2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.
Заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақша нысанында көрсетілген ысырап, материалдық және ақша ресурстарын азайтуға әкеп соқтыратын шығыстардың кірістерден асып кетуі шаруашылық қызметінің шығындары деп түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 және 10-7 тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
10-2. Осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі құжаттарды ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді.
10-3. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінен келiп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде құжаттар топтамасын:
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға экономикалық сараптамаға жібереді.
10-4. Экономикалық сараптама құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүргізіледі.
10-5. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының қорытындысын техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған тиісті заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
10-6. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.
Қорытынды оны дайындаған ұйымның басшысымен немесе оған уәкiлеттi тұлғамен бекiтiледi, қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
10-7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманы ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.
Экономикалық қорытынды экономикалық сараптама қорытындысы алынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде дайындалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бюджеттік комиссия бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны тиісті бюджет жобасына енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев