"Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9269 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 28.03.2019 № 148 (24.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) "Егемен Қазақстан" газетінде, 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 8 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру туралы қаулы нысанын (13-қосымша) алып тастау;

      осы бұйрықпен бекітілген атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы (14-қосымша) мен борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беру туралы қаулы (25-қосымша), жасалған атқарушылық іс-әрекеттерге төленетін сома және атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін төленетін соманы бекіту туралы қаулы (44-қосымша) нысандары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы № 111
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18
бұйрығына 14-қосымша

      Нысан

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
ҚАУЛЫ

      20__ ж. "__" ________ _________________________

      (қаланың, ауданның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке сот орындаушысы қызметі аумағының атауы)

      жеке сот орындаушысы ________________________________________________

      (жеке сот орындаушысының мекенжайы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың мазмұны)

      ___________________________________________________________ туралы

      20__ж. "__"_____№ ____ атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап,

БЕЛГІЛЕДІ:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрудың негізі)

      Баяндалғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағын, 42, 44-баптарын, 126-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. 20___ ж. "___" ______ № ___ ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың мазмұны)

      атқарушылық іс жүргізу ___________________ дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізу тараптарына,

      олардың өкілдеріне хабардар етілсін.

      3. Қаулыға Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына

      сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Жеке сот орындаушысы ______________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы № 111
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18
бұйрығына 25-қосымша

      Нысан

Борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беру туралы
ҚАУЛЫ

      20__ ж. "__" __________ _________________________

      (қаланың, ауданның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке сот орындаушысы қызметі аумағының атауы)

      жеке сот орындаушысы ________________________________________________

      (жеке сот орындаушысының мекенжайы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың мазмұны)

      ____________________________________________________________ туралы

      20__ж. "__"_______№ ____ атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап,

БЕЛГІЛЕДІ:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (борышкердің мүлкін өндіріп алушыға берудің негізі)

      Баяндалғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағын, 78-бабының 4-тармағын, 126-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1._____________________________________________________ мынадай

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)

      мүлік берілсін:

№ т/т

Мүліктің атауы

Бағалау құны

Ескерту














      2. Борышкердің мүлкін беруге байланысты жұмсалатын шығындар атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылсын.

      3. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізу тараптарына, олардың өкілдеріне хабардар етілсін.

      4. Қаулыға Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Жеке сот орындаушысы ___________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы № 111
бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18
бұйрығына 44-қосымша

      Нысан

Жеке сот орындаушысының қызметіне төлемақы
сомасын бекіту туралы
ҚАУЛЫ

      20__ж. "___" _________ ________________________

      (қаланың, ауданның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке сот орындаушысы қызметі аумағының атауы)

      жеке сот орындаушысы ________________________________________________

      (жеке сот орындаушысының мекенжайы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (атқарушылық құжаттың мазмұны)

      ____________________________________________________________ туралы

      20___ж. "___"_____№_____атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап,

БЕЛГІЛЕДІ:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (борышкердің мүлкін өндіріп алушыға берудің негізі)

      Баяндалғанның негізінде, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағын, 118-баптарын, 126-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1._____________________________________________________________

      (жазба түрінде)

      мөлшерінде жеке сот орындаушысының қызметіне төленетін сома бекітілсін.

      2. Борышкер ___________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________ мөлшерінде

      (жазба түрінде)

      _________________________________ жеке сот орындаушысының қызметін (атқарушылық іс-әрекеттер жасаудың түрі)

      төлемақы сомасы өндіріп алынсын және ________________________________

      (жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты)

      аударылсын.

      3. Қабылданған шешім туралы атқарушылық іс жүргізу тараптарына, олардың өкілдеріне хабардар етілсін.

      4. Қаулыға он күн мерзімде сотқа шағым берілуі мүмкін

      Жеке сот орындаушысы _______________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады