"Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 3/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9145 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-р өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелді, 2013 жылғы 17 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Аумақтық ережелерде оларды әзірлеген кезде елді мекендер аумағының, құрылыс салудың, оларда мәдени, тарихи сәулет-қала құрылысы мұрасын және табиғи ландшафтын сақтаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеру туралы талаптар болуға тиіс.».
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады