Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 20.05.2013 № 145 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Мусин
Аудан әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 5 сәуірдегі № 95
қаулысымен бекiтiлген
"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу
бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сәйкес жасалған.
2. "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде ауылдық округтің әкімі тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің "Халыққа қызмет көрсету" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" филиалының Тасқала ауданының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http://www.enbek.gov.kz, уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкімінің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналасқан.
Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5, электрондық пошта: taskala_sobes@mail.ru, телефондар: 8(71139)21552, 21982.
Ауылдық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Орталықтың мекен-жайы: Индекс 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Вокзальная көшесі, 6, телефоны: 8(71139)21979.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталуының нәтижесі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
уәкілетті органда – он жұмыс күні ішінде;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – он бес жұмыс күні ішінде;
орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін) – 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға көрсетуге жол берілетін ең көп уақыты – 30 минут.
9. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
10. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі күн сайын жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскi үзiлiссіз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз "электронды" кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет:
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында;
залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісіндегі іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11 тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
13. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:
уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
орталықта:
өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарда алу күні, уақыты және орны;
орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
14. Стандарттың 16 тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) ауылдық округ әкімі;
2) орталық инспекторы;
3) уәкілетті орган қызметкері;
4) уәкілетті орган басшысы.
16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3, 4 қосымшаларында берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу
бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет
регламентінің
1 қосымшасы
Тасқала ауданы бойынша ауылдық
округтер әкімі аппараттарының
тiзбесі
Р/с № |
Тасқала ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары |
Орналасқан мекен-жайы |
Байланыс деректерi |
1 |
"Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091001, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы, Ардагерлер көшесі, 10 |
8(71139)29517 |
2 |
"Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091007, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Амангелді ауылы, В. Ленин көшесі, 5 |
8(71139)23705 |
3 |
"Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091006, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Достық ауылы, Б. Сапашев көшесі, 6 |
8(71139)24268 |
4 |
"Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091002, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Атамекен ауылы, Жеңіс көшесі, 11 |
8(71139)25320 |
5 |
"Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091005, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Оян ауылы, Н. Сәрсенбаев көшесі, 11 |
8(71139)29214 |
6 |
"Мерей ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091003, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Мерей ауылы, Абай көшесі, 6 |
8(71139)29693 |
7 |
"Мереке ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091004, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Мереке ауылы, С. Ақжігітов көшесі |
8(71139)50037 |
8 |
"Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091001, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 20 |
8(71139)21130 |
9 |
"Шежін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Индекс 091008, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін-2 ауылы, Юбилейная көшесі |
8(71139)23366 |
"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу
бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет
регламентінің
2 қосымшасы
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің)
орындау мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің
(рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі
мен реттілігінің мәтіндік кестелік
сипаттамасы
№ іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны) |
|||
ҚФБ-1 |
ҚФБ-2 |
ҚФБ-3 |
ҚФБ-4 |
№ 1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді |
№ 1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді |
№ 1 іс-әрекет Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді |
№ 1 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу |
№ 2 іс-әрекет Құжаттарды уәкілетті органға жібереді |
№ 2 іс-әрекет Құжаттарды уәкілетті органға жібереді |
№ 2 іс-әрекет Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына қол қоюға жіберу және дайындау |
|
№ 3 іс-әрекет Тұтынушыға уәкілетті органнан алынған хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді |
№ 3 іс-әрекет Тұтынушыға уәкілетті органнан алынған хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді |
№ 3 іс-әрекет Орталыққа, ауылдық округ әкіміне жіберу, тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру |
|
Орындау мерзімі: |
"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу
бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет
регламентінің
3 қосымшасы
Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба
Уәкілетті орган мен ауылдық округ әкіміне жолыққанда
"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу
бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік қызмет
регламентінің
4 қосымшасы
Мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде әкімшілік әрекеттердің
логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты көрсететін сызба
Орталыққа жолыққанда