Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8671 тіркелген, 2013 жылғы 25 қыркүйектегі "Заң газеті" газетінде № 144 (2345) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және жинақтаушы зейнетақы қорлары жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу графигінде көзделген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 11, 20, 26, 29 және 31-тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынсын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"сақтандыру ұйымы – "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауға уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы;";
6) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Графикті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен бекітіледі және бекітілген күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушының және Орталықтың атына жіберіледі.";
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Графикке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімі негізінде енгізеді және олар графикке енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың аттарына жіберіледі.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны осы жинақтаушы зейнетақы қорымен келіседі.
Графикте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бере бастаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (ол болған кезде) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған іс-шаралар жоспары келісуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберіледі.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған іс-шаралар жоспарын қарайды және жоспарланған іс-шаралардың тізбесімен және (немесе) оларды іске асыру мерзімдерімен келіспеген жағдайда, іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері және міндеттемелері іс-шаралар жоспарына сәйкес беруге жоспарланып отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының атына ескертулерімен бірге хат жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ескертулері ескеріле отырып түзетілген іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің хатын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.";
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қағидалардың 31-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты жою жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін жинақтаушы зейнетақы қорының беруін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды жүргізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.";
9-тармақтың 4) тармақшасында:
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына құжаттар мен ақпаратты беру басталған күннің алдындағы кемінде бес жыл бұрынғы әрбір есепті айдың бірінші күніне және жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді беру мерзімінің басталу күніне);";
он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"зейнетақы активтері бойынша жылдық есеп, құжаттар мен ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді бастау күнінің алдындағы бес жылға зейнетақы активтері бойынша жылдық есептерді және баланстарды (бар болса) әзірлеу және талдау бойынша талдамалық кестелер (жинақтаушы зейнетақы қоры растаған көшірмелер);";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электрондық тасымалдағышпен ұсынылады.
Қағидалардың 9-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:
қағаз тасымалдағышпен ұсынылады;
Іс қағазы жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағазы 250 парақтан аспайды және оған ішкі тізілім қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық нұсқаны ұсына отырып), оған жасаушы лауазымын және қол қоятын күнін көрсете отырып, қол қояды және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) мөрімен расталады.
Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қағаз тасымалдағышта және іс-шаралар жоспарымен анықталған тәртіпке сәйкес ресімделеді.
Уақытша сақтау мерзімі бар құжаттар да Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес осы тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацымен белгіленген тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені ұсынбай, қалыптасады.";
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары және "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шоты жабылған күннен бастап бір күнтізбелік күннен кешіктірмей мыналарды қалыптастырады және Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды тасымалдағышта жібереді:";
3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық тасымалдағышта:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Орталыққа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық тасымалдағышта жинақтаушы зейнетақы қорының қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары бойынша операциялар туралы, салымшылардың (алушылардың) деректемелерін өзгерту, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын біріктіру бойынша ақпаратты.";
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында және 13-тармағында көрсетілген тізімдер мен ақпарат форматтарын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітіледі және олар бекітілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларының және Орталықтың атына жіберіледі.";
19-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тізімдерді жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық тасымалдағышта сақтайды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тексереді.
Тексеруден соң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері жинақтаушы зейнетақы қоры және Орталық өкілдерінің қатысуымен Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша үш көшірмесін электрондық тасымалдағышта жасайды, олар мөр басылып, пломбаланады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қағидалардың 25-тармағында көзделген ақпаратты қабылдау-өткізу актісі, мыналарды:
ұлттық және шетел валюталарындағы шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;
ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыста болу мерзімін, санын, сатып алған бағасын, акция үшін бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын және облигация үшін номиналдан пайызбен бағасын, пайыз бен дивидендтер бойынша есептелген кірісті көрсете отырып берілетін бағалы қағаздардың жиынтық құны;
банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;
басқа қаржы құралдарының сомасын, санын және осы қаржы құралдарына тән қосымша сипаттамаларды көрсете отырып олардың тізбесі;
зейнетақы активтері бойынша міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;
зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерін беру күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеу:
инвестициялық портфельдің (қалыпты және консервативті) әрбір түрі бойыншаны қоса беру күніне зейнетақы активтерінің және міндеттемелерінің жалпы сомасын қамтиды.";
30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында барлық салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шоттарын ашу және оларға жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын есептеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімімен салыстырып тексереді.
31. Жинақтаушы зейнетақы қорларының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында сақталатын, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты құрайтын ақпарат, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын өзге мәліметтер ақпарат жойылуы тиіс.
Әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар) бойынша іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімдерге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтері инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар) органдарының тиісті шешімдері негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар) өкілдерінен комиссия құрылады, ол Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жояды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген ақпаратты жою туралы актіге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар қол қояды және олардың мөрлерімен расталады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |