Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылы 30 сәуірде № 9372 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2020 № ҚР ДСМ-177/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Е. Байжүнісов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 151 бұйрығымен
бекітілген

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 № ҚР ДСМ-27/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-5) тармақшасына және 173-бабының 5-тармағына, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленген және Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай анықталамалар пайдаланылған:

      1) адамның тіршілік ету өнімдері – адамның ағзаның ішкі ортасына (қан, лимфа, тін сұйықтығы) және сыртқы ортаға бөлетін биологиялық заттары;

      2) биологиялық сұйықтықтар – бұл адамның физиологиялық және патологиялық сұйықтықтары, оларға амниоттық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, уыз, несеп, қуықасты безі сөлі, шырышты қабық сілемейі, синовиалды сұйықтық, шәуhет, жұлын-ми сұйықтығы, тін сұйықтығы, плевралды сұйықтық, мұрын сілемейі, тер, транссудат, құлақ құлығы, экссудат жатады;

      3) гемопоэздік дің жасушалары – адамның сүйек кемігінің саралана алатын қабілеті бар жасушалары;

      4) жасуша – жеке зат алмасуы бар, өзі өмір сүруге, өздігінен пайда болуға және дамуға қабілетті адам ағзасының негізгі құрылымдық-функционалдық бірлігі;

      5) қырынды – микроскопиялық, цитоморфологиялық және бактериоскопиялық зерттеу үшін арнайы аспаппен қыру арқылы алынған адамның зерттелетін материалы;

      6) патологиялық шығындылар – бұл сыртқы ортаға бөлінетін, патологиялық процестің дамуы нәтижесінде пайда болған немесе өздерінің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын өзгерткен (ағзадағы патологиялық процесс кезінде пайда болатын шығындылар) адамның тіршілік ету өнімдері;

      7) сөл – жасушалардан бөлінетін немесе биологиялық белсенді заттарды қамтитын сұйықтық;

      8) сүйек кемігі – сүйектің кеуекті затында және сүйек-кемік қуыстарында орналасқан орталық қан өндіру органы;

      9) сүртінді – микроскоппен одан әрі зерттеу мақсатында шыны затқа жағылған адамның зерттелетін материалы;

      10) тін – ортақ пайда болумен, құрылымымен және орындайтын функцияларымен біріктірілген адам ағзасының жасушалары мен жасушааралық заттарының жиынтығы;

      11) физиологиялық шығындылар – бұл сыртқы ортаға бөлінетін және тұрақты химиялық құрамы мен белгілі бір физикалық-химиялық қасиеттері бар адамның тіршілік ету өнімдері;

      12) шайынды – физиологиялық ерітіндімен, зарарсыздандыру суымен немесе арнайы сұйықтықпен жуу арқылы зерттелетін материалды зерттелетін ағзаан алу әдісі.

2-тарау. Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі

      3. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын және сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) www.elicense.kz, www.egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді.

      Қорытынды өтініш беруші айқындайтын, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын және сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      5. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін (бұдан әрі – қызмет алушы) қызмет берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі үлгілері орын ауыстырған жағдайда олардың биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелердің электрондық көшірмесі.

      6. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін қызмет алушы қызмет берушіге www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:

      1) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік ресурстар болып табылатын медициналық қызметке лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін және "трансплантология", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша лицензияға қосымшаның көшірмелерін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Қызмет берушінің құжаттарды қарау және қорытынды (рұқсат беру құжатын) берудің жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Қызмет беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Қызмет алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Қызмет алушы көрсетілген мерзімде құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындалады.

      Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қызмет беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады және электрондық құжат нысанында қызмет алушыға жіберіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тиісті қорытынды (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      11. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қызмет берушінің, денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдарының басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:

      1) қызметті берушімен – 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      2) денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдарымен – 15 (он бес) жұмыс күн ішінде.

  Туыстас емес транспланттауды
жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін
өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық
ғылыми мақсаттарға арналған
немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде
алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және
патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің,
қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге
қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1) өтініш;
2) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі үлгілері орын ауыстырған жағдайда олардың биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелерінің электрондық көшірмесі.
2. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1) өтініш;
3. Биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1) өтініш;
2) ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидаларға белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www.gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8- 800- 080-7777.

  Туыстас емес транспланттауды
жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін
өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық
ғылыми мақсаттарға арналған
немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде
алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және
патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің,
қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге
қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Гемопоэздік дің жасушаларын, адамның сүйек кемігін, туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында өткізген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін өтініш

      ____________________________________________________________________

      (импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)

      ___________________(күні) № _______ келісімшартқа сәйкес туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге (әкетуге) рұқсат беруді сұрайды

      _____________________________________________________________________

      (атауы, саны)

      _____________________________________________________________________

      (әкелудің/әкетудің нақты мақсатын көрсету)

      Алушы/жіберуші __________________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      _________________________________________________________________________

      Тағайындалатын/жіберілетін елі_____________________________________________

      Мынадай құжаттар қоса беріледі:

      _________________________________________________________________________

      (ұйым басшысы лауазымының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөне, әкесініңаты) (бар болса)

  Туыстас емес транспланттауды
жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін
өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық
ғылыми мақсаттарға арналған
немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде
алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және
патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің,
қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге
қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздікдің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге (рұқсат беру құжаты) ҚОРЫТЫНДЫ 20 /_____/____№ ____/ жылы күні айы

      ____________________________________________________________________

      (Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)

      Берілді ___________________________________________________________

      (Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)

      Өткізу түрі___________________________________________________

      ___________________________/            /_____________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)             (КО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші*_____________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      Тағайындалатын/жіберілетін елі*_______________________________________

      Страна импорта______________________________________________________

      Страна экспорта______________________________________________________

      Әкелу/әкету мақсаты _________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _________________________________________

      Негіздеме:__________________________________________________________

      Қосымша ақпарат ___________________________________________________

      Транзит елі __________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қолы _________________ Күні __________

      Қорытынды __________________ дейін жарамды

      МО

      ________________________________

      (Т.А.Ә.)

      ________________

      (лауазымы)

      <*> тауарлар санатына қойылатын талаптарды ескере отырып, толтырылады

  Туыстас емес транспланттауды
жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін
өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық
ғылыми мақсаттарға арналған
немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде
алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық
сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және
патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің,
қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге
қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін қорытынды (рұқсат беру құжатын) 20 /_____/____№ ____/ жылы айы күні

      __________________________________________________________________

      (Наименование государственного органа, выдавшего заключение)

      __________________________________________________________________

      (Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)

      Берілді _________________________________________________________

      (Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)

      Өткізу түрі______________________________________________________

      ___________________________/             /_____________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)            (КО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші_______________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      Тағайындалатын/жіберілетін елі_________________________________________

      Әкелу/әкету мақсаты___________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі __________________________________________

      Негіздеме:____________________________________________________________

      Қосымша ақпарат _____________________________________________________

      Транзит елі ___________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қолы _________________ Күні __________

      Қорытынды __________________ дейін жарамды

      ________________________________

      (Т.А.Ә.)

      _____________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады