Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 942 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                           Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 942 бұйрығына    
Қосымша        

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 25 маусымда № 7751 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 297-298 (27116-27117) және 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 299-300 (27118-27119); «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 582-587 (27660), 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 592-596 (27669); 2012 жылғы № 12 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
      2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 390 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8752 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 344 (27618); «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 282 (28221) жарияланған).
      3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 7 наурызда № 9196 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 1 сәуірде; «Казахстанская правда» 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (27747); «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (28350) жарияланған).
      4. «Мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 327 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9656 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 1 тамызда; «Казахстанская правда» 2015 жылғы 5 ақпандағы № 23 (27899); «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2015 жылғы 5 ақпандағы № 23 (28501) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады