Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 52-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 наурызда № 9195 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.02.2015 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014–2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларының 25-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысаны бекітілсін.
      2. Әлеуметтік көмек департаменті:
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2014 жылғы 25 ақпандағы   
№ 52-Ө бұйрығымен     
бекітілген         

Нысан

Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшарты

_______________                № ____      20 __ жыл «____» _________
(жасалған орны)

      Бұдан әрі «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
деп аталатын _________________________________________________ атынан
                      (уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) уәкілетті өкілдің лауазымы)

бір тараптан және бұдан әрі «қатысушы (қатысушылар)» деп аталатын
«Өрлеу» жобасына қатысушы (қатысушылар) отбасы атынан азамат ________
____________________________________________________________________,
  (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын
  құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
____________________________ мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан
«Өрлеу» жобасына қатысуға отбасының белсенділігін арттырудың осы
әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі – келісімшарт) төмендегілер
туралы жасасты:

1. Келісімшарт мәні

      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қатысушы (қатысушылар) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) қатысушыға (қатысушыларға) отбасының еңбекке қабілетті
мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан
жағдайда отбасының _____ мүшесіне:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
______________________ бастап _____________________ қоса алған
кезеңге ай сайын _________ (_____________________) теңге мөлшерінде
ақшалай көмек                 (сомасы жазбаша) төлеуге;
      2) әлеуметтік бейімдеу бойынша мынадай іс-шараларды ұсынуға
(отбасы мүшелерін (адамды), еңбекке қабілетті мүшелерін қоса алғанда,
әлеуметтік бейімдеу қажет болған жағдайда):
___________________ _________________________________________________
(отбасы мүшелері)   _________________________________________________
                    ________________________________________________;
                 (әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың нақты
                  тізбесі, көлемі және оларды ұсыну мерзімдері)
      3) отбасының кәмелетке толған еңбекке қабілетті мүшелерін
(адамдарды) жұмыспен қамту орталығына жіберуге немесе жергілікті
бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беруге:
___________________ _________________________________________________
(отбасы мүшелері)   _________________________________________________
                    ________________________________________________;
                (әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың нақты
                 тізбесі, көлемі және оларды ұсыну мерзімдері)
      4) келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде отбасын (адамды) сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
      5) келісімшартта көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға;
      6) қатысушының (қатысушылардың) келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерді орындауына (өзі немесе ассистенттерді тарта отырып) тоқсан сайын мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
      3. Қатысушы (қатысушылар):
      1) келісімшарттың талаптарын толық көлемде орындауға және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдауға;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
      4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шартты ақшалай көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін міндеттемелер туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдаяттар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
      5) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлауға;
      6) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кенттің әкімімен, келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын ассистентпен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент әкімімен келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасауға, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынуға міндетті.

3. Тараптардың құқықтары

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші тұлғалардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша ақпараттар сұратуға;
      2) отбасының (адамның) материалдық жағдайын тексеруге;
      3) алынған ақпаратты шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдалануға;
      4) егер отбасы (адам) келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатуға;
      6) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
      5) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешуге құқылы.
      5. Қатысушы (қатысушылар):
      1) келісімшартта көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алуға;
      2) келісімшарттың уақтылы және тиісті орындалуын талап етуге;
      3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты шартты ақшалай көмекті қайта есептеуді талап етуге;
      4) келісімшарт іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алуға құқылы.

4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың
жауапкершілігі

      6. Қатысушы (қатысушылар) шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап форс-мажорлық жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.
      12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
      13. Егер мән-жайлардың туындауына байланысты тараптар осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы _______ (кезеңді көрсету) асып кетсе, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Өзге де шарттар

      14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 ____ жылды қоса алғанға дейін қолданылады.
      16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (адам) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзуы мүмкін.
      17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

7. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қатысушы (қатысушылар)

_________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_________________________________
(мекенжайы)
_________________________________
(телефон, факс)
_________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________________________
(қолы)

Мөрдің орны

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
(мекенжайы)
_____________________________
(телефон, факс)
_____________________________қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады