Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 135-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9315 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын әдістемесі бекітілсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, сондай-ақ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
      4) осы бұйрықты облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, Астана және Алматы қалаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б.Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2014 жылғы 31 наурыздағы  
№ 135-ө бұйрығымен бекітілген

Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жұмыссыздар – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      2) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
      3) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      4) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
      6) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
      7) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қалаға іргелес аймақты орналасқан жер учаскесінде өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
      8) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы немесе заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
      9) отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) жалақы төленбейтін қызметкерлері – туыс адам басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) сыйақысыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
      10) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының бір айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне шаққандағы үлесі;
      11) жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлес салмағы;
      12) кооператив мүшелері – өндірістік кооперативтің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
      13) экономикалық белсенді емес (енжар, бейғам) халық – қаралып отырған есепті кезеңде жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 жастағы және одан жоғары) жеке тұлғалар;
      14) өңір – республиканың бiрнеше елдi мекендерiн қамтитын, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады;
      15) халықтың механикалық қозғалысы – тұрғылықты жерін ауыстыру мақсатында елдің шекарасы немесе қандай да бір аумақ (көші-қон) арқылы халықтың жүріп-тұруы.
      3. Жұмыспен қамту карталары ортамерзімдік перспективаға (үш жылдық кезеңге, әр жылға жеке) мынадай өңірлер бойынша жасалады:
      1) ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан;
      2) аудан;
      3) облыстық маңызы бар қала;
      4) облыс;
      5) республикалық маңызы бар қала, астана.
      Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның жұмыспен қамту карталары үй аралап халыққа сауалнама жүргізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, қызметін көрсетілген аумақта жүзеге асыратын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мәліметтері арқылы жасалады, ол әрбір есепті жылдың 15 ақпанына дейін қалыптастырылады және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
      Ауданның жұмыспен қамту картасы ауылдың, кенттің, ауылдық округтердің жұмыспен қамту карталарының, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудан кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мәліметтері негізінде жасалады. Ауданның жұмыспен қамту картасын жұмыспен қамту жөніндегі аудандық уәкілетті органдар қалыптастырады және жинақтау және облыстық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 наурызына дейін жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті органға береді.
      Облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту картасы кенттердің, ауылдық округтердің жұмыспен қамту карталарының, қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қала кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мәліметтері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі қалалық уәкілетті орган қалыптастырады және жинақтау және облыстың жұмыспен қамту картасын қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 наурызына дейін жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті органға береді.
      Облыстың жұмыспен қамту картасы аудандардың жұмыспен қамту карталары мен облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту картасының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының деректері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті орган қалыптастырады және республикалық картаны қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 сәуіріне дейін орталық атқарушы органға береді.
      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталары қаладағы аудандардың жұмыспен қамту карталарының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының мәліметтері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі қалалық уәкілетті орган әрбір есепті жылдың 1 сәуіріне дейін қалыптастырады және республикалық картаны қалыптастыру үшін орталық атқарушы органға береді.
      Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталарын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері бекітеді.
      Республикалық жұмыспен қамту картасын жұмыспен қамту саласындағы орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталары негізінде әрбір есепті жылдың 1 мамырына дейін қалыптастырады. Республикалық жұмыспен қамту картасын орталық атқарушы орган бекітеді.
      Өңірлердің жұмыспен қамту карталары орталық мемлекеттік органдардың мәліметтері ескеріле отырып толықтырылады және түзетіледі.
      Жергілікті атқарушы органдар бір жылда екі рет (есіпті жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) 5 қаңтарда және 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының мәліметтерін жаңартып отырады.
      Уәкілетті орган Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталарында көрсетілген жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізеді.
      5. Осы Әдістеме бойынша әдістемелік басшылықты жұмыспен қамту саласындағы орталық атқарушы орган және уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Өңірлердің жұмыспен қамту карталары мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) өңірдің паспорты;
      2) еңбек ресурстарына қосымша қажеттілік (сұраныс);
      3) кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындар бойынша еңбек ресурстарына қажеттілік;
      4) еңбек ресурстарының көздері;
      5) еңбек ресурстарының теңгерімі.
      7. Өңірлердің жұмыспен қамту карталары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

2. Өңірдің паспортын қалыптастыру

      8. Өңірдің паспортында халықтың экономикалық белсенділігінің жай-күйі, толтырылатын әрбір жыл бойынша жеке экономиканың негізгі салалары бөлінісінде еңбек нарығының жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
      9. «Халықтың саны» деген 1-жолда осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасы (мемлекеттік статистика органдары деректерінің негізінде), сондай-ақ, демографиялық ахуал мен көші-қон процестеріндегі болжамды өзгерістері ескеріле отырып, халықтың күтілетін саны көрсетіледі.
      Халықтың t жылдан (St) кейін күтілетін саны мынадай формула бойынша айқындалады:

      мұнда, – халықтың базалық жылдағы саны;
       – көрсетілген кезеңге халықтың орташа саны (кезеңнің басына және соңына орташа арифметикалық сан ретінде айқындалады);
      N – туған адамдардың саны;
      M – қайтыс болғандардың саны;
      Sпр – келген адамдардың саны;
      Sвыб – кеткен адамдардың саны;
      t – есепті жылды базалық жылдан ажырататын жыл саны.
      10. «Экономикалық белсенді халық» (бұдан әрі – ЭБХ) деген 2-жолда осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасын ескере отырып айқындалатын ЭБХ саны көрсетіледі (мемлекеттік статистика органдарының деректері бойынша).
      2-жолда көрсетілген ЭБХ саны жұмыспен қамтылған (3-жол) және жұмыссыз (4-жол) халықтың сомасына тең келеді.
      11. «Жұмыспен қамтылған халық» деген 3-жолда осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасын (мемлекеттік статистика органдары мәліметтерінің негізінде), сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жоспарлы шаралардың, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде жұмыс орындарын құру нәтижесінде жұмыспен қамтылған халық санының ықтимал көбеюі ескеріле отырып, жұмыспен қамтылған халықтың саны көрсетіледі.
      3-жолда көрсетілген жұмыспен қамтылған халықтың саны жалдамалы (1)-жол) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған (2)-жол) халықтың сомасына тең келеді.
      «Жалдамалы қызметкерлер» деген 1)-жолда және «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, оның ішінде» деген 2)-жолда жалдану арқылы жұмыс істейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны көрсетіледі.
      Бұл ретте, экономикалық қызметтің негізгі түрлері бойынша бөліп көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық мәртебесінің өзгеру мүмкіндігі (еңбек қатынастарын заңдастыру және/немесе жалдану арқылы істейтін жұмысқа ауысу) ескеріледі.
      «Нәтижелі жұмыспен қамтылғандар» деген А жолда:
      жұмыс берушілер – орташа айлық табысының деңгейіне қарамастан;
      кооперативтердің мүшелері;
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер);
      тек өзі тұтыну үшін жеке қосалқы шаруашылығында өнім өндірумен айналысатындар;
      отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері – орташа айлық табысының деңгейіне қарамастан және «кооперативтердің мүшелері»;
      жеке қосалқы шаруашылығында сату (айырбастау) үшін өнім өндірумен айналысатындар – орташа айлық табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан жоғары адамдар көрсетіледі.
      «Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар» деген Б жолда:
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер қатарындағы жұмыс істемейтіндер тіркелмегендер);
      тек өзі тұтыну үшін жеке қосалқы шаруашылығында өнім өндірумен айналысатындар;
      отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері – орташа айлық табысының деңгейіне қарамастан және «кооперативтердің мүшелері»;
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер);
      жеке қосалқы шаруашылығында сату (айырбастау) үшін өнім өндірумен айналысатындар – орташа айлық табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен адамдар көрсетіледі.
      Бұл ретте, нәтижелі жұмыспен қамту тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісінен еңбекақы төлеу түрінде табыс алуды немесе кәсіпкерлік қызметтен табыс табуды қамтамасыз ететін қызметті білдіреді.
      2)-жолда көрсетілген «өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың» саны нәтижелі жұмыспен қамтылған (А жол) және нәтижесіз жұмыспен қамтылған (Б жол) халықтың сомасына тең келеді.
      12. «Жұмыссыз халық» деген 4-жолда және «Уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз халық» деген 1)-жолда жұмыссыздардың (4-жол) жалпы санын және уәкілетті органдарда ресми тіркелген жұмыссыздардың (1)-жол) санын бағалау жөніндегі деректер көрсетіледі.
      Жұмыссыздардың жалпы санын бағалау осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасы (мемлекеттік статистика органдарының деректері бойынша) ескеріле отырып, сондай-ақ жұмыс орындарының қысқаруы, алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы, жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі шараларды қабылдаудан, жұмыс орындарын құрудан күтілетін болжамды нәтижелер ескеріле отырып жүзеге асырылады
      13. «Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз отбасылар, оның ішінде» деген 5-жолда жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен 40 % – халыққа әлеуметтік қолдау көрсету кезінде қолданылатын табыс шегі) өңірдегі халық санының болжамы көрсетіледі.
      Халықтың осы тобының санын бағалау осы көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасы (жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің деректері), сондай-ақ халық табысының ықтимал өсуі, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары (табысы аз халықтың еңбек етуге қабілетті бөлігіне арналған) есебінен өсуі (Аумақтарды дамыту бағдарламасының, статистика органдарының, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің деректері бойынша) ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      14. «Балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алушылар, оның ішінде» деген 1)-жолда балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алушылардың - отбасылардың саны көрсетіледі (аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің деректері бойынша).
      Бұл жолда балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алушылар отбасыларының құрамындағы еңбек етуге қабілетті барлық адамдардың саны көрсетіледі.
      15. «Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар» деген 2)-жолда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар отбасыларының саны көрсетіледі (аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің деректері бойынша).
      «Еңбек етуге қабілетті адамдар» деген жолда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар отбасыларының құрамындағы еңбек етуге қабілетті барлық адамдардың саны көрсетіледі.
      16. Паспорттың көрсеткіштері әрбір жол бойынша экономикалық қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес бөлінеді:
      1) ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы;
      2) өнеркәсіп, оның ішінде:
      а) тау-кен өндірісі мен карьерлерді әзірлеу,
      б) өңдеуші, машина жасау және аспап жасау, электрмен-сумен жабдықтау;
      3) құрылыс;
      4) көлік және қоймалау;
      5) ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі;
      6) қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда;
      7) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, өнер, ойын-сауық және демалыс;
      8) мемлекеттік басқару, қорғаныс.
      Экономикалық қызметтің түрлері Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген ҚР МС 03-2007 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (бұдан әрі – ЭҚЖС) сәйкес белгіленген және осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

3. Еңбек ресурстарына қосымша қажеттілік (сұраныс)

      17. Еңбек ресурстарына қосымша қажеттілікте іске асырылатын Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Аумақтарды дамыту бағдарламаларының және жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға енбейтін жеке бастамалардың шеңберіндегі еңбек ресурстарына қажеттілік туралы мәліметтер көрсетіледі.
      18. «Өңір бойынша барлығы» деген 1-жолдағы барлық бағанда экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      1-1 – 1-9-жолдарда ЭҚЖС сәйкес тұрақты және уақытша жұмыс орындарына қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      19. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жобаларында барлығы» деген 2-жолда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      2-1 – 2-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлер саны көрсетіледі.
      20. «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобаларында, барлығы» деген 3-жолда Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларға байланысты, оның ішінде Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша қалыптасқан қажеттілік (құрылыс кезеңі сияқты, пайдалануға берілгеннен кейін де) көрсетіледі.
      3-1 – 3-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      21. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жобаларында» деген 4-жолда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      4-1 – 4-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      22. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы жобаларында», барлығы» деген 5-жолда «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      5-1 – 5-6-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      23. 6 – 8-2-жолдарда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Ақ бұлақ» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту – 2020» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларға қажет болатын жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      24. «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобаларында, барлығы» деген 9-жолда «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      9-1 – 9-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      25. «Өңірлерді дамыту 2020, барлығы» бағдарламасының жобалары бойынша» деген 10-жолда «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын барлық жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      10-1 – 10-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі.
      26. «Өңірде іске асырылатын басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар (бағдарламаның атауын көрсету)» деген 11-жолда басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру үшін көзделген барлық жобаларда қажеттілік қалыптасқан жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      11-1 – 11-7-жолдарда ЭҚЖС сәйкес іске асырылатын жобаларда қажеттілік қалыптасқан қызметкерлердің саны көрсетіледі

4. Кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындар бойынша
аудан (облыс) бөлінісіндегі еңбек ресурстарына қажеттілік

      27. «Кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындар бойынша аудан (облыс) бөлінісіндегі еңбек ресурстарына қажеттілік» деген бөлімде кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда қажет болатын жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      Кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар бойынша еңбек ресурстарына қажеттілік ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, елорданың аумағындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда сауалнама мен анкета жүргізу әдісімен көрсетіледі.

5. Еңбек ресурстарының көздері

      28. Еңбек ресурстарының көздерінде өңірлік еңбек нарығына ықтимал еңбек ресурстарының ағыны көрсетіледі.
      29. «Барлығы, оның ішінде» деген 1-жолда өңірлік еңбек нарығына жаңадан қосылатын адамдардың жалпы саны көрсетіледі.
      30. «Жоғары оқу орындарының бітірушілері» деген 2-жолда жоғары оқу орындарының жұмысқа орналасуға мұқтаж бітірушілерінің саны (ЖОО-ының, білім беру, ішкі саясат жөніндегі өңірлік уәкілетті органдардың деректері бойынша) көрсетіледі. Мыналар:
      өңірде тұрақты тұратын жоғары оқу орындарының бітірушілері;
      аталған көрсеткіштің соңғы бес жылдағы динамикасын ескере отырып, қайта оралатын бітірушілердің болжамды саны ескеріледі.
      31. «Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының бітірушілері» деген 3-жолда соңғы бес жылдағы динамикасын ескере отырып, біліктілігі орташа деңгейдегі маман ретінде жұмыс орындарына орналасуға үміткер бола алатын колледж бітірушілерінің немесе ақпарат дайындаумен, құжаттаманы ресімдеумен және қызмет көрсетумен айналысатын немесе білікті қызметкерлердің саны (білім беру жөніндегі аумақтық уәкілетті органдардың деректері бойынша) көрсетіледі.
      Аталған жолда сол өңірде тұрақты тұратын колледждердің бітірушілер көрсетіледі.
      32. «Еңбекші көшіп-қонушылар, барлығы» деген 4-жолда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алған еңбекші көшіп-қонушылардың саны көрсетіледі.
      «ішкі» деген 1)-жолда мемлекет ішінде (өңір ішінде, сол сияқты басқа өңірлерден келген) орын ауыстыратын адамдардың саны көрсетіледі.
      «шетелдік жұмыс күші» деген 2)-жолда қажеттілікті және жұмыс берушілердің сұранысын қазақстандық қызметкерлердің есебінен қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, өңірге тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      «оралмандар» деген 3)-жолда оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың саны көрсетіледі.
      Бағалау соңғы бес жылдағы көші-қон процестері динамикасы негізінде (мемлекеттік статистика органдары мен халықтың көші-қоны, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі өңірлік уәкілетті органдарының деректері бойынша) жүргізіледі.
      33. «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарынан босатылғандар» деген 5-жолда Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарынан босатылатын адамдардың саны туралы мәліметтер (қорғаныс істері аумақтық департаментерінің бағалауы бойынша) көрсетіледі.
      34. «Мектеп бітірушілері» деген 6-жолда есепті жылда орта білімнен кейінгі оқу орындарына түспеген, өңірдегі жалпы орта білім беретін мектептер бітірушілердің саны (білім беру жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша) көрсетіледі.
      35. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар» деген 7-жолда жұмысқа орналастыру қажет болатын, Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменттерінің бағалауы бойынша) көрсетіледі.
      36. «Өзгелері» деген 8-жолда жұмыс іздеп өңірлік еңбек нарығына шығуы мүмкін қызметкерлер мен мамандардың (жоспарлы жобалардың аяқталуына байланысты, оңтайландырумен немесе штат санының қысқаруымен байланысты босатылатындар) саны көрсетіледі.

6. Еңбек ресурстарының теңгерімі

      37. «Еңбек ресурстарының теңгерімі» деген бөлімде күтілетін сұранысты еңбек ресурстарымен салыстыру көрсетіледі.
      Реттік нөмірі 1-жолда сұранысқа ие жұмыс күші бойынша сандық деректер көрсетіледі.
      Реттік нөмірі 2-жолда еңбек нарығын толтырған жұмыс күшінің саны көрсетіледі.
      Реттік нөмірі 3-жолда қызметкерлердің негізгі санаттары бойынша өңірлік еңбек нарығындағы тапшылық немесе артық болуы көрсетіледі.
      38. Реттік нөмірі 3-жолда көрсетілетін еңбек нарығындағы теңгерімсіздік саны сұраныс (реттік нөмірі 1-жол) пен ұсыныс (реттік саны 2-жол) сомасына тең болады.

Өңірлердің жұмыспен қамту   
карталарын қалыптастыру әдістемесіне
1-қосымша            

_________________ ауданының (облысының) 201_ жылға арналған
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫ

I. Өңірдің паспорты

                                                 адам

Р/с №

Көрсеткіштер

Барлығы

Экономикалық қызмет түрлері







Ауыл, орман және балық шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Көлік және қоймалау

Ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлік операциясы

Қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, өнер, ойын-сауық және демалыс

Мемлекеттік басқару, қорғаныс

Тау-кен өнеркәсібі, карьерлерді әзірлеу

Өңдеу, электрмен-сумен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөліп тарату

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Халықтың саны


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

2

Экономикалық белсенді халық


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

3

Жұмыспен қмтылған халық











1)

Жалдамалы қызметкерлер











2)

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, оның ішінде











А

нәтижелі жұмыспен қамтылғандар











Б

нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар











4

Жұмыссыз халық


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

1)

Уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз халық


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

5

Табысы ЕТКД аз отбасылар, оның ішінде


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

1)

Балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алушылар (отбасылар), оның ішінде


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х


еңбек етуге қабілетті адамдар


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

2)

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (отбасы), оның ішінде


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х


еңбек етуге қабілетті адамдар


Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Еңбек ресурстарына қосымша қажеттілік (сұраныс)

                                                               адам



Қызметкерлердің санаты


Көрсеткіштер (жиыны, 3-тен 10-ға дейінгі жолдардың сомасы)

Барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері), ұйымдардың басшыларын қоса алғанда

Біліктілік деңгейі жоғары мамандар

Біліктілік деңгейі орташа мамандар (көмекші персонал)

Ақпарат дайындаумен, құжаттаманы ресімдеумен, есепке алумен және қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер

Қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қызметтерді ұсыну, сауда және ұқсас қызмет түрлері саласының қызметкерлері

Ауыл, орман және балық шаруашылығы және балық аулау саласының білікті қызметкерлері

Ірі және ұсақ өнеркәсіп ұйымдарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология мен жер қойнауын барлаудың білікті жұмысшылары

Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері мен слесарь- құрастырушылар

Біліктілігі жоқ қызметкерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Өңір бойынша барлығы











тұрақты











уақытша










1-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










1-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабдықтау











тұрақты











уақытша










1-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










1-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










1-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










1-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










кестенің жалғасы

1-7

білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, өнер, ойын-сауық және демалыс











тұрақты











уақытша










1-8

мемлекеттік басқару, қорғаныс











тұрақты











уақытша










1-9

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша











олардың ішінде










2

Жұмыспен қамту 2020 картасы бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










2-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










2-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабыдқтау











тұрақты











уақытша










2-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










2-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










2-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










2-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










2-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










3

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










кестенің жалғасы:

3-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










3-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабдықтау











тұрақты











уақытша










3-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










3-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










3-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










3-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










3-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










4

Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламаласының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










4-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










4-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабыдқтау











тұрақты











уақытша










4-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










4-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










4-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










4-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










4-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










5

Агробизнес - 2020 бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










5-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










5-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










5-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










5-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










5-5

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










5-6

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










6

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










6-1

құрылыс











тұрақты











уақытша










6-2

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










7

"Ақ бұлақ" бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










7-1

құрылыс











тұрақты











уақытша










7-2

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










8

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту - 2020" бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










8-1

құрылыс











тұрақты











уақытша










8-2

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










9

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










9-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










9-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабыдқтау











тұрақты











уақытша










9-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










9-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










9-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










9-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










9-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










10

"Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасының жобаларында, барлығы











тұрақты











уақытша










10-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










10-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде: тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабыдқтау











тұрақты











уақытша










10-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










10-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










10-5

ақпарат және байланыс; қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










10-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










10-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










11

Өңірде іске асыралатын басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар (бағдарламаның атауын көрсету)











тұрақты











уақытша










11-1

оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы











тұрақты











уақытша










11-2

өнеркәсіп, барлығы











тұрақты











уақытша










А

оның ішінде:
тау-кен өндіру











тұрақты











уақытша










Б

оның ішінде: өңдеу, машина жасау және аспаптар жасау, электр-сумен жабыдқтау











тұрақты











уақытша










11-3

құрылыс











тұрақты











уақытша










11-4

көлік және қоймалау











тұрақты











уақытша










11-5

ақпарат және байланыс;
қаржы және сақтандыру қызметі











тұрақты











уақытша










11-6

қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда











тұрақты











уақытша










11-7

өзге де түрлері











тұрақты











уақытша










Кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде кәсіпорындар бойынша
еңбек ресурстарына қажеттілік

                                                               адам

Р/с №

Көрсеткіштер

барлығы

Экономикалық қызмет түрлері




Ауыл, орман және балық шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Көлік және қоймалау

Ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі

Қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, өнер, ойын-сауық және демалыс

Мемлекеттік басқару, қорғаныс

Тау-кен өндіру

Өңдеу, электр-сумен жабыдқтау, газ, бу беру және ауаны баптау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөліп тарату


Өңірлер бойынша барлығы











1.1

№ 1 кәсіпорын (атауы және қызмет түрі)












Заңгерлер












Техниктер-электриктер












Электрмен дәнекерлеуші












Техник-бағдарламашылар











1.2

№ 2 кәсіпорын (атауы, қызмет түрі)












Аспазшы












Кондитер












,,,,,,











1.3

№ 3 кәсіпорын (атауы, қызмет түрі)












Кірпіш қалаушы












Сылақшы












Қаптаушылар












Мұнара кранының машинисі












Ілмектеуші











1.4

кәсіпорын ..... (атауы, қызмет түрі)












.......












........












........












......











Еңбек ресурстарының көздері

                                                           адам

Көрсеткіштер




жиыны, жолдардың сомасы

Барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері), ұйымдардың басшыларын қоса алғанда

Біліктілік деңгейі жоғары мамандар

Біліктілік деңгейі орташа мамандар (көмекші персонал)

Ақпарат дайындаумен, құжаттаманы ресімдеумен, есепке алумен және қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер

Қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерді ұсыну, сауда және ұқсас қызмет түрлері саласының қызметкерлері

Ауыл, орман және балық шаруашылығы және балық аулау саласының білікті қызметкерлері

Ірі және ұсақ өнеркәсіп ұйымдарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология мен жер қойнауын барлаудың білікті жұмысшылары

Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері мен слесарь құрастырушылар

Біліктілігі жоқ қызметкерлер

1

Барлығы, оның ішінде











2

Жоғарғы оқу орнының бітірушілері











3

Техникалық және кәсіптік оқу ұйымдарының бітірушілері











4

Еңбекші көшіп-қонушылар, барлығы











4.1

ішкі











4.2

шетелдік жұмыс күші











4.3

Оралмандар











5

ҚР әскери қызметтен босатылғандар











6

Мектептердің бітірушілері











7

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар











8

Басқалары











________________________ ауданы (облысы) бойынша 201__жылға
еңбек ресурстарының теңгерімі

                                             адам

Р/с №

барлығы

Қызметкерлердің санаты



Барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері), ұйымдардың басшыларын қоса алғанда

Біліктілік деңгейі жоғары мамандар

Біліктілік деңгейі орташа мамандар (көмекші персонал)

Ақпарат дайындаумен, құжаттаманы ресімдеумен, есепке алумен және қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер

Қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерді ұсыну, сауда және ұқсас қызмет түрлері саласының қызметкерлері

Ауыл, орман және балық шаруашылығы және балық аулау саласының білікті қызметкерлері

Ірі және ұсақ өнеркәсіп ұйымдарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология мен жер қойнауын барлаудың білікті жұмысшылары

Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері мен слесарь құрастырушылар

Біліктілігі жоқ қызметкерлер

Сұраныс

1











Ұсыныс

2











Еңбек ресурстарының теңгерімі, (-) жетіспеушілік, (+) артық

3











Өңірлердің жұмыспен қамту  
карталарын қалыптастыру әдістемесіне
2-қосымша            

Экономикалық қызмет түрлері

      1. «Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы» саласына мыналар жатады;
      өсімдік өсіру және мал шаруашылығы;
      аң аулау және осы салаларда қызметтер көрсету;
      орман шаруашылығы және ағаш дайындау;
      балық аулау және аквамәдениет.
      2. «Тау-кен өндірісі мен карьерлерді әзірлеу» саласына мыналар жатады:
      көмір және лигнит өндіру;
      шикі мұнай мен табиғи газ өндіру
      металл кендерін өндіру;
      тау-кен өндірісі өнеркәсібі басқа да салалары;
      тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер.
      3. «Өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөліп таратуды бақылау» саласына мыналар жатады азық-түлік өнімдерін өндіру;
      сусындар өндіру;
      темекі өнімдерін өндіру;
      тоқыма бұйымдарын өндіру;
      киім өндіру;
      былғары және соған жататын бұйымдарды өндіру;
      жиһаздан басқа, ағаштан және қасаңнан жасалған бұйымдарды өндіру;
      сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру;
      қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
      баспа және жазылған материалдарды шығару;
      кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
      химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
      резина және пластмасса бұйымдарын өндіру;
      металл емес өзге минералдық өнімдер өндіру;
      металлургия өнеркәсібі;
      машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;
      компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру;
      электр жабдықтарын өндіру;
      басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру;
      автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелерді өндіру;
      басқа да көлік құралдарын өндіру;
      жиһаз өндіру;
      басқа да дайын бұйымдарды өндіру;
      электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету;
      суды жинау, өңдеу және таратып бөлу;
      кәріз жүйесі;
      қалдықтарды жинау, өңдеу мен әкету; қалдықтарды кәдеге жарату;
      рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер.
      4. «Құрылыс» саласына мыналар жатады:
      ғимараттар мен құрылыстарды салу;
      азаматтық құрылыс мамандандырылған құрылыс жұмыстары
      5. «Көлік және қоймалау» саласына мыналар жатады:
      құрлықтағы көлік қызметі және құбырмен тасымалдау;
      су көлігі;
      әуе көлігі;
      қойма шаруашылығы мен қосалқы көлік қызметі;
      почта мен курьер қызметі.
      6. «Ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлік операциясы» салаларына мыналар жатады:
      баспа қызметі;
      кино-, бейнефильмдер мен теледидар бағдарламалары, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі;
      бағдарламалар әзірлеу және теле-радио хабарларын тарату қызметі;
      байланыс;
      компьютерлік бағдарламалау, консультациялар мен басқа да ілеспе қызметтер;
      ақпараттық қызметтер жұмысы;
      сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда, қаржылық қызметтер;
      міндетті әлеуметтік сақтандыруды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі;
      қаржылық және сақтандыру қызметтерін көрсету жөніндегі қосалқы қызметтер;
      жылжымайтын мүлік операциялары.
      7. «Қызмет көрсету, бөлшек-көтерме сауда» саласына мыналар жатады:
      автомобилдер мен мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы, оларды жөндеу;
      автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда;
      автомобилдер мен мотоциклдердің саудасын қоспағандағы, бөлшек сауда;
      тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
      азық-түлік өнімдері мен сусындарды ұсыну жөніндегі қызметтер;
      жалдау, жалға беру және лизинг;
      жұмысқа орналастыру;
      туроператорлардың, турагенттер мен туризм саласында қызмет көрсететін басқа да ұйымдардың қызметі;
      қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу жөніндегі қызмет;
      ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет;
      әкімшілік-басқару, шаруашылық және басқа да қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер;
      мүшелік ұйымдар қызметі;
      компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
      өзгеде де жеке қызметтерді ұсыну;
      үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;
      меншікті тұтынуы үшін тауар өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі.
      8. «Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, өнер, ойын-сауық және демалыс» саласына мыналар жатады:
      білім беру саласындағы қызмет;
      денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
      тұратын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызметтерді көрсету;
      тұратын орынмен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтерді көрсету;
      шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет;
      кітапхана, мұрағаттар, мұражайлар мен басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі;
      құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
      спорт, демалыс пен ойын-сауықтарды ұйымдастыру саласындағы қызмет;
      құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;
      бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөніндегі консультациялар;
      сәулет, инженерлік жаңалықтар, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет;
      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
      жарнама қызметі мен нарық конъюнктурасын зерттеу;
      өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
      ветеринарлық қызмет.
      9. «Мемлекеттік басқару, қорғаныс» саласы мыналарды қамтиды:
      Орталық, өңірлік және жергілікті басқару органдарының атқарушылық және заңнамалық қызметі;
      фискальдік қызметті басқару және бақылау:
      салық салуды жүзеге асыру;
      салықтар мен тауарлардың баж салығын жинау және салық заңнамасының бұзылуы жағдайларын тергеу;
      кеденді басқару;
      бюджеттің атқарылуы және мемлекеттік қорлар мен мемлекеттік қарыздарды басқару: ақшалай қаражатты жинау мен олардың жұмсалуын бақылау;
      жалпы (азаматтық) зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы саясатты және солармен байланысты қорларды басқару;
      экономикалық және әлеуметтік жоспарлау қызметтерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлеріндегі статистикалық қызметтердің жұмысы мен басшылығын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады