Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 145 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 тамызда № 3336 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 04.08.2016 № 98 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаларға белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А. Есалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады