2013 жылы Сырым ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 12-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 3323 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 19-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 30.04.2014 № 19-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес, аудан әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сырым ауданының ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясының төрағасы             С. Кударов
      Аудандық мәслихат хатшысы        А. Галимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады