Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің Вышка қыстағы елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 сәуірде № 3257 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің әкімінің 10.02.2014 № 3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 56 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің Вышка қыстағы елді мекеніне бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша),Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Борсы ауылдық округі әкімі       Е. Қуанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Жәнібек
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығының м. а.
      _____________А. Телагисов
      14.03.2013 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Жәнібек ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Е. Куанышкалиев
      14.03.2013 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      "Жәнібек ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Н. Мұстаев
      14.03.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады