"Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 сәуірде № 9360 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышында:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10
10

3
5
5
5
5
5

237
694
254
354
291
700

031
007
010
006
011
011

100
000
000
000
000
000

014

1) Жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдаланған кезде, оның iшiнде:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, дамылдау алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар беру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің басқаруындағы қонақүйлер, мотелдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді немесе оларды орналастыратын орындар беру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбыр жолдар, электр беру және байланыс желілерін, жолдар (жалпы пайдаланымдағы жолдардан басқа) орналастыру;
туристік мүкәммалды жалға беру;
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды өткізу;
3) жолсеріктер, экскурсоводтар, гидтер және аудармашылар беру;
мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі жануарлар мүйістерінде болған және оларды зерделеген кезде кәсіби кино, бейне және фото түсірілімдер өткізу;
4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту және аббаттандыру, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнімдер ендіру;
6) көлік қызметтерін көрсету.

1) табиғи кешендердi сақтау және дамыту;
2) жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн қорғау;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізу;
4) аумақты тазалау және абаттандыру;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамыту;
6) табиғатты қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу;
6-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеу;
7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
8) табиғатты қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеу;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыру және күтіп ұстау;
13) рекреациялық аймақтарды дамыту және абаттандыру;
14) жарнамалық қызметті жетілдіру;
15) экологиялық насихатқа;
16) теріс экологиялық зардаптарды алдын алу және жою.
(112, 113, 121, 122, 123, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431).

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 38-бабы, «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 сәуiрдегi № 586 қаулысы.

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10
10

3
5
5
5
5
5

237
694
254
354
291
700

031
007
010
006
011
011

100
000
000
000
000
000

015

Шектеулi шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан түскен кірістер, оның iшiнде:
1) кәдесый өнімін өндіру, оның iшiнде халық кәсiпшiлiктерiнiң бұйымдарын жасау;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда ағаш кесуден өндірілген тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізу;
3) орманды жанама пайдалану және оны қайта өңдеу өнімдері;
4) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн егу материалын өсiру;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзу, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн егуден түсетiн түсiмдер;
6) балық шабақтарын өсiру;
7) туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiмдер өндiру және қызметтер көрсету.

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

5

694

007

000

016

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

5

694

007

000

017

Баспа және басқа да көбейтілген өнімдер өндiруден түсетiн кiрiстер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

5

694

007

000

018

Жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтар

Сол сияқты

Сол сияқты

      «Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер

РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10
10
10

3
3
3
3
3
3
3

237
254
254
291
291
700
700

031
005
006
008
009
008
009

101
000
000
000
000
000
000

019

Оқу практикаларын өткiзу есебiнен түсетiн қаражат

1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу;
2) орман және аң шаруашылығы үшiн мамандар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
3) орман мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу;
(112, 113, 121, 122, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431).

2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 112-бабы, «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 сәуiрдегi № 586 қаулысы.

РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10
10
10

3
3
3
3
3
3
3

237
254
254
291
291
700
700

031
005
006
008
009
008
009

101
000
000
000
000
000
000

020

Мыналардың:
1) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн отырғызылатын материалдарды өсiру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелердi отырғызу, оқу практикаларын өткiзу;
2) аралық мақсатта пайдалану үшiн және өзге де мақсаттарда ағаш кесу және басқа да, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесу кезiнде алынған сүректi өңдеуден алынған тауарлар мен өнiмдердi, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнiмдерiн өткiзу және сүректі қайта өңдеу жөнiнде қызметтер көрсету;
3) орман мекемелерiнiң аумақтары шегiнде халыққа жүк тасымалдау жөнiнде көлiк қызметтерiн көрсету;
4) орманды пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшiн орманды ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру.

1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу;
2) орман шаруашылығы жолдарын салу және күтiп ұстау, ормандарды өртке қарсы жайластыру;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) табиғатты қорғау қызметiн қамтамасыз ету үшiн штаттан тыс маусымдық қызметкерлердiң, оның iшiнде өрт күзетушiлердiң, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi және өзге мақсаттарда ағаш кесудi, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметкерлердiң, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеудi жүзеге асыратын қызметкерлердiң қызметтерiне ақы төлеу;
5) байланыс құралдарын, көлiк және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшiн тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киiм-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
6) орман ресурстарын қайта өңдеу үшiн қажеттi жабдықтар мен тетіктер сатып алу;
7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу;
8) орман және аңшылық шаруашылығы үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн еңбектегi көрсеткiштерi үшiн көтермелеу (112, 113, 121, 122, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 431, 421).

Сол сияқты

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады