"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 наурызда № 9212 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:

      1 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар" сыныбында:

      140 "Қорлар сатып алу" кіші сыныбында:

      141 "Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.";

      7 "Ескерту" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген азаматтарды отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде; ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде; энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер шарт жасаспай шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады.";

      142 ерекшелігі бойынша:

      5 "Атауы" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдары, дәрілік құралдары мен бiр жолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, қан, биопрепараттар сатып алу, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу";

      7 "Ескерту" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқық тық мәмiле жасамай жүргiзiледi. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiле тiркеу талап";

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:

      155 "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалар бойынша үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтерге ақы төлеу";

      156 "Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орган қызметінің үдерісінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді анықтау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласында консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылдарды түзету жөніндегі консалтинг қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ зерттеулерге (оның ішінде әлеуметтік, талдамалы және ғылыми зерттеулер) ақы төлеуге арналған шығындар.";

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша:

      7 "Ескерту" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезінде; банк қызметтерін төлеу кезінде; әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын "Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу", "Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Іссапар шығыстары" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсан Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезінде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.";

      2 "Күрделі шығындар" санатында:

      4 "Негізгі капиталды сатып алу" сыныбында:

      410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтердi сатып алу" кіші сыныбында:

      411 "Жер сатып алу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттің жердің, ормандардың, ішкі сулардың және пайдалы қазбалардың кен орындарының кез келген түрлерін сатып алуына жұмсалатын шығындар. Егер мемлекет сатып алған жерде құрылыс тұрған болса, құрылыстың құны жердің құнынан бөлек бағалануы тиіс, құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындар 412 ерекшелікке жатқызылуы тиіс. Егерде құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындарды жерді сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлу мүмкін болмаса жердің және құрылыстың құнын не осы ерекшелікке не, жердің немесе құрылыстың бағасы неғұрлым құнды болуына қарай, 412 ерекшелікке жатқызылуы қажет. Құрылыс жобасының құнына енгізілген мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша өтемақыға жұмсалатын шығындар және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру осы ерекшелік бойынша көрсетіледі.";

      7 "Ескерту" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару және кейiннен есептеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару.";

      412 "Үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар және беру қондырғыларын сатып алу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар, беру қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жердi сатып алуға жұмсалатын шығындар. Егер сатып алынған үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құны ғимаратпен бiрге сатып алынған, мысалы жабдықтар, активтердiң құнына енгізілсе, онда оларға жұмсалатын шығындар осында көрсетiледi.";

      7 "Ескерту" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын "Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша, "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары" бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы.";

      416 "Материалдық емес активтерді сатып алу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық емес активтерді сатып алу";

      420 "Негiзгi құралдың күрделі жөндеуі" кіші сыныбында:

      421 "Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және беру қондырғыларын күрделi жөндеу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделi жөндеу және қайта жаңғырту, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қайта жаңартумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (оның iшiнде жалақысынан ұстап қалу), әлеуметтiк салық, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыына мiндеттi зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналар үшiн, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға, жобаларды сараптауға, инжинирингтiк қызметтерге, техникалық қадағалау қызметтерiне қажеттi заттар, материалдар және жабдықтар сатып алу";

      429 "Басқа объектiлердi күрделi жөндеу" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "421, 422 – ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша машиналар мен жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындар көрсетіледі.";

      430 "Дамытуға бағытталған күрделі шығындар" кіші сыныбында:

      431 "Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау" ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, оның ішінде күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерге арналған шығындар.";

      "Ескерту" деген 7-баған мынадай мазмұндағы келесі сөйлеммен толықтырылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.".

      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады