"Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 наурызда № 9196 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 942 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.11.2015 № 942 бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйекте № 297-298, 299-300 «Казахстанская правда» және № 582-587, 592-596 «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы алғашқы оқытудан өту қағидалары мен талаптарында (бұдан әрі – Қағидалар):
      Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ. Әубәкіровке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі                  В. Божко

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы 
№ 35 бұйрығына қосымша 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдары қызметкерлерінің арнайы
бастапқы оқытудан өтудің 
қағидасы мен шарттарына 
7-қосымша        

Өрт сөндірушілерді курстық оқыту бағдарламасы

Оқу және тақырыптық жоспар (үлгі)


р/с

Пәннің атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практика

Сынақ

Емтихан

1.

Әлеуметтік-құқықтық дайындық.

4

4




2.

Өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

17

7

8

2


3.

Өрт-профилактикалық дайындық.

11

9


2


4.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру тактикасы. Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметі

99

59

32

2

6

5.

Өрт сөндіру-техникалық дайындық. Газ-түтіннен қорғау қызметі.

78

33

39


6

6.

Саптық және өрт сөндіру-құтқару дайындығы.

41

2

35

4


7.

Медициналық-психологиялық дайындық

16

6

8

2


ЖИЫНЫ:

266

120

122

12

12

1. Әлеуметтік-құқықтық дайындық


р/с

Сабақ тақырыбының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары бойынша

4

4


2. Өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру
Еңбек қауіпсіздігі және күзеті

      «Өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Еңбек қауіпсіздігі және күзеті» пәнінің мақсаты тыңдаушылардың өрт сөндіру бөлімдерінің қызметтік жұмысын зерделеуі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызметті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі мен күзетін ұйымдастыру мәселелерін зерделеу болып табылады.
      Пәнді зерделеу нәтижесінде тыңдаушылар: МӨҚО негізгі міндеттерін, қарауыл және гарнизоны қызметінің міндеттері мен оны ұйымдастыру, қызмет жарғысының негізгі ережелері мен талаптарын. Қауіпсіздік техникасының қағидасы. МӨҚО қызмет өткеру тәртібі.


рс

Сабақтар тақырыбының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметті ұйымдастыру. Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және оның міндеттері.

1

1


2

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2

2


3

Өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл қызметін ұйымдастыру. Өртке қарсы қызмет жарғысы.

3

2

1

4

МӨҚО қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі – ТҚ) мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. МӨҚО-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларының жалпы талаптары.

2

2


5

Қызметтік үй-жайлар мен ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік техникасының талаптары.

1


1

6

Өрт сөндіру техникасына, өрт-техникалық жарақтарына, жабдықтарға, жауынгерлік киімге, жараққа қойылатын талаптар және қауіпсіздік шаралары.

1


1

7

Қызмет өткеру және өртті сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары.

1


1

8

Қол өрт сөндіру сатыларымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы

1


1

9

Өрт сөндіру жеңдерін салу, жинау, қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

1


1

10

Құрылыс конструкцияларын ашу, механикаландырылған қол аспаптарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы

1


1

11

Адамдарды құтқару және өзін-өзі құтқару кезіндегі қауіпсіздік техникасы

СЫНАҚ.

1

2


1

ЖИЫНЫ:

17

7

8

      1-тақырып. Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметті ұйымдастыру. Өртке қарсы қызметтің даму тарихы және оның міндеттері.
      Өртке қарсы қызмет мәні және міндеттері. Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметтің қалыптасуы және дамуы. Өртке қарсы қызметтің жауынгерлік дәстүрлері – ерлік, қайсарлық.
      Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызмет жұмысын регламенттейтін негізгі құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының ант беруі.
      Өртке қарсы қызметтің жеке құрамы сөндірген ең өнегелі өрт сөндіру. Өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарындағы (бұдан әрі – АҚЖ) қайсар жұмысы үшін марапаттаулар және көтермелеулер. Алматы өрт сөндірушілерінің ерлігі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      2-тақырып. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. МӨҚҚО жинақтау және қызмет өткеру тәртібі. Жеке құрамның міндеттері, жеңілдіктер, заттай және ақшалай қамтамасыз ету. Қызметтік-әскери тәртіптің мәні мен МӨҚҚО қызметкерлері үшін оның маңызы. Көтермелеудің, тәртіптік жазалардың түрлері, оларды қолдану тәртібі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      3-тақырып. Өрт сөндіру бөлімдері қарауылдарының қызметін ұйымдастыру. Мемлекеттік өртке қарсы органдарының қызмет жарғысы.
      Өрт сөндіру бөлімдеріндегі қарауыл қызметінің мақсаты мен міндеттері. Қарауылдың лауазымды тұлғалары. Құжаттама. Кезекші қарауылдардың қызмет өткеруін бақылау. Өртке қарсы қызметтің гарнизон қызметі туралы түсінік. Гарнизон қызметін ұйымдастыру және оның міндеті. Өрттер мен АҚЖ күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібі
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      4-тақырып. МӨҚҚ бөлімшелерінде қауіпсіздік техникасын және еңбек күзетін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру.
      Еңбек заңнамасы. МӨҚҚО қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесі бойынша нормативтік құжаттар.
      Сабақта, өрт сөндіру және АҚЖ (алдын алу, сақтандыру, арнайы құрылғылар, ескерту белгілері мен жазулар, белгі түстері мен қауіпсіздік белгілері, жеке қорғану құралдары) жүргізу кезінде жарақаттанудың алдын алудың негізгі құралдары мен тәсілдері.
      Өрт қауіпсіздігі талаптары мен еңбекті қорғау ережесін сақтау үшін жауаптылық. ҚТ беру, оқыту және насихаттау. МСТ және еңбек қауіпсіздігі стандартты жүйесінің талаптары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      5-тақырып. Қызметтік орынжайлар мен құрылыстарға қойылатын ТҚ талаптары.
      Өрт сөндіру депосының ғимаратын орналастыру. Өрт сөндіру бөлімдері орынжайлары мен аумақтарын ұстау талаптары. Қарауыл орынжайына, гаражға, өрт сөндіру автомобилдерінің техникалық қызмет көрсету бекетіне, бөлімнің байланыс пункттеріне (бұдан әрі – ББП), өрт байланысының орталық пункті (бұдан әрі – ӨБОП) ТҚ қағидаларының талаптары.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      6-тақырып. Өрт сөндіру техникасына, өрт сөндіру-техникалық жараққа (бұдан әрі – ӨТЖ), жабдыққа, жауынгерлік киімге, жараққа және қауіпсіздік шараларына қойылатын талаптар.
      ӨТЖ мен жабдығының түрі, мерзімділігі, негізгі қызмет көрсету және сынау операцияларының тізбелері. Өрт автомобилдері мен мотопомпаларына, автосатылар мен иінді көтергіштерге қойылатын талаптар.
      Өрт сөндіру автомобилдеріне ТҚ кезіндегі қауіпсіздік шаралары, диагностикалау және т.б. Көтергіш тетіктеріне, компрессорларға, өрт сөндіретін қол сатыларға, жауынгерлік және қорғау киіміне, жараққа, құтқару арқанына, өрт сөндіру аспабына (керек-жарағы) қауіпсіздік шаралары. ӨТЖ, жабдықпен және өрт сөндіру аспабымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      7-тақырып. Қызмет өткеру және өрт сөндіру кезіндегі ҚТ талаптары.
      Қызмет өткеру, өрт сөндіруге АҚЖ жүргізуге жиналу, шығу, бару кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларының талаптары, бөлімге қайта оралған кезде, барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіру кезінде, автомобилге жанар жағар май (бұдан әрі – ЖЖМ), көбік түзгіш құю кезінде, өрт сөндіру-тактикалық сабақтар (бұдан әрі – ӨТС), өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығу (бұдан әрі – ӨТЖ) жүргізу кезіне сабақ өткізу.
      ТҚ бойынша шолулардан үлгілер.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      8-тақырып. Өрт сөндіретін қол сатылармен жұмыс істеу кезіндегі ҚТ.
      Таяқ сатыны өрт сөндіру автомобилінен алу, оны тасымалдау, онымен көтеру және сатыны автомобилге төсеу кезіндегі ҚТ қағидаларының талаптары. Өрт сөндіру автомобилінен шабуыл сатысын алу, орнату орнына тасымалдау және ғимараттардың жоғары қабаттарына көтеру. Жылжымалы үш иінді сатымен көтеру, алу, тасымалдау, орнату. Аралас көтеру әдісі.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      9-тақырып. Өрт сөндіру жеңдерін төсеу, жинау, қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі ҚТ.
      Жиырмалы орауыштан, артқы жең орауышынан және жең автомобилінен жең желілерін төсеу кезінде қауіпсіздік талаптары, артқы жең орауыштарын шешу, жеңдерді жинау, кедергілер арқылы жең желісін төсеу (қоршау, шұңқыр, теміржол және т.б.). Жең желісін құтқару жібінің көмегімен стационарлы және өрт сатысы бойынша биіктікке көтеру және түсіру. Жең желісін жасанды түрде ұзарту, зақымданған жеңдерді ауыстыру, жеңдерді жең қысқыштармен уақытша жөндеу.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      10-тақырып. Құрылыс құрылымдарын ашу, механикаландырылған қол аспабымен жұмыс істеу кезіндегі ҚТ.
      Жоғары қабаттарда, қысқы уақытта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Көп қабатты және шатыр жабындарының шатырын, едендерін, есіктер мен терезелерді ашу бойынша жұмыстарды қауіпсіз орындау. Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс кезінде ҚТ талаптар.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      11-тақырып. Адамдарды құтқару және өзін-өзі құтқару кезіндегі ҚТ.
      Құтқару арқандарын сынау және оларға қойылатын талаптар, құтқару құрылғылары мен оларды пайдалану қағидасы, құтқару жіптерін құрылымдарға бекіту, құтқару ілмектерінің орамы, өзін-өзі құтқару, зардап шегушіні құтқару.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.

3. Өрттің алдын алу дайындығы

      «Өрттің алдын алу дайындығы» пәнін оқытудағы мақсат мыналар болып табылады: тыңдаушыларды өрттің алдын алу міндеттерімен, іс-шараларымен, құрылыс материалдарының сипаттамасымен және қасиеттерімен және олардың өрт қауіптілігімен таныстыру. Пәнді оқу кезінде тыңдаушылар ғимараттардың негізгі элементтері, отқа төзімділік шегі және жалынның құрылыс құрылымдары арқылы таралуы туралы қажетті теориялық білім алуы қажет. Өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі ережелерімен танысу қажет.

№ р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Өрттің алдын алу міндеттері.

1

1


2

Құрылыс материалдары мен оның жануы. Ғимараттар мен құрылыстар туралы жалпы мәліметтер. Ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарының өрт кезіндегі жағдайы.

1

1


3

Жылу беру және желдету жүйелерін орнату және пайдалану кезінде өрттің алдын алу.

1

1


4

Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. Дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.

1

1


5

Электр желілері мен электрлік жылыту аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары.

1

1


6

Тұрғын үй ғимараттары мен биік қабатты ғимараттарға қойылатын өртке қарсы талаптар.

1

1


7

Балабақшалар мен емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар.

1

1


8

Ойын-сауық мекемелері мен кино көрсету орындарына қойылатын өртке қарсы талаптар.

1

1


9

Сауда объектілеріне, базаларға және жалпы мақсаттағы қоймаларға қойылатын өртке қарсы талаптар.
СЫНАҚ.

1

2

1



ЖИЫНЫ:

11

9


      1-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттар.
      Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі қағидасын регламенттейтін негізгі құжаттар. Өрттен қорғауды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары туралы түсінік; құрылымдар мен ғимараттардың отқа төзімділігі, өртке қарсы далдалар, ғимараттарды жарылыстан және түтіннен қорғау, өртте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эвакуациялау жолдары.
      Құрылыс материалдары мен жану дәрежесі бойынша оның сипаты. Құрылыс материалдарының жіктелуі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      2-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстар туралы жалпы мәліметтер. Ғимараттар мен құрылыстар құрылымдарының өрт кезіндегі жағдайы
      Соңғы үлгідегі құрылыс түрлері мен ерекшеліктері. Ғимараттарды мақсаты, құрылымдық сызбалары, отқа төзімділік дәрежесі бойынша жіктеу.
      Отқа төзімділік шегі мен оттың құрылыс құрылымдары бойынша таралу шегі туралы түсінік. Ғимараттардың құрылымдық ерекшеліктері.
      Ғимараттардың негізгі элементтері және оларды өрт кезінде пайдалану. Қабырғалар мен далдалар, мақсаты, жіктелуі және түрлері. Далдалар, мақсаты, жіктелуі. Жабындар, мақсаты мен жіктелуі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      3-тақырып. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату және пайдалану кезінде өрттің алдын алу.
      Жылу беру жүйелерінің мақсаты мен түрлері. Жіктелуі, өрт қауіптілігі, өрттің туындау себептері. Жылу беру жүйелерін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидасы. Желдету, мақсаты мен түрі.
      Өрт шығу қауіптілігі, туындаған өрттің өршу әсері, түтіндеу мүмкіндігі, өрттің шығу себептері. Желдету жүйелерін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      4-тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. Дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.
      Өнеркәсіптік кәсіпорындарда болған өрттердің негізгі себептері. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың міндеттері.
      Отпен байланысты жұмыстардың түрлері мен олардың өрт қауіптілігі. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      5-тақырып. Электр желілері мен электрлік жылыту аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
      Электр тогы туралы жалпы мәліметтер. Электр тогынан болатын негізгі өрт шығу қаупі бар құбылыстардың қысқаша талдауы. Өрттердің себептері. Өндірістік және тұрмыстық электрлік жылу беру аспаптарының түрлері, олардың өрт қауіптілігі мен пайдалану кезіндегі өртке қарсы режим.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      6-тақырып. Тұрғын үй ғимараттары мен биік қабатты ғимараттарға қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Тұрғын үй ғимараттарындағы өрттерді талдау және оның себептері. Тұрғын үйлердің өрт қауіптілігінің сипаты: жанғыш құрылымдардың болуы, жанғыш материалдардың көп мөлшерде болуы, күрделі ішкі жобалау, шатыр, жертөле және шаруашылық орынжайлардың болуы.
      Тұрғын үй орынжайларын, жертөлелерді пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптар. Биік қабатты ғимараттарды өрттен қорғау ерекшеліктері.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      7-тақырып. Балабақшалар мен емдеу мекемелеріне қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Мектепке дейінгі, оқу орындары. Өрттердің себептері, балаларды көшіру ерекшеліктері. Өртке қарсы режим. Өрт қауіпсіздігі шаралары.
      Емдеу және емдеу-алдын алу мекемелері. Емдеу мекемелерінің өрт қауіптілік ерекшеліктері: рентген үлдірінің, оттекті баллондардың, дәрі-дәрмектердің болуы. Өртке қарсы талаптар.
      Өрт және ТЖ кезінде көшіру.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      8-тақырып. Ойын-сауық мекемелері мен кино көрсету орындарына қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Ойын-сауық мекемелерінің өрт қауіптілік ерекшеліктері мен түрлері. Болған өрттер бойынша мысалдар. Көрермендерді қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      9-тақырып. Сауда объектілеріне, базаларға және жалпы мақсаттағы қоймаларға қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Сауда кәсіпорындарының өрт қауіптілігі: әр түрлі жанғыш материалдардың, азық-түлік, өнеркәсіптік және шаруашылық тауарлардың едәуір санының болуы. Өрттің себептері. Өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

4. Өрт сөндіру-тактикалық дайындық
Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметі

      Тыңдаушыларды негізгі жұмыстарды жүргізуге – өрт сөндіру, өрт сөндірумен байланысты АҚЖ жүргізу кезінде бөлімшелер мен қарауыл құрамында жауынгерлік іс-әрекетті жүргізу «Өрт сөндіру-тактикалық дайындық. Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметі » пәнін оқыту мақсаты болып табылады.
      Тыңдаушылар:
      өрт сөндіру және өртті сөндірумен байланысты АҚЖ жүргізу тактикасының негізгі талаптары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысы талаптарын;
      бөлімшенің автоцистернадағы тактикалық мүмкіндіктерін; өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдары мен жеке құрамның өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезіндегі міндеттерін;
      азаматтық қорғаныс және Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметінің (бұдан әрі – АҚ ӨҚҚ) міндеттерін, жеке құрамды жаппай зақымдану қаруынан қорғау тәсілдерін;
      радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптарымен жұмыс істеу қағидасын.
      Теориялық материалмен танысу базасы өрт техникасымен және қажетті оқу және көрнекі материалдары бар, сондай-ақ соңғы үлгідегі оқыту құралдары бар азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметімен жабдықталған кабинет болуы қажет.
      Практикалық сабақ шынайы көрініске жақын жағдай қалыптастырылатын тиісті объектілерде, оқу полигондарында, алаңдарында жүргізіледі. Практикалық сабақты жүргізу барысында тыңдаушылардың назарын өртті барлау кезіндегі іс-қимылдарға аудару қажет;
      өртте адамдарды құтқаруға дағдылану;
      өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде жұмыс істеу;
      құрылымдарды ашу және талдау;
      мүлікті қорғау және көшіру;
      өрт сөндірушінің өртті жойғаннан кейінгі іс-қимылдары.
      Күрделі және ірі өрттерді сөндіру, төтенше жағдайларды жою мысалдары.

№ р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Өрт тактикасы және оның міндеттері

1

1


2

Жану үрдісі, жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер

2

2


3

Өртте жанудың алдын алу тәсілдері, өрт сөндіргіш заттар.

3

1

2

4

Өрт сөндіру бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері.

2

2


5

Шақыруларды өңдеу. Шақыру орнына (өртке) шығу және бару. Өртке шығу және бару кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

1

1


6

Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылы.

2

1

1

7

Адамдар мен мүлікті құтқару. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезінде өрт сөндірушінің әрекеттері.

2

2


8

Жауынгерлік қанат жаю. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері

2

1

1

9

Өрт сөндіру. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері.

3

1

2

10

Арнайы, авариялық-құтқару және өртті сөндірумен байланысты басқа да шұғыл жұмыстарды орындау

2

1

1

11

Өрт сөндірушінің өртті жойғаннан кейін және бөлімге оралу кезіндегі әрекеттері

1

1


12

Өртте күштер мен құралдарды басқару

2

2


13

Әр түрлі шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт сөндіру ерекшеліктері

12

6

6

14

АҚ ӨҚҚ міндеттері және оны ұйымдастыру

1

1


15

Соңғы үлгідегі іс-қимыл жасау жарағы және оның негізгі ықпал ету факторлары және оның өрт жағдайына әсер етуі

2

2


16

АҚ белгісі бойынша АҚ ӨҚҚ жеке құрамының әрекеті

1

1


17

Жеке құрамды жеке қорғау құралдары

1

1


18

Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары.

2

1

1

19

Жаппай өртпен күресу кезінде және жергілікті жердің радиоактивті зақымдану жағдайында АҚ ӨҚҚ бөлімшелерінің іс-қимыл жасау ерекшеліктері

1

1


20

Өрттерді сөндірумен байланысты АҚЖ жүргізу кезінде МӨҚҚ бөлімшелеріне жүктелетін жалпы міндеттер

2

1

1

21

Авариялардың, апаттардың түрлері. Бірінші кезектегі АҚЖ жүргізу кезіндегі негізгі іс-әрекеттер.

2

2


22

Қазіргі уақытқа аса жақын төтенше жағдайлар

2

2


23

Қысқы кезеңге тән төтенше жағдайлар

3

2

1

24

Көктемгі кезеңге тән төтенше жағдайлар

3

2

1

25

Авариялық-құтқару құралы мен жабдығы. Пайдалану. Құралмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шарлары.

4

2

2

26

Қираған ғимараттар мен құрылыстарға авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

3

1

2

27

Тұрақсыз конструкцияларды нығайту және оның қирауы. Қирағандарды арқандау және көтеру.

4

2

2

28

Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен күзеті.

2

2


29

Уландыратын химиялық заттардың сипаты.

1

1


30

Химиялық зақымдану аймақтарында барлау жүргізу.

1

1


31

Химиялық зақымдану аймағынан құтқару, эвакуациялау, медициналық көмек көрсету.

2

1

1

32

Зақымдану көздерін оқшаулау және зарарсыздандыру технологиясы

2

1

1

33

Химиялық қауіпті объектілердегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі жеке құрамның техникалық қорғау құралдары

2

1

1

34

Техниканы, жабдық пен құралды санитарлық өңдеу және газсыздандыру.

1


1

35

Химиялық қауіпті объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті

2

2


36

Жол-көлік оқиғаларының сипаты. Автомобильдердің соқтығысу кинематикасы

1

1


37

Автомобильдерден құтқарудың базалық әдістері

2

1

1

38

Автомобильдердің соқтығысуы, аударылуы және соғуы кезінде зардап шеккендерді құтқару

3

1

2

39

Темір жол және авиакөлікте төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

3

2

1

40

Көліктік авариялар мен оқиғалар салдарын жою кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті

1

1


41

Құдықтарда, сыйымдылықтарды құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік шаралары

2

1

1

42

СЫНАҚ

2



43

ЕМТИХАН

6



ЖИЫНЫ:

99

59

32

      1-тақырып. Өрт тактикасы және оның міндеттері
      Өрт тактикасы туралы жалпы түсінік және оның міндеттері. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы - өрт тактикасының негізі.
      Өртті жою кезіндегі өртке қарсы қызмет жеке құрамының негізгі жауынгерлік міндеттері.
      Өртте негізгі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде өрт сөндірушілердің рөлі мен жалпы міндеттері.
      Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимыл түрлері: шақыруларды өңдеу, шақыру (өрт) шығу және бару, барлау, құтқару, адамдар мен мүлікті көшіру, жауынгерлік қанат жаю, жануды жою, арнайы, авариялық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды орындау, жиналу және бөлімшеге оралу.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      2-тақырып. Жану үрдісі, жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер.
      Жану үрдісі туралы жалпы түсінік. Жануға қажетті жағдайлар (жанғыш заттар, тотық, тұтану көзі) және оны тоқтату.
      Жану өнімдері. Жанғыш заттар мен оның қысқаша сипаттамасы. Толықтай және ішінара жану. Жалындап жанатын және жалынмен жанбайтын заттар. Едеуір таралған жанғыш заттардың жану сипаты туралы қысқаша мәліметтер.
      Жану өнімдері, олардың уыттылығы, қоршаған ортаға жылу беру шарттары.
      Өрт туралы жалпы түсінік және өртте болған құбылыстардың қысқаша сипаттамасы. Өрттің таралуы туралы түсінік, өрттің таралуына және жануды жою кезінде жауынгерлік іс-қимыл жасауға кедергі келтіретін факторлар туралы негізгі мәліметтер: жанғыш заттардың түрі, қасиеті, агрегаттық жай-күйі мен саны, оларды орналастыру тәсілдері, жану жылдамдығы мен сипаты, жылу бөлу және беру.
      Ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жобалау ерекшеліктері, ғимараттар мен ашық алаңдарда, полимер жабынды жеңіл металл құрылымдарында жалынның таралу жолдары мен жылдамдығы, жарылу және өртте өзге құбылыстардың болуы, құрылымдардың өзгеруі және олардың бұзылуы.
      Өрттің өршуіне әсер ететін жыл мезгілі, метеорологиялық жағдайлар мен басқа да факторлар. Ненің жанып жатқанын ішкі белгілері бойынша анықтау.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      3-тақырып. Өртте жанудың алдын алу тәсілдері, өрт сөндіргіш заттар.
      Әр түрлі әдістермен жануды тоқтату шарттары мен тетігі. Негізгі өрт сөндіргіш құралдары туралы жіктеу және жалпы мәліметтер. Негізгі өрт сөндіргіш зат ретінде судың оң және теріс қасиеттері. Өрт сөндіргіш құралдардың берілу қарқындылығы туралы түсінік.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      4-тақырып. Өрт сөндіру бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері.
      Өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары. Бөлімше – алғашқы тактикалық бөлімше. Қарауыл – негізгі тактикалық бөлімше. Қарауылда бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасауы.
      Өрт сөндіру және АҚЖ жүргізу кезінде жауынгерлік есептің нөмірлерін өзара ауыстыру. Негізгі және арнайы өрт сөндіру машиналарында бөлімшелердің мақсаты мен жауынгерлік қолданылуы және өртте және дербес жұмыс істеу кезінде және басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі тактикалық мүмкіндіктері.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      5-тақырып. Шақыруларды өңдеу. Шақыру орнына (өртке) шығу және бару. Өртке шығу және бару кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.
      Шақыртуды өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртке қысқа мерзімде келуін қамтамасыз ету жағдайы ретінде өңдеу. Өртке қарсы қызметтің жауынгерлік жарғы талаптарының шақыру (өрт) орнына шығу және бару уақыты. Өрт сөндірушінің шақыру (өрт) орнына шығу және бару орнына жүру кезіндегі міндеттері. Шақыру (өрт) орнына шығу және бару кезіндегі ҚТ.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      6-тақырып. Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылы.
      Өртті барлау туралы жалпы түсінік, оның мақсаттары мен міндеттері. Барлау құрамы.
      Байланысты ұйымдастыру.Түтінденген орынжайларда қозғалу.
      Есіктерді жанып жатқан орынжайда ашу қағидасы.
      Барлау жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Өрт сөндірушінің барлау жүргізу бойынша іс-қимылдары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      7-тақырып. Адамдар мен мүлікті құтқару. Адамдарды құтқару және мүлікті эвакуациялау кезінде өрт сөндірушінің әрекеттері.
      Өрт кезінде адамдарға зақымдаушы әсер ететін факторлар. Құтқару жолдары мен тәсілдері. Адамдарды құтқару жолдары мен тәсілдерін анықтау.
      Ішкі, тұрақты, өрт сөндіретін қол сатыларын, құтқару арқандарын, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын, авто сатыларды және т.б. пайдалану.
      Адамдарды эвакуациялау қағидасы. Мүлікті, материалдар мен жабдықты эвакуациялау қағидасы. Эвакуациялау жолдарын анықтау.
      Эвакуациялауға жағдай жасау үшін құрылымдарды, мүлікті жинау орындарын ашу және оны қорғау тәртібі. Жедел жәрдем шақыру және дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету. Адамдарды құтқару және мүлікті эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      8-тақырып. Жауынгерлік қанат жаю. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері.
      Өртте бөлімшелердің жауынгерлік қанат жаюы туралы түсінік. Жауынгерлік қанат жаюға қойылатын негізгі талаптар. Жауынгерлік қанат жаю кезеңдері: қанат жаюға дайындық, алдын ала қанат жаю, толық қанат жаю.
      Қанат жаюдың барлық кезеңдерінде жауынгерлік есептің әрбір нөмірінің әрекеттері. Өртте жең желілерін төсеу жолдарын таңдау. Жең запасын құру.
      Тарамдау қондырғылары, өрт сатылары және өзге де өрт сөндіру жабдығы орындарын өрттегі жағдайға байланысты таңдау.
      Оқпаншылардың шептерді, жолдарды және оларға жету тәсілдерін анықтауы.
      Жоғары қабатқа су беру және температура төмен болғанда қысқы жағдайларда өрт сөндіру кезінде жауынгерлік қанат жаю ерекшеліктері.
      Өрт сөндіру, түтін шығару, құрылымдарды бөлшектеу кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдар.
      Жауынгерлік қанат жаю, оқпанмен жұмыс істеу, құрылымдарды бөлшектеу кезінде ҚТ қағидаларын сақтау.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      9-тақырып. Өрт сөндіру. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері.
      Өрт сөндіру өртен қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртті жоюға және олардан болатын зардаптарды азайтуға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдардың негізгі түрі болып табылады.
      Өрттегі жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты. Өрт сөндіру кезеңдері: өртті жою, шектеу, осы аралықта орындалатын жауынгерлік іс-қимыл сипаты. Өрт сөндірудегі бірінші оқпанның рөлі. Бірінші келген бөлімшелердің күштер мен құралдары жетіспегенде және олар жеткіліксіз болған жағдайларда жауынгерлік әрекеттердің ерекшеліктері.
      Өртте жауынгерлік шепті белгілеу, өрт сөндіргіш құралдарын жеткізу тәртібі және олармен жұмыс істеу. Су ағысының бағыты, оқпанмен маневр жасау. Өртену қаупі бар (көтергіш қабілетін жоғалту) жеке құрылыстар мен материалдарды (қондырғыларды), шектес орынжайларды, жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды қорғау. Шашыратушы оқпанмен жұмыс істеу. ГПС-600 оқпанымен жұмыс істеу. Жертөлелерге, жабындылар мен қалқаларға ЖЖС мен ЖС жанып жатқан бетіне көбікті жеткізу. Лафетті оқпанмен жұмыс істеу. Сатылардан шатырда, ғимараттардың қабаттарында, биіктіктерде және басқа жағдайларда қол оқпандарымен жұмыс жасау. Өртте құрылыстарды ашу және бұзу: қажеттілігі, мақсаты, тәртібі, осы әрекеттердің әдіс-тәсілдері; өртте құлап кету қауіпін жою үшін құрылыстарды ашу және бұзу әдістері. Өрт ошағын, түтін жоюды белгілеу, құтқару жұмыстарын жүргізу және мүлікті эвакуациялау артық төгілген суды кетіру. Бұзумен айналысып жатқан оқпаншылар мен өрт сөндірушілер әрекеттерінің келісімділігі. Түтін басқан орынжайларда өрт сөндірушілер жұмыстарының ерекшеліктері және сақтандыру шаралары. Едендерді ашу және бұзу бойынша өрт сөндірушілердің жұмысы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      10-тақырып. Арнайы, авариялық-құтқару және өртті сөндірумен байланысты басқа шұғыл жұмыстарды орындау.
      Арнайы жұмыстарға: өрт байланысын ұйымдастыру, шығу орнына (өрт) жарық беру, құрылыстар мен үйінділерді ашу және оларды бұзу, биіктікке көтерілу (түсу), қорғау іс-шараларын орындау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, техникалық құралдардың жұмысқа төзімділігін қалпына келтіру.
      Өрт байланысын ұйымдастыру, байланыстың мақсаты, байланыс түрлері, басқару байланысы, өзара әрекеттестік байланысы, ақпарат байланысы.
      Шығу (өрт) орнына жарық беру, өрт орнына жарық беру қондырғыларының мақсаттары мен ережелері немесе АҚЖ жүргізу.
      Құрылыстар мен үйінділерді ашу және бұзу, құрылыстарды ашу және бұзу мақсаты мен қағидалары, қауіпсіздік техникасы.
      Биіктікке көтерілу (түсу), көтерілудің (түсу) мақсаты, әдістері мен тәсілдері.
      Қорғау іс-шараларын орындау, электр қондырғыларын ажырату (тоқтан ажырату) мақсаты, қағидасы, қорғау іс-шараларын жүргізгенде техника қауіпсіздігі.
      Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      11-тақырып. Өрт жойылғаннан кейін және бөлімге оралғанда өрт сөндірушінің әрекеті.
      Өрт орындарын тексеру тәртібі, өрт орнын жинау, өрт орнында кезекшілік ұйымдастыру және өрт жойылған жерде қызмет атқарғанда өрт сөндірушілердің міндеті.
      ӨСТҚ болуын тексеру тәртібі және олардың дұрыстығы. Өрт сөндіру автоцистерна ыдысын сумен толтыруды қамтамасыз ету.
      Бөлімге қайтуға дайындық туралы баяндама. Орналасқан орындарына қайту және өрт сөндіру бөліміне қайту бойынша әрекеттер.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      12-тақырып. Өртте күштер мен құралдарды басқару.
      Өртте күштер мен құралдарды басқарудың негізгі принциптері (бір болуы, жылдамдығы, үздіксіздігі және басқа).
      Өрт сөндірудің жетекшісі: оның құқықтары мен міндеттері. Өрттегі жедел штаб. Өрттегі жауынгерлік учаскелер мен секторлар.
      Оқпаншының жауынгерлі шебі. Оларды жасау принциптері.
      Жауынгерлік учаскенің бастығы, оның құқықтары мен міндеттері.
      Өртте басқару сигналдары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      13-тақырып. Әр түрлі шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт сөндіру ерекшеліктері.
      Тыныс алу үшін жарамсыз ортада өрттерді сөндіру жөніндегі жауынгерлік әрекеттердің ерекшеліктері, жағымсыз климаттық жағдайларда өрт сөндіру, су жетіспеген жағдайда өрт сөндіру, жеке құрам үшін аса қауіпті жағдайларда өрт сөндіру, ғимараттар мен құрылыстарда өрт сөндіру, биік қабатты ғимараттарда өрт сөндіру, ауруханаларда, балалар мекемелері мен мектептерде өрт сөндіру, мәдени-сауықтыру мекемелерінде өрт сөндіру, мұражайларда, мұрағат қоймаларында және аппараттық бағдарламалық кешені орын жайларында өрт сөндіру. химиялық, мұнай қайта өндіру, мұнай химиялық және фосфор өнеркәсібі объектілерінде өрт сөндіру, энергетикалық кәсіпорындар мен электр қондырғылары бар орын жайларда өрт сөндіру, үлкен алаңдар жабындылары өрттерін сөндіру, жанғыш полимерлі жылытқыштармен үйлескен металл құрылғылардан жасалған ғимараттарда өрт сөндіру, тоқыма өндірісі кәсіпорындарында өрт сөндіру, элеватор қойма шаруашылығы, диірмен және құрама жем кәсіпорындары объектілерінде өрт сөндіру, ағаш өндіру және целлюлозаны қағаз өндірісі кәсіпорындарында және т.б. өрт сөндіру.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      14-тақырып. АҚ ӨҚҚ ұйымдастыру және оның міндеттері.
      Қазақстан Республикасында азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері. Азаматтық қорғаныс өртке қарсы қызметінің рөлі мен міндеттері. АҚ ӨҚҚ басшылығы және оның ұйымдастыру құрылымы. Азаматтық қорғаныс өртке қарсы қызметінің күштері. АҚ ӨҚҚ басқа қызметтермен өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      15-тақырып. Қазіргі заманға сай шабуыл жасау қаруы және оның негізгі қатты әсер ететін факторы және олардың өрт жағдайына деген әсері
      Қазіргі заманға сай шабуыл жасау түрлері. Бұқаралық әсер ету құралдары және олардың әсер ету факторлары. Қалаларда салыну қалыңдығына, ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік деңгейлеріне байланысты жаппай өрттердің шығуы туралы түсінік.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақтар.
      16-тақырып. Азаматтық қорғаныстың дабылдары бойынша АҚ ӨҚҚ жеке құрамының әрекеті.
      Дайындық дәрежесі туралы түсінік. Азаматтық қорғанысты жариялау дабылдары және оларды беру әдістері. Азаматтық қорғаныс дабылдары бойынша АҚ ӨҚҚ жеке құрамының әрекеттері.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      17-тақырып. Жеке құрамның жеке қорғану құралдары.
      Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары. Мақсаты, құрылысы, әсер ету принципі мен сүзгіден өткізетін газқағарды, тұмылдырықты, қарапайым дем алу органдарын қорғау құралдарын ұстау тәртібі.
      Теріні қорғауға арналған құралдардың мақсаты мен құрылысы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақтар.
      18-тақырып. Радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау құралдары.
      Радиоактивтілік индикатордың, рентгенометр-радиометрдің, жеке дозиметриялық бақылау жинағының, жауынгерлік химиялық барлау құралының жалпы құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
      Құралдардың дұрыстығын және олардың жұмысқа дайындығын тексеру. Практикалық жұмыс.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      19-тақырып. Жаппай өрттермен күрес жүргізгенде және жергілікті жерлерде радиоактивті зақымдану жағдайларда АҚ ӨҚҚ бөлімшелері әрекеттерінің ерекшеліктері.
      Зақымдану ошақтарында АҚ ӨҚҚ бөлімшелері жүргізетін жұмыстардың негізгі түрлері: құтқару жұмыстарын жүргізу объектілерінде өрттерді жою және сөндіру, азаматтық қорғаныс күштерін зақымдану ошақтарына кіргізгенде өртке қарсы қамтамасыз ету, өртеніп жатқан ғимараттардан, құрылыстар мен баспаналардан адамдарды құтқару.
      Бұқаралық өрттермен күрес жасау тактикасының негіздері.
      Өрттерді жою шекаралары мен өрт, радиациялық және химиялық жағдайды ескеріп, өрт сөндіру техникасының орналастыру орындарын таңдау.
      Қойылған міндеттерді орындауға жеке құрамның психологиялық дайындығының ықпалы. Құтқару инженерлік және басқа да шұғыл жұмыстарды өртке қарсы қамтамасыз етуде қауіпсіздік техникасының шаралары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      20-тақырып. Өрт сөндіруге байланысты АҚЖ жүргізгенде МӨҚҚО бөлімшелеріне жүктелген жалпы міндеттер.
      Өрт сөндіргенде жеке құрамға қойылатын негізгі міндеттер. Өрттерді, авария, апаттар және дүлей зілзала салдарын жою бойынша жауынгерлік әрекеттерді жүргізуге жеке құрамның тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
      Ірі өрттерді жоюға, авариялық жағдайлардың салдарын жоюға күштер мен құралдарды тарту тәртібі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      21-тақырып. Авариялардың, апаттардың түрлері. Бірінші кезектегі АҚЖ жүргізу кезіндегі негізгі іс-әрекеттер.
      Авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың түрлері. Халық, елді мекендер және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ықтимал зардаптар. Халық пен материалдық құндылықтарды қорғаудың ықтимал тәсілдері. Авариялық-құтқару бөлімшелерінің рөлі мен іс-әрекеттері.
      Шұғыл жағдайларда авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметінің психологиялық сипаттамасын айқындайтын факторларды жіктеу. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру кезінде жеке құрамға қауіпті факторлардың әрекеті, алдағы іс-қимылдардың болжанбауы, кенет жарылыстар мен құрылымдардың бұзылуы Қауіптілік пен тұтқиылдық.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      22-тақырып. Қазіргі уақытқа аса тән төтенше жағдайлар. Өңір аумағы ұшыраған төтенше жағдайлардың негізгі түрлерінің өршу ерекшеліктері және оның зардаптарын жою тәртібі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      23-тақырып. Қысқы кезеңге тән төтенше жағдайлар. Қысқы уақыттың аса қолайсыз климаттық шарттарында (қар үйінділері, төмен температура, боран және т.б.) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпті аймақтан зардап шеккендерді эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету. АҚЖ жүргізуге тартылатын жеке құрамның қауіпсіздік шаралары.
      Төмен температурада техниканы және авариялық-құтқару құралдарын пайдалану.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      24-тақырып. Көктемгі кезеңге тән төтенше жағдай. Ертерек көктемгі уақыттың аса қолайсыз климаттық шарттарында (су тасқыны, су басу, тасқын және т.б.) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. АҚЖ жүргізуге тартылатын жеке құрамның қауіпсіздік шаралары. Су тасқыны түсінігі және түрлері. Су тасқыны зардаптарының сипаты.
      Су тасқыны және жойқын апатты су басу шарттарындағы құтқару жұмыстары. Зардап шеккендерді іздестіру. Құтқарушылардың зардап шеккендерге жетуін қамтамасыз ету және зардап шеккендерді құтқару. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шеккендерді қауіпті аймақтан эвакуациялау.
      Су тасқыны зардаптарын жою кезіндегі шұғыл авариялық жұмыстар. Қоршалған бөгендер мен үйінділерді нығайту (тұрғызу). Бөгендер мен үйінділерді салу үшін пайдаланылатын материалдар. Су бұру арналарын салу. кептелу мен анжыр кептепмесін жою. Қайталанған зақымдану факторларының көздерін жою.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.»;
      мынадай мазмұндағы 25-41 тақырыптармен толықтырылсын:
      «25-тақырып. Авариялық-құтқару құралы және жабдығы. Пайдалану. Құралмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
      Механикаландырылған құрал-саймандарға (бензин кескіш, перфоратор, бензинмен моторлы шынжырлы ара және т.б.), тасымалды электр құралды (электр қол ара, дискті ара, электр дрель, перфоратор, хабарлау құралдары және т.б.), гидравликалық авариялық-құтқару құралы мен жабдығын (кескіштер, кеңейткіштер, аралас құрал-саймандар, гидравликалық дамкраттар, гидравликалық сорғылар, гидроклин, автономды авариялық-құтқару құрал-саймандары және т.б.), авариялық-құтқару жұмыстарында қолданылатын өзге де құралдар мен жабдықтарды пайдалану, оның құрылғысы мен техникалық қызмет көрсету.
      Құрал-сайманмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      26-тақырып. Қираған ғимараттар мен құрылыстарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерді үйінділерден арту және оқшаулау.
      Үйінділерде барлау жүргізу, зардап шеккендерді іздестіру. Барлау жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Қираған және зақымданған ғимараттар мен құрылыстарда АҚЖ жүргізу кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Зардап шегушінің орналасқан орнын және жай-күйін айқындау.
      Қабырға және төбе ойықтары, қазбалар, штольнялар, шахталар арқылы қираған ғимаратқа кіру әдістері. Құрылыс механизмдерін авариялық-құтқару жұмыстары үшін қолдану.
      Шығарып алудың түрлері. Зардап шеккендерді шығарып алу тәсілдері. Үйінділерден шығару тәсілдері. Үйінділерден шығару әдісімен зардап шеккендерді шығарып алу. Үйінділердің астында қалған адамдарды құтқаруға арналған соқпақ, галерея, штрек құрылғысы. Қабырғалар мен жабындардан ойықтар құрылғысы. Зардап шеккендерді үйінділерден алып шығу амалдары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      27-тақырып. Тұрақсыз конструкцияларды нығайту және олардың қирауы.
      Ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалған конструкцияларын нығайту тәсілдері. Ғимараттардың негізгі бөлшектері. Қабырғаларды тіреуіштермен нығайту. Қабырғаларды кергіштермен нығайту. Зақымдалған құрылыстарды нығайту.Жабындарымен бекітпемен нығайту. Бұзылу қаупі бар ғимарат конструкцияларын нығайту және оның қирауы. Құрылыс конструкцияларын нығайту және оның қирауы бойынша жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Үйінділерді арқандау және көтеру. Арқандаудың негізгі үлгілері мен таңбалары. Сақтандырудың жалпы қағидалары. Жүктерді арқандау схемасы. Үйінділерді іріктеу кезіндегі арқандаушының іс-әрекеті. Жүкті көтеру, орын ауыстыру және түсіру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      28-тақырып. Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары. Төтенше жағдайлар аймағындағы қауіпті және зиянды факторлар. Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында жұмыстар жүргізу кезіндегі құтқарушылардың еңбек қауіпсіздігі. Жұмыстар басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ
      29-тақырып. Уландырғыш химиялық заттардың сипаты.
      Уландырғыш химиялық заттардың физикалық-химиялық қасиеттері және адамға әсер ету тәсілі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      30-тақырып. Химиялық зақымдану аймағында барлау жүргізу.
      Барлауды ұйымдастыру, мақсаты мен міндеттері. Химиялық барлауды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Тікелей зақымдану көзінде барлау. Елді мекенде барлау.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ
      31-тақырып. Химиялық зақымдану аймағынан құтқару, эвакуациялау, медициналық көмек көрсету
      Зардап шеккендерді іздестіру, объектіні зерттеу, құтқару жұмыстарын жүргізу. Ушыққан химиялық қауіпті заттармен зақымданғандарға медициналық көмек көрсету. Алдын алу және шұғыл тәртіпте халықты көшіру. Локальды, жергілікті көшіру. Химиялық қауіпті объектінің (бұдан әрі – ХҚО) шеңбер аймағы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      32-тақырып. Зақымдану көзін оқшаулау және залалсыздандыру технологиясы.
      Қауіпті химиялық заттардың (бұдан әрі – ҚХЗ) бу-газ фазасын оқшаулау және залалсыздандыру технологиясы. Бейтараптандырғыш заттардың ерітіндісін пайдалана отырып, су бүркеніштерін және бүркеніштерді жеткізу тәсілімен ҚХЗ бу-газ фазасын оқшаулау және залалсыздандыру. ҚХЗ төгілуін опыру арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ сұйық фазасының төгілуін ойлармен (ор-қақпан) оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін үгілген сорбентті төсеу арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін көбік қабатымен, полимерлі пленкамен, жүзгіш экранмен жабу арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін бейтарап заттардың ерітіндісімен және сумен залалсыздандыру (бейтараптандыру) технологиясы. ҚХЗ төгілуін қатты үгілген бейтарап заттарды пайдалана отырып залалсыздандыру (бейтараптандыру) технологиясы. ҚХЗ төгілуін одан әрі бейтараптандыру немесе жағу арқылы қатты үгітілген сорбенттерді төсей отырып залалсыздандыру технологиясы. ҚХЗ төгілуін жинау және сору әдісімен жою технологиясы. Ластануларды жинау және жою.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ
      33-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде ТЖ жою кезінде жеке құрамды қорғаудың техникалық құралдары.
      Тыныс алу органдарын қорғаудың жеке құралдары (бұдан әрі – ТОЖҚҚ). Оқшаулағыш, сүзгілік газқағар, газқағарлы респиратор. Өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар. А, В, Г, К, Д, С маркалары бойынша жіктеме. Теріні қорғаудың оқшаулағыш құралдары. Оқшаулағыш химиялық костюмдер.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      34-тақырып.Техниканы, жабдықтар мен құрал-саймандарды сантарлық өңдеу және газсыздандыру.
      Арнайы өңдеу пункттері. Бақылау-тарату бекеті. Ішінара санитарлық өңдеу, толық санитарлық өңдеу.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      35-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Агрессивті химиялық қауіпті заттардың (бұдан әрі – АХҚЗ) лақтырындыларынан болған авария салдарын жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу. Химиялық зақымдану аймағындағы жұмыс кезіндегі жеке құрамның міндеттері. АХҚЗ ерітінділерінің еруі, жинау және қотару кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. Жанғыш АХҚЗ төгінділерін жағу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. АХҚЗ төгілуін оларды сумен араластыру немесе улы өнімдерді бейтараптандыру, АХҚЗ сұйық фазасын сорбцион материалдарымен төсеу жолымен АХҚЗ төгілуін оқшаулау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. АХҚЗ бу-газ фазасының таралуын болдырмау үшін сұйық бөліктерін жеткізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. Авариялық жағдай туындаған кездегі іс-әрекет.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      36-тақырып. Жол-көлік оқиғасының сипаты.Автомобильдердің соқтығысу кинематикасы.
      Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері. Жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО) жіктемесі. Пассивті қауіпсіздік жүйесі. Соқтығысу, иілу, айналу, қысылу кинематикасы. Жаппай соқтығысу. Бүйірінен соғу. Қағып кету және соқтығысу. Автомобильдердің өзіндік қаупі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      37-тақырып. Автомобильдерден құтқарудың базалық әдістері.
      Жалпы амал. Тұрақтандыру (объектінің тұрақтылығы). Есіктің демонтажы. Автомобильдің бүйір жағын демонтаждау. Үшінші есіктің шығуы. Шатырды жою. Құрал панелін жылжыту. Зардап шеккендердің аяғына бару. Құрал панелін көтеру.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
       38-тақырып. Автомобильдердің соқтығысуы, төңкерілуі және соғып кеткен кезде құтқарушыларды құтқару..
      Негізгі операциялар. Қоршалу аймағын ұйымдастыру. Аккумуляторлы батареяларды ажырату. Жұмыс істемейтін қауіпсіздік жүйелерін ажырату (қауіпсіздік белдіктері, ауа жастықшалары). Зардап шегушінің қорғанысын қамтамасыз ету. Қалған қысымды алып тастау. Зардап шегушіні босату. Алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегушіні тіркеу. Зардап шегушіні алып шығу.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      39-тақырып. Темір жол және әуе көлігінде төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
      Темір жол, авиа көліктегі авариялардың сипаттық ерекшеліктері. Авариялық-құтқару жұмыстарының негізгі түрлері. Вагондарға, ұшу аппараттарына ену жолдары мен тәсілдері. Көлік авариясы орнында жарылысты немесе өртті болдырмау бойынша іс-шаралар.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      40-тақырып. ЖКО зардаптарын жою кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.
      Жұмыстар басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және күзеті. ЖКО орнына келгеннен кейін командирдің және құтқарушылардың міндеттері. Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. ЖКО зардаптарын жою кезінде орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың орындалу реттілігі.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      41-тақырып. Құдықтарды, сыйымдылықтарда құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік шаралары.
      Адамдарды, жануарларды құдықтар мен сыйымдылықтарда құтқарудың негізгі амалдары. Қауіпсіздік шараларын сақтау.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

5. Өрт сөндіру-техникалық дайындық. Газ-түтіннен
қорғау қызметі

      «Өрт сөндіру-техникалық дайындығы. Газ-түтіннен қорғау қызметі» пәнінің негізгі міндеті – тыңдаушыларда өрт сөндіру техникасын, жабдықтау мен өрт сөндіру техникалық қаруды, ТОЖҚҚ тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін білім, шеберлік және дағды қалыптасу, оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін оқу болып табылады.
      Пәнді оқып білу нәтижесінде тыңдаушылар ТОЖҚҚ құрылысы мен пайдалану қағидаларын, жауынгерлік киім-кешек пен жабдықтарды, механикаландырылған, механикаландырылмаған және авариялық-құтқару құралын, өрт сөндіру жеңдері мен оқпандарын, көбікпен сөндіру құралдары мен жабдықтарын, өрт сөндіру сатыларын, өрт сөндіргіштерді, қауіпсіздік техникасын білуге тиіс. Байланыс құралдары мен өртке қарсы сумен жабдықтау туралы жалпы түсінігі болуға тиіс. Өрттерді сөндіргенде, авариялар мен жазатайым оқиғаларды жоюда өрт сөндіру техникасын, ӨСТҚ мен жабдықтауды қолдана білу, ТОЖҚҚ жағдайларын, оттегінің (ауаның) есебін жүргізуді және ТОЖҚҚ жұмыс істеу уақытын тексеруге, қарапайым бұзылуларды жоюға тиіс.
      Практикалық сабақтарды екі оқытушының басшылығымен жүргізу қажет. Оқытушыларға көмек ретінде өрт сөндіру машиналардың жүргізушілері, бөлімшелердің командирлері, ГТҚҚ базасының шеберлері бөлінеді.


рс

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Жауынгерлік киім мен жарақ. Құтқару құралдары

2


2

2

Өрт сөндіру автомобилдерінде шығарылатын өрт жабдығы.

3

1

2

3

Өрт сөндіретін қол сатылар

2

1

1

4

Өрт сөндіру жеңдері мен жеңдік жабдық. Жеңдік қанат жаю және оқпандар.

4

2

2

5

Өртке қарсы сумен жабдықтау

2

1

1

6

Көбікпен сөндіру құралдары мен жабдық.

2

1

1

7

Өрт сөндіру автомобилдері мен өрт сөндіру сорғыштары.

3

2

1

8

Өрт сөндіргіштер.

2

1

1

9

Өртке қарсы қызметтегі байланыс.

2

1

1

10

ӨҚҚ гарнизоны мен бөлімшесінде ГТҚҚ ұйымдастыру. ГТҚҚ міндеттері мен қызметтері. Жеке құрамды ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуге дайындау.

1

1


11

Тыныс алу физиологиясы және қан айналу. Жану өнімдері мен газ тәріздес заттардың адам ағзасына әсері.

2

2


12

ТОЖҚҚ материалдық бөлігі.

8

4

4

13

ТОЖҚҚ жұмыс істеп тұрған кезде туындауы мүмкін ақаулықтар және оларды қалпына келтіру тәсілдері.

4

2

2

14

ТОЖҚҚ тексеру. ТОЖҚҚ тексеру және реттеу үшін бақылау-өлшеу аспаптары.

6

2

4

15

ТОЖҚҚ жұмыс істеудің негізгі ережесі. ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеу кезінде жеке құрамның міндеттері.

8

4

4

16

ТОЖҚҚ сақтау және күту.ТОЖҚҚ мен жабдықты ұстау нормалары. Жөндеу базасы. Бақылау бекеті

2

1

1

17

Қауіпсіздік бекетін ұйымдастыру (БӨБ).
Қауіпсіздік бекетінде жұмыс істеу.

3

2

1

18

Жылу түтін камерасы.

1


1

19

Қауіпсіздік шаралары.

1

1


20

ТОЖҚҚ жұмыс істеу.

12

3

9

21

ГТҚҚ қызметтік құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі.
ЕМТИХАН.

2

6

1

1

ЖИЫНЫ:

78

33

39

      1-тақырып. Жауынгерлік киім мен жарақ. Құтқару құралдары.
      Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі, оның мақсаты және сипаты. Өрт сөндірушінің жарағы. Жарақтың мақсаты мен сипаты және оларды жұмыс істеу кезінде пайдалану қағидасы.
      Құтқару арқандары мен жеке құтқару құрылғысы, олардың мақсаты, құрылысы. Жауынгерлік киім мен жарақты тігу, күту қағидасы.
      Жауынгерлік жарақ пен киімге қойылатын қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптары.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      2-тақырып. Өрт сөндіру автомобилдерінде шығарылатын өрт жабдығы.
      Механикаландырылмаған қол аспабы. Механикаландырылған өрт сөндіру қол аспабы. Өрт сөндіру аспабының мақсаты, құрылысы мен қысқаша сипаты, қолдану саласы мен тәртібі. Жөнелту, күту және сынау тәртібі.
      Түтін сорғылар: құрылысы, әсер ету принципі, қолдану саласы, қауіпсіздік техникасы. Жеке және топтық электр шамдары.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      3-тақырып. Өрт сөндіретін қол сатылар.
      Өрт сөндіретін қол сатылардың мақсаты, түрлері, құрылысы мен техникалық сипаты. Өрт сөндіру сатыларын пайдалану саласы мен қағидасы. Өрт сөндіру сатылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, қызмет көрсету, жөндеу.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      4-тақырып. Өрт сөндіру жеңдері мен жеңдік жабдық. Жеңдік қанат жаю және оқпандар.
      Өрт сөндіру жеңдерінің мақсаты, сипаты және олардың жіктелуі. Өрт сөндіру жеңдерін есепке алу, тозуы, сынау және жөндеу. Сорғы торы, жеңдік қанат жаю, қосатын жеңдік бастиектер, ысырмалар, қысқыштар, олардың мақсаты, құрылысы, пайдалану тәртібі мен қысқы уақытта пайдалану ерекшеліктері.
      Гарнизондағы өрт сөндіру оқпандары. Өрт сөндіру оқпандарының таңбалануы, құрылысы, техникалық қызмет көрсету, пайдалану және сақтау.
      Су шығыны туралы түсінік, ағыстардың ұзақтығы, қысымға және саптаманың диаметріне қатысы. Өрт сөндіру оқпандарының саптамалары. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      5-тақырып. Өртке қарсы сумен жабдықтау.
      Су - өрт сөндірудің негізгі құралы. Судың физикалық және өрт сөндіргіш қасиеттері. Өрт сөндіру мақсатында суды пайдалану тәсілдері.
      Қаланы, ауданды, ауылды, объектіні өртке қарсы сумен жабдықтау, ішкі өртке қарсы су өткізгіштер туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін қолданылуы мүмкін су көздерінің әр түрлілігі және орналасу орны.
      Суды су көзінен бетінен алуға арналған құрылғы.. Гидроэлеватор Г-600: мақсаты, құрылысы, жұмыс істеуі және пайдалану тәртібі.
      Өрт гидранты мен өрт колонкасы. Мақсаты, түрлері, құрылысы, жұмыс істеуі мен қолдану тәртібі. Өрт колонкасының, гидрантының жұмысындағы ықтимал ақаулықтар және оларды қалпына келтіру тәсілдері. Өрт гидранттарын қысқы уақытта пайдалану ерекшеліктері. Қауіпсіздік техникасының қағидасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      6-тақырып. Көбікпен сөндіру құралдары мен жабдық.
      Көбіктің физикалық және өрт сөндіргіш қасиеттері, оның түрлері Өртте еселігі әр түрлі көбікті, ылғалдандырғыштарды қолдану және олардың тиімділігі. Ауа-көбікті оқпандарды, еселігі орташа көбік генераторларын қолдану тәртібі. Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      7-тақырып. Өрт сөндіру автомобилдері мен өрт сөндіру сорғыштары.
      Өрт сөндіргіш автомобилдердің жіктелуі, мақсаты, тактикалық-техникалық сипаты. Өрт сөндіру жабдығының тиістілік тізімі мен оны өрт сөндіру автомобиліне орналастыру тәртібі. Өрт сөндіру сорғыштарының мақсаты, түрі және қысқаша сипаты.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      8-тақырып. Өрт сөндіргіштер.
      Жалпы мәліметтер: өрт сөндіргіштердің мақсаты, түрлері, қолдану саласы, таңбалануы, оның өрт сөндіргіш затының құрамы.Оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
      9-тақырып. Өртке қарсы қызметіндегі байланыс.
      Өртке қарсы қызметінде (қалада, ауылда, ауданда) байланыстың мақсаты, және оны ұйымдастыру. МӨҚҚО-дағы байланыс қызметі бойынша тәлімдеменің негізгі ережесі: байланыс түрлері, радио алмасу жүргізу қағидасы, шақырулар, радио тәртібі және т.б.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      10–21-тақырып. Өрт-техникалық дайындығы және ГТҚҚ пәнінің «Газ-түтінінен қорғау қызметі» бөлімінің мазмұны мен нақты мерзімі осы Қағидаларға № 1011-қосымшалармен анықталады.

6. Саптық және өрттен құтқару дайындығы

      Саптық және өрттен құтқару дайындығы» пәнінің мақсаты сапта дұрыс тұруға машықтау, өрт техникасымен, ӨТЖ, жабдықпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру, өртте және АҚЖ жүргізу кезінде өрт техникасын тактикалық жағынан тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жеке құрамды психологиялық тұрақтылыққа, тәртіпке, ұйымшылдыққа, жолдастық өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
      Сабақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығымен бекітілген Өрттен құтқару дайындығы бойынша тәлімдемеге сәйкес өткізіледі.
      Сабақтың дайындық бөлімінде (5 мин) тыңдаушыларды сабақтың негізгі бөлімінде едәуір қарқынды жұмысқа дайындау мақсатымен жалпы дамыту және арнайы жаттығулар жоспарланып орындалады. Сабақтың негізгі бөлімінде (35мин) негізгі қозғалтқыш және қосымша дағдылар машықтандырылады. Физикалық, арнайы және психологиялық қасиеттері жетілдіріледі. Қорытынды бөлімінде (5 мин) тыңдаушының ағзасын қалыпты күйге келтіретін жаттығулар жүргізіледі, сондай-ақ сабақтың қорытындылары шығарылады.
      Сабақтың барысында белгілі бір жаттығуды орындау орындаудың саптық тәсілдері өткізіледі. Сабақтың жетекшісі сапты қадағалайды. Психологиялық дайындықтың от жолағынан өту бойынша сабақтар өрттен құтқару дайындығының соңғы кезеңі болып табылады және қатаң түрде сабақты психологиялық дайындықтың от жолағында өткізу әдістемесіне сәйкес өткізіледі.
      Практикалық сабақтар екі оқытушының басшылығымен өткізіледі. Әрбір практикалық сабақтың алдында тыңдаушылардан қауіпсіздік техникасы қағидасының талаптарын білуіне сұрақтар қойылып, тексерілуі қажет.


р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Өрт сөндіру-құтқару мақсаты мен міндеттері. Саптық дайындықтың жалпы ережелері

1

1


2

Жауынгерлік киім мен жарақты орналастыру және кию. Дабыл бойынша жиналу және шығу.

2


2

3

Өрт сөндіру жеңдерімен, оқпандармен, жеңдік арматурамен және керек-жарақтармен жаттығу.

4


4

4

Өрт сөндіру сатыларымен жаттығу.

6


6

5

Құтқару арқандарымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

4


4

6

Өрт сөндіру автомобилдері мен мотопомпаларды су көздеріне орнату бойынша жаттығу.

4


4

7

Құрылымдарды ашу және бөлшектеу.

4


4

8

Жауынгерлік қанат жаю.

8


8

9

Өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығының от жолағында сабақ өткізу.

4

1

3

10

СЫНАҚ

4



ЖИЫНЫ:

41

2

35

      1-тақырып. Саптық және өрттен құтқару дайындығының мақсаты мен міндеттері. Саптық дайындықтың жалпы ережелері.
      Саптық және өрттен құтқару даярлаудың мақсаты мен міндеттері.
      Өртке қарсы қызмет жеке құрамын дайындаудағы СжӨҚД орны.
      Басқа пәндермен өзара байланысы. Өрттен құтқару дайындығы бойынша нормативтер.
      Өрттен құтқару дайындығы бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидасы.
      Тік тұр, дайындал, еркін, жинал командаларын машықтау бойынша практикалық сабақ. Орнында және қозғалыста бұрылу. Орнында және қозғалыс кезінде әскери сәлем беру. Бір жолды, екі жолды қатармен бөлімшелердің сапқа тұруы. Жауынгерлік есептің нөмірлері бойынша сапқа тұру.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      2-тақырып. Жауынгерлік киім мен жарақты орналастыру және кию. Дабыл бойынша жиналу және шығу.
      Өрт сөндіру автомобилдеріндегі жауынгерлік есеп.
      Жауынгерлік киім мен жарақты орналастыру және кию әдістері.
      Жауынгерлік есеп нөмірлері міндеттерінің тізімі.
      Бөлімшенің өрт сөндіру автомобилі жанында сапқа тұруы. Жеке құрамның автомобилге отыруы.Дабыл бойынша жиналу және шығу.
      Жауынгерлік есеп тізімі бойынша нөмірлердің міндеттерімен танысу және өрт-техникалық жарағын өрт сөндіру автомобилдеріне орналастыру.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      3-тақырып. Өрт сөндіру жеңдерімен, оқпандармен, жеңдік арматурамен және керек-жарақтармен жаттығу.
      Қосатын жеңдік бастиектерді қосу және ажырату, оқпанды жеңнің қосқыш бастиегіне қосу. Орамнан жеңдік желілерді төсеу, жеңдерді дара және қос қабаты орамға шиыршықтап сегіздік ретінде жинау. Құтқару арқанының көмегімен және өрт сатысымен жеңдік желіні жоғары көтеру.Қолданыстағы жеңдік желіні жасанды түрде ұзарту.
      Қолданыстағы оқпандармен түрегеп тұрған күйде, тізерлеп, жатқан күйде жұмыс істеу, оқпандарды жабу, жеңдік желілерді маневрлеу. Оқпанмен жылжымалы сатыдан, терезе тақтайшасында, төбеде отырған күйде жұмыс істеу. Қысқы уақытта су беру бойынша жеңдермен және оқпандармен жұмыс істеу ерекшелігі.
      Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      4-тақырып. Өрт сөндіру сатыларымен жаттығу.
      Өрт сөндіру сатыларын автомобилден алу, тасымалдау, онымен көтерілу, төмен қарай түсу, сатыны автомобилге орнату. Аралас көтеру. Шабуыл сатыларын шынжырмен ілу және онымен көтерілу. Көп қабатты ғимараттардың қабаттарына және төбесіне авто сатымен, авто көтергішпен көтерілу. Авто сатының, авто көтергіштің оқпандарымен жұмыс істеу.
      Жоғары қабатты ғимараттарда жеке құрамның жұмыс істеу ерекшелігі. Мамандандырылған бөлімшелердің жоғары қабатты ғимараттардан адамдарды құтқару бойынша дайындығы.
      Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      5-тақырып. Құтқару арқандарымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.
      Құтқару арқанын орамға орау. Құтқару арқанын құрылымға бекіту. Дара және қос қабатты құтқару ілмегін «зардап шегушіге» кигізе отырып тоқу, өрт сөндіру жабдығын жоғары көтеруге арналған ілмектер. Өзін-өзі құтқару, құтқару.
      Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      6-тақырып. Өрт сөндіру автомобилдері мен мотопомпаларды су көздеріне орнату бойынша жаттығу.
      Гидрантты дайындау, өрт колонкасын автомобилден алу және оны гидрантқа орнату, суды жіберу және жабу, өрт колонкасын гидранттан алу. Автоцистернаны су жіберу арқылы гидрантқа орнату.
      Автоцистернаны су жіберу арқылы су айдынына орнату.
      Гидро элеватордың көмегімен су алу.
      Мотопомпаны су айдынына орнату.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      7-тақырып. Құрылымдарды ашу және бөлшектеу.
      Механикаландырылған және механикаландырылмаған құралмен жұмыс істеу әдістері. Түтін сорғымен жұмыс істеу. Қайшылардың көмегімен электр сымдарын және металл торларды кесу. Түтін шығару үшін жабынды ашу. Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      8-тақырып. Жауынгерлік қанат жаю.
      Дайындық, алдын ала және толық қанат жаю. Автоцистерналарды су көздеріне орнатып және орнатпай, оқпандарды беретін автоцистернадағы бөлімшелер. Жауынгерлік есептің тізімі бойынша нөмірлердің міндеттері. Лафетті оқпанды орнатып, жауынгерлік қанат жаю. Гидро элеватордың көмегімен оқпандарды бере отырып, жауынгерлік қанат жаю. Оқпандарды едәуір санын бере отырып, барынша қашықтықта жауынгерлік қанат жаю. ГПС-600, ауа-көбікті оқпандарды бере отырып, жауынгерлік қанат жаю. Жоғары қысымды оқпандарды бере отырып және саптамалармен жауынгерлік қанат жаю. Қауіпсіздік техникасы.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      9-тақырып. Өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығының от жолағында сабақ өткізу.
      Тақырыптық жоспар көлемінде оу сабақтарының мазмұны мен оны өткізу психологиялық дайындықтың от жолағында сабақ өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстармен реттелген.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

7. Медициналық-психологиялық дайындық

      «Медициналық-психологиялық дайындық» пәнінің мақсаты жеке құрамды адамның анатомиясымен және физиологиясымен, төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде медициналық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуымен, жазатайым жағдайлардағы адамдардың психологиялық жағдайымен танысу болып табылады. Жараланған, соғып алған, шығарып алған, сындырған, электр тоғымен зақымданған, үсіген, термикалық және химиялық күйген, уланған, радиоактивті зақымданған зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі мен әдістерін зерделеу және т.б. Дәрі қобдишасын және жеке пакетті пайдалану қағидасы. Оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендерді тасымалдау және тасу. Жасанды дем беру мен жүректің сыртқы тікелей массажын жасаудың негізгі қағидалары мен тәсілдері. Жеке құрамды психологиялық орнықтылыққа, тәртіпке, серіктестік өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

№ р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практика

1

Адамның анатомиясы мен физиологиясы. Экстремалды жағдайда адамның психологиялық жағдайы.

1

1


2

Көшіру кезінде медицинамен қамтамасыз ету.

1

1


3

Қан кетуді тоқтатудың негізгі ережесі: таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын ақырын бүгіп, жгут қою.

1


1

4

Жасанды тыныс мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамыр соғуды анықтау.

1


1

5

Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.

1


1

6

Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.

1


1

7

Уланған, радиоактивті бұзылғанда дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.

1

1


8

Зақымдық талма алғанда көмек көрсету. Зардап шегушілер жазатайым жағдайға ұшырағанда көшіру және тасымалдау.

2

1

1

9

Таңғыш материалдарының түрлері. Таңғыш қою қағидасы.

1


1

10

Құтқарушыны төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындау Өзін-өзі реттеу және психологиялық оңалту негіздері

2

1

1

11

Халықтың төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрысының психологиялық ерекшеліктері.
Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет кезіндегі психологиялық жай-күйін басқару әдістері.

2

1

1


Сынақ

2




Жиыны:

16

6

8

      1-тақырып. Адам анатомиясы мен физиологиясы. Шұғыл жағдайда адамдардың психологиялық жағдайы.
      Біртұтас ағза. Жасушалар және тін туралы түсінік. Сүйек-бұлшық еттер жүйесі, сүйектердің қосылуы.
      Тыныс алу органдары, ағза үшін олардың қызметінің мазмұны. Жүрек-буын жүйесі. Жүрек және оның қызметі. Буындар сипаты.
      Негізгі қан жүретін тамырлардың орналасуы, артерияны қысу орны.
      Пульс, оның сипаты, ұстау орны. Ас қорыту органы туралы негізгі түсінік. Шұғыл жағдайда адамдардың психологиялық жағдайы. Адамдардың стресс алу жағдайының қағидасы.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      2-тақырып. Эвакуациялау кезіндегі медициналық қамтамасыз ету.
      Эвакуациялау кезінде медициналық қызметті ұйымдастыру. Эвакуациялау аудандарының санитарлық жағдайы. Ас блоктарының, қоныс аударылған демалу орнының, су көздерінің санитарлық жағдайын тексеру.
      Санитарлық орындар. Оларды тағайындау, жарақтандыру және орналастыру.
      Эвакуациялау аудандарында медпункттерді жабдықтау.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      3-тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидасы: таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын ақырын бүгіп, жгут қою.
      Өткізу әдісі: Сыныптық-топтық сабақ.
      4-тақырып. Жасанды тыныс мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі қағидасы мен әдістері. Тамыр соғуды анықтау.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      5-тақырып. Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      6-тақырып. Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.
      7-тақырып. Уланған, радиоактивті бұзылғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.
      8-тақырып. Травматикалық естен тану кезінде көмек көрсету. Оқыс оқиғаларда зардап шеккендерді ауыстыру және тасымалдау.
      Өткізу әдісі. Практикалық сабақ
      9-тақырып. Таңғыш материалдарының түрлері. Таңғышты қою ережесі.
      Өткізу әдісі: Практикалық сабақ.
      10-11-тақырып. Психологиялық дайындық.
      Тақырыптық жоспар көлемінде материалдарды қамту және сабақтар өткізуді мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің психологиялық қызмет жұмыскерлері айқындайды.
      Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады