"Лифт шаруашылығы және эскалаторлар" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9356 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 № 308 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-5-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оны заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С. Құнанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші арнайы жариялаудан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

      Министр                                            В.Божко

       «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      ____________ Т.Дүйсенова
      2014 жылғы 17 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 94 бұйрығымен     
бекітілген        

«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы еңбектің мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құыретіне қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды жасауға;
      2) персоналды басқару саласындағы кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
      3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
      4) кәсіби даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
      2. КС негізгі қолданушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) кәсіптік даярлықтарын бағалау және мамандардың біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандары болып табылады.
      3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне арналған ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
      4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайын болуы;
      2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
      3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;
      6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
      11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;
      12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызмет саласы): ҚР ГК – 03-2007: «33.12 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу».
      6. Кәсіби қызмет саласы: Лифт шаруашылығы және эскалаторлар.
      7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: лифттер мен эскалаторларды монтаждау, жөндеу, техникалық пайдалану және техникалық күтім жасау.
      8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптерінің) карточкасы

1-параграф. Лифт электромеханигі

      9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.
      10. Мүмкін болатын лауазым атауы:
      лифт электромеханигі.
      11. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – лифт жабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану.
      12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      13. Лифт электромеханигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      14. Еңбек функцияларын айқындайтын, лифт электромеханигі орындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
      15. Лифт электромеханигінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4 кестесінде көрсетілген.
      16. Лифт электромеханигінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-7 кестелеріңде көрсетілген.

2-параграф. Электрлі көтергіштер (лифттердің) монтажшысы

      17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 2-4.
      18. Мүмкін болатын лауазым атауы:
      электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысы.
      19. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – электр көтергіштерді (лифттерді, эскалаторларды) монтаждау, жөндеу және пайдалану.
      20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      21. Электрлі көтергіштер (лифттердің) монтажшысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      22. Кәсіби стандарттың мамандықтың еңбек атқарымдарының тізімі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
      23. Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысының орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың мамандықтың еңбек атқарымдарының тізімін сипаттайтын атқарымдық картасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
      24. Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-7 кестелеріңде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілер

      25. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады.
      26. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына        
1-қосымша             

Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

Cалалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейлері

1.

Лифт жабдықтарын баптау, жөндеу және пайдалану

Лифт электромеханигі

Лифт электромеханигі

2-4

2.

Эскалаторды баптау, жөндеу және пайдалану

Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысы

Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысы

2-4

«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына         
2-қосымша             

Лифт электромеханигі

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіп

Базалық топ

7137 - Құрылыс слесарі мен электр слесарі, электр монтажшы және туыстас кәсіптер

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

1- шығарылымы. «Халық шаруашылығының барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері» бөлімі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы «30» қарашадагы № 343-п бұйрығымен бекітілген)

БТБА бойынша кәсіп

Лифт электромеханигі(2-6р.)

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтары

2

2

3

3-4

4

5-6

2-кесте. Лифт электромеханигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Коммуналдық кәсіпорындар, лифт шаруашылығын күтіп-баптайтын қызмет көрсетуші ұйымдар.

Зиянды және қауіпті еңбек шарттары

Еңбек шарттары қолданыстағы нормативтік актілермен және ережелермен бекітіледі

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Жұмысқа қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша дайындықтан өткен тұлғалар жіберіледі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта және кәсіби-техникалық білім. Тікелей өндірістегі кәсіби дайындығы немесе кәсіпорын базасында қысқа мерзімді курстары, жұмыс орнында оқуы, жетекшінің нұсқаулығы. Техникалық білімінің біліктілігінің белгіленген деңгейі.

Жұмыс орнынды оқуы кезінде. Нұсқаулық.

3

Практикалық жұмыс тәжірибесінсіз кәсіби немесе техникалық білімінің біліктілігі немесе техникалық білім және практикалық жұмыс тәжірибесі біліктілігінің белгіленген деңгейі.

2-ші деңгейде 1 жыл

4

Кәсіби немесе техникалық білімі біліктілігінің, практикалық жұмыс тәжірибесінің жоғары деңгейі, тәжірибелік жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары техникалық білім біліктілігінің және практикалық жұмыс тәжірибесінің деңгейі.

3-ші деңгейде 3 жыл

3-кесте. Лифт электромеханигі орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Пайдаланылатын механизмдер мен жабдықтардың жағдайын тексеру. Материалдар мен жабдықтарды жұмысқа дайындау

2

Монтаждау және/немесе жөндеу жұмыстарын орындау, бұзылуларды жою. Лифттердің сызбаларын және электро-сызбаларын оқу.

3

Жабдықтардың жағдайын қайталап тексеру. Дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына және өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалған жұмыстың сапасын бағалау.

4-кесте. Лифт электромеханигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер
(еңбек әрекеттері)

1

Алғашқы еңбек ұжымы Құрылыстық лифт жабдықтары және қорек көзі, жеке қорғаныс құралдары, сызбалар

Нұсқаулықтар, шаблондар, режимдер, сызбалар электро өлшеуіш құралдар монтаждалған жабдықтар

1-1) Тапсырманы орындауға қажетті саймандарды, материалдарды анықтау және дайындау.

1-2) Лифт жабдықтары жұмысының оптимальдық режимдерін іріктеу, орнату және пайдалану. Жұмыста қолданылатын барлық жабдықтарды, құрал-саймандарды және механизмдерді тексеру. Жабдықтар мен механизмдердің жұмысындағы бұзылыстарды анықтау, олардың себебін айқындау және жою.

2-1) Лифт жабдықтарын жөндеу, монтаждау және қайта монтаждау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. Лифт жетегін жарықтандыру, сигнализация және басқару тізбектеріндегі қарапайым бұзылуларды анықтау және жою.

2

2-2) Лифт жабдықтарын жөндеу, монтаждау және қайта монтаждау бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау. 1 м/сек дейінгі жылдамдықта қозғалатын бір жерден басқарылатын, электрлік және механикалық лифт жабдықтарын баптау, реттеу және сынау.

2-3) Лифт жабдықтарын жөндеу, монтаждау, қайта монтаждау бойынша күрделі жұмыстарды орындау.

3

3-1) Жабдықтардың жағдайын қайталап тексеру. Дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына және өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалған жұмыстың сапасын бағалау.

3-3) Бағынышты жұмыскерлердің орындаған жұмыстарының сапасын талдау. Объектіні қабылдауда комиссия жұмысына қатысу. Монтаждалған жабдықты пайдалануға беру.

5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі лифт электромеханигінің құзыретіне қойылатын талаптар

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Жұмыс үшін қажетті механизмдер мен құралдардың материалдарын дайындау кезінде шектелген жауаптылықты және дербестіктің белгілі бір дәрежесін қарастыратын басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет

Лифт жабдықтарын монтаждау және/немесе жөндеу үшін қажетті жұмыс орнын, материалдарды, механизмдерді және саймандарды дайындау.
 
 

Лифт жабдықтарын монтаждау және/немесе жөндеу үшін қажетті жұмыс орнын, материалдарды, механизмдерді және саймандарды, дайындау қағидалары.
 

2-1)

Жоғары біліктілікті маманның басшылығымен лифт жабдығын монтаждау және/немесе жөндеу кезінде негізгі процестерге қатысу кезінде шектелген жауаптылық пен дербестіктің белгілі бір дәрежесін қарастыратын басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет

11-14 квалитеттер (4-7 дәлдік кластары) бойынша детальдарды слесарлық өңдеу. Механикалық және автоматты құлыптарды, ысырмаларды, түйінді ажыратқыштарды, қабатты қосқыштарды түймелі және шақыру аппараттарын бөлшектеу және жинау. Жарықтандыру, дабыл және лифт жетегін басқару тізбектеріндегі қарапайым бұзушылықтарды анықтау және жою.

Лифттердің қарапайын тораптары мен механизмдерін бөлшектеу және жинау тәртібін, детальдарын слесарьлық өңдеу операциясының әдістері мен кезектілігі; металлдардың қасиеттері мен маркалануы; жол берулер және отырғызулар туралы жалпы мәліметтер және олардың сызбаларда көрсетілуі; болат арқандар мен шынжырлармен жұмыс істеу қағидасы; көтергіш механизмдердің (шығырлар), блоктардың, шкивтердің, барабандардың құрылғысы; типтік лифттердің құрылғысы мен қолданылуы туралы негізгі мәліметтер; лифттерді жарықтандыру және дабылы және лифттердің жетекті басқару жүйелері тізбегінің электрлік және электр күшті сызбалары.

6-кесте. СБШ біліктілігінің 3-деңгейлі лифт электромеханигінің құзыретіне қойылатын талаптар

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

3-1)

Жабдықтар мен механизмдердің жұмысында бұзушылықтар анықталған, олардың себептерін айқындау және түзету кезінде өздігінен жоспарлауды, жауаптылықты көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет

Жабдықтар мен механизмдердің жұмысындағы шағын және қарапайым бұзушылықтарды анықтау және жою.

Жабдықтар мен механизмдердің құрылысы мен жұмыс тәртібі

3-2)

Лифт жабдығын жөндеу, монтаждау, демонтаждау бойынша орташа күрделіліктегі жұмыстарды орындау кезінде өздігінен жоспарлауды, жауаптылықты қарастыратын басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет

0,71 м/се дейінгі және одан жоғары жылдамдықпен қозғалатын жеке басқаруы бар лифттердің механикалық және электрлік жабдықтарын баптау, реттеу және сынау.
Лифттерді жарықтандыру, сигнализациясы және басқару жетегі тізбектеріндегі күрделі бұзылымдарды анықтау және жою. 7-11 квалитет бойынша детальдарды слесарлық өңдеу (2-4 классты нақтылық). Электр қозғалтқыштарды орнату, орталықтандыру, қосу. Шахта және жабдықтың машиналық үй-жайы бойынша құбырлардағы немесе бұраулардағы төсемдерді, сымдарды, кабельдерді бөлу. Монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізуді жеделдететін және жеңілдететін орнату және белгілеу шаблондарын және аспаптарды дайындау.

Лифттерді монтаждауға, жөндеуге және қайта монтаждауға арналған техникалық шарттар; лифттерді жеке басқарудың принципиалды сызба-нұсқасы; механикалық тораптар мен электр аппараттарын бөлшектеу және жинау кезектілігі; реттелмейтін асинхронды қозғалтқыштар, трансформаторлар, реле және магнитті жібергіштер, ұстағыштардың құрылғысы; лифт жабдығының орташа күрделі және күрделі тораптарының технологиясы; күтім көрсететін лифттердің принципиалды электрлік желілері; «Электр қондырғыларының құрылғысының қағидасы» лифттерді монтаждауға, техникалық күтім жасауға және жөндеуге қойылатын талаптар бөлігінде

3-3)

Атқарылған жұмыстардың сапасын бақылау кезінде өздігінен жоспарлауды, жауаптылықты қарастыратын басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет

Басқару жүйелерінің кабельді желілері мен шынжырларындағы, электр қозғалтқыштарындағы, трансформаторлардағы оның кедергілерінің үлкендігін өлшеу және оқшаулау жағдайын мегометрмен тексеру. Лифтті Мемтаукен қадағалау инспекторының техникалық куәландыруына дайындау

«Лифттердің құрылғысының және қауіпсіз пайдаланылуының қағидалары» Мемтаукенқадағалау. Құжаттаманы оқу.

7-кесте. СБШ біліктілігінің 4-деңгейлі лифт электромеханигінің
құзыретіне қойылатын талаптар

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

4-1)

Лифт жабдықтарын монтаждау, жөндеу және демонтаждау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне жауаптылықты, нормалардың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, тапсырмаларды өздігінен айқындауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Қосарлап басқарылатын, соның ішінде басқарудың электрлік сызбаларындағы электронды микроэлементтер мен логикалық элементтермен басқарудың электрлік сызбаларының баспа монтажын қолдана отырып, жылдамдығы 1 м/сек дейінгі және жоғары қозғалатын лифттерді орнату, реттеу және сынау. Лифттердің ерекше күрделі сызбалары мен электрлік сызбаларын оқу.

Жедел лифттерді монтаждау және жөндеудің техникалық шарттары;
Жылдам лифттердің электрлік сызбанұсқалары

4-2)

Лифт жабдықтарының бұзушылығын бақылау бойынша атқарылатын жұмыстардың нәтижесіне жауаптылықты, нормалардың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, тапсырмаларды өздігінен айқындауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі.

Қосарлап басқару жүйелеріндегі бұзушылықтарды айқындау және оларды жою. Механикалық тораптардағы, жылдам лифттердің басқару, жарықтандыру және дабыл жүйелеріндегі бұылымдарды айқындау және оларды жою. Жартылай өткізгішті элементтердің сипаттамасын алу.

Лифттерді сынауға арналған техникалық шарттар. Лифттердің механикалық және электрлік жабдықтарын монтаждау, жөндеу және сынау сапасына қойылатын талаптар, детальдары мен тораптарының қызмет мерзімдері және оларды басқаруды ұлғайту бойынша іс-шаралар мен тораптар.

«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына          
3-қосымша             

Электрлік көтергіштердің монтаждаушылары

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

7233 – Электрлік көтергіштердің монтаждаушылары

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, тарауы

3- шығарылым. «Құрылыс, монтаждау және жөндеу - құрылыс жұмыстары» бөлімі
(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы «13» желтоқсандағы № 432-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 9 қаңтарда № 7373 тіркелген)

БТБА бойынша кәсіп

Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтаждаушылары (2-6 р.)

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтары

2

2

3

3-4

4

5-6

2-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Коммуналдық кәсіпорындар, эскалатор машиналарын күтіп-баптайтын қызмет көрсетуші ұйымдар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Еңбек шарттары қолданыстағы нормативтік актілермен және ережелермен бекітіледі

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Жұмысқа қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша дайындықтан өткен тұлғалар жіберіледі

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Жалпы орта және кәсіби-техникалық білімі. Тікелей өндірістегі кәсіби дайындық немесе кәсіпорын базасындағы қысқа мерзімді курстар, жұмыс орнында оқыту, жетекшімен нұсқаулық. Техникалық білім біліктілігінің белгіленген деңгейі.

Жұмыс орнында білім алу кезеңінде. Нұсқаулық.

3

Техникалық білім және практикалық жұмыс тәжірибесінің біліктілігінің белгіленген деңгейі немесе практикалық жұмыс тәжірибесінсіз кәсіби немесе техникалық білім біліктілігінің белгіленген деңгейі.

2-ші деңгейде 1 жыл

4

Кәсіби немесе техникалық білімі біліктілігінің жоғары деңгейі, практикалық жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары техникалық білім және практикалық жұмыс тәжірибесі біліктілігі деңгейі.

3-ші деңгейде 3 жыл

3-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысы орындайтын, еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Пайдаланылатын механизмдер мен жабдықтардың жағдайын тексеру. Материалдар мен жабдықтарды жұмысқа дайындау

2

Электрлік көтергіштерді (лифттерді) монтаждау кезіндегі жұмыстарды орындау.

3

Орындалған жұмыстардың сапасын бақылау және бағалау.

4-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысы орындайтын
КС бірліктерінің сипаты

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер
(еңбек әрекеттері)

1

Эскалаторлар және қорек көзі, жеке қорғаныс құралдары

Нұсқаулықтар, шаблондар, режимдер, сызбалар электр өлшеуіш құралдар

1-1) Қажетті саймандар мен материалдарды айқындау және дайындау.

2

2-1) Электрлік көтергіштерді (лифттер) монтаждау кезінде қарапайым жұмыстарды орындау.

2-2) Электрлік көтергіштерді (лифттер) монтаждау кезінде қарапайым және орташа күрделі жұмыстарды орындау.

2-3) Электрлік көтергіштерді (лифттерді) монтаждау кезіндегі күрделі жұмыстарды орындау

3

3.1) Пайдаланылған жабдықтардың жағдайын қайталап тексеру. Дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау.
3.2) Лифттерді пайдалануға беру, қабылдауға қатысу және Мемтаукенқадағалау қызметінің бақылау тексерулеріне қатысу

5-кесте. СБШ біліктілігінің 2-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысының құзыретіне қойылатын талаптар 

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Жұмыс үшін қажетті механизмдер мен құралдардың материалдарын дайындау кезінде шектелген жауаптылықты және дербестіктің белгілі бір дәрежесін қарастыратын басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет

Лифт жабдықтарын монтаждау және/немесе жөндеу үшін қажетті жұмыс орнын, материалдарды, механизмдерді және саймандарды дайындау.
 

Лифт жабдықтарын монтаждау және/немесе жөндеу үшін қажетті жұмыс орнын, материалдарды, механизмдерді және саймандарды дайындау қағидаларын бекіту

2-1)

Электрлік көтергіштерді (лифттерді) монтаждау бойынша жұмыстарды орындау кезінде дербестіктің анықталған дәрежесін және шектелген жауаптылықты көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет
 

Дайын белгі бойынша металдарды шабу және кесу. Еріткіште жуу және детальдарды майлау. Жабдықтарды шешу. Метиздерді, материалдарды және саймандарды іріктеу. Қарапайым электроаппаратураларды зарядтау және орнату.
Бағыттаушы, тоғыспалы тақтайшаларды, кронштейндерді жинақтау: бағыттаушы, қабаттық қосқыштар, шунттар, датчиктер және т.б.

Электротехникалардың қарапайым ұғымдары. Лифттерді монтаждау жөніндегі нұсқаулықтардың негізгі ережелері.
Лифттердің негізгі тораптарының атауы және қолданылуы. Лифттерді монтаждау кезінде қолданылатын инструменттер, материалдар және такелажды жабдықтардың түрлері мен тағайындалуы. Лифттерде қолданылатын сымдар мен кабельдердің негізгі маркалары. Бекіткіш бұйымдардың негізгі түрлері және жабдықтардың бөлшектерін бекітудің қарапайым тәсілдері.

6-кесте. СБШ біліктілігінің 3-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысының құзыретіне қойылатын талаптар

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

2-2)

Электрлік көтергіштерді монтаждау кезінде орташа күрделі жұмыстарды орындау кезіндегі жауаптылықты, өздігінен жоспарлауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет

Каркастар мен метал шахталарын монтаждау. Кабиналар мен қарсы салмақтарды жинау және оларды орнату. Шахталық есіктерді орнату. Машиналық үй-жайлар мен приямкаларды монтаждау, қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек дейінгі жүк және жолаушы лифттерінің механикалық және электрлік тораптарын реттеу және оларды пайдалануға беру.
Жылдамдығы 1 м/сек дейінгі лифттердің электропроводкаларын төсеу және қосу (топтық және қосарлы басқару лифттерінен басқа). Кабиналар және жылдамдықты шектеушінің арқанын ілу және бекіту. Оқшаулау мен жерге түйістіру кедергісін өлшеу. Лифт шахталарының ішіндегі телефон-диспетчерлік байланысын монтаждау.

Электрлік көтергіштердің негізгі құрылғылары және жұмыс принциптері. Қозғалу жылдамдығы 0,71 м/сек дейінгі лифттерді басқарудың электр сызбасы. Лифт жабдықтарының жерге түйісу және нөлдену қағидасы. Электрпроводкаларын төсеу қағидасы. Жабдықтарды қозғалту тәсілдері. Қозғалу жылдамдығы 1 м/сек дейінгі жүк және жолаушы лифттердің механикалық және электрлік жабдықтарын монтаждау және реттеу тәсілдерінің технологиялық кезектілігі, оларды баптау және пайдалануға беру қағидасы. Қозғалу жылдамдығы 1 м/сек дейінгі лифттердің электр сызбасы (топтық және қосарлы басқаруы бар лифттерден басқа). Оқшаулау және жерге түйістіру кедергілерін өлшеу тәсілдері.

3-1)

Атқарылған жұмыстардың сапасын бақылау кезінде орташа күрделі жұмыстарды орындау кезінде жауаптылықты, өздігінен жоспарлауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет.

Атқарылған жұмыстардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды орындау.

Шахталардың габариттерін тексеру және олардың жоба және техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігі. КСРО Мемтаукенқадағалау қызметінің «Лифттердің құрылғысының және қауіпсіз пайдаланылуының қағидалары» және «Жұмыстарды жүргізу және қабылдау қағидалары». МЕМСТ негізгі талаптары. Белгілеу сызбалары (лифттерге арналған жобалар)

7-кесте. СБШ біліктілігінің 4-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысы құзыретіне қойылатын талаптар

міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

2-3)

Электрлік көтергіштерді монтаждау кезіндегі күрделі жұмыстарды орындау кезіндегі жауаптылық, нормаларды іске асыруды ұйымдастыру және бақылау, міндеттерді өздігімен анықтауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет.

Ауыспалы және тұрақты токта жұмыс істейтін, қозғалу жылдамдығы 1 м/сек асатын лифттерді қабылдау және машиналық үй-жай жабдықтарын жөндеу. Машиналық үй-жай және арнайы көтергіш бағыттаушысының жабдықтарын монтаждау. Электр желілерін төсеу және қосу, барлық тораптарды реттеу және ауыспалы және тұрақты тоқта жұмыс істейтін қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек дейінгі және одан асатын топтық және қосарлы басқару лифттерінің лифттерді басқару жүйелерін және арнайы көтергіштерді баптау

Ауыспалы және тұрақты токта жұмыс істейтін, қозғалу жылдамдығы 1 м/сек лифттердің механикалық және электрлік жабдықтарын монтаждау тәсілдері. Ауыспалы токтағы барлық лифттердің электрсызбалары. Ауыспалы және тұрақты тоқта жұмыс істейтін қозғалыс жылдамдығы 1 м/сек дейінгі және одан асатын топтық және қосарлы басқару лифттерін және арнайы көтергіштерді баптау, сынау және пайдалануға беру қағидасы.

3-2)

Көтергіштерді (лифттерді) пайдалануға беру кезінде жауаптылық, нормалардың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, міндеттерді өз бетінше анықтауды көздейтін басшылықтың басқаруымен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық-басқару қызметі

Лифттерді пайдалануға беру, қабылдауға қатысу және Мемтаукен қадағалау қызметінің бақылау тексерулеріне қатысу

Контактілі және контактісіз аппаратуралармен 1 м/сек дейінгі және 1 м/сек асатын қозғалыс жылдамдығымен топтық және қосарлы басқару лифттерін және арнайы көтергіштерді баптау, сынау және пайдалануға беру қағидалары.
Лифт құру және лифттерді монтаждау жөніндегі нормативтік құжаттар.

«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына         
4-қосымша             

Келісу парағы

Үйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы КС ______________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне _________ тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ____ Күні ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады