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090313, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қызылтал селосы, Ақсай көшесі, 32

8(71133)7522

13

"Приурал селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090314, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Приурал селосы, Ленин көшесі, 33

8(71133)27532

14

"Пугачев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090315, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Пугачев селосы, Қазақстан көшесі, 18

8(71133)26180

15

"Успен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Индекс 090317, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Успен ауылы, Советская көшесі, 11

8(71133)51036

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
2 қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді
(рәсімдерді) орындаудың мерзімін
көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша
әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің)
кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің
мәтіндік кестелік сипаттамасы

№ (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


ҚФБ

ветеринариялық дәрiгер


Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау.
Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін жүгінген кезде, тұтынушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, талон беріледі.
Құжаттарды қарау, жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді рәсімдеу.


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басшылық ету шешiмi)

Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру


Орындау мерзiмдерi

1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, жануар иесі жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
3) мемлекеттік қызметті ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) тұтынушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
3 қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің
логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады