Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 339 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 3369 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Саматовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Л. Хайретдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады