Зеленов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 122 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 11 наурызда № 3200 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 614 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 16.07.2015 № 614 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Кульжановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
М. Унгарбеков

      

  Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 122 қаулысына қосымша

Зеленов ауданы бойынша нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі

      1. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады