Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 42 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 наурызда № 3196 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 104 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 24.06.2013 № 104 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Шыңғырлау ауданының аумағында № 3 Ащысай, № 8 Утва және № 10 Орталық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттың орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ащысай және Шыңғырлау селолық округінің әкімдеріне үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Халелов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шыңғырлау аудандық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      _____________ Е. Р. Тұрмағамбетов
      14.02.2013 ж.

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
14 ақпандағы № 42 қаулысына
қосымша

Шыңғырлау ауданының аумағында № 3 Ащысай,
№ 8 Утва және № 10 Орталық сайлау округтері
бойынша шығып қалған депутаттың орнына
аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық
кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Селолық округ атауы

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Шыңғырлау

Шыңғырлау

Мәдениет үйі ауданындағы стенді

"Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ауданындағы стенді

"Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ауданындағы стенді

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының ауданындағы стенді

Ащысай

Ащысай

Мәдениет үйі ауданындағы стенді

Талдысай

Селолық кітапхана ауданындағы стенді

Жінішке

Селолық кітапхана ауданындағы стенді

Амангельды

Селолық мәдениет клубы ауданындағы стенді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады