Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 7/230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 сәуірде № 9384 тіркелді

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Ортсайлауком аппаратының заң бөлімі (Е.Г. Холмецкая) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Ортсайлауком аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімі (Г.Б. Кулеш) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                     Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы  
Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 7 сәуірдегі
№ 7/230 қаулысымен  
бекітілген     

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін
қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      1. Тегі
      2. Аты
      3. Әкесінің аты (егер болса)
      4. Туғаны туралы деректер: туған күні және жері
      5. Жынысы
      6. Білімі туралы деректер
      7. Әлеуметтік мәртебе
      8. Тұрғылықты жерінің мекенжайы
      9. Азаматтығы туралы мәліметтер
      10. Жеке сәйкестендіру нөмірі
      11. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган)
      12. Жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыз болу, жойылу себептері туралы мәліметтер
      13. Қайтыс болған күні
      14. Сайлаушының мәртебесі
      15. Сайлау учаскелері туралы мәліметтер (учаскенің нөмірі, мекенжайы және орналасқан жері)
      16. Сайлау комиссиялары туралы мәліметтер (комиссияның деңгейі, комиссия мүшелерінің құрамы)
      17. Сайланбалы лауазымға кандидаттар, сайланбалы лауазымға сайланғандар және бұрын сайланбалы лауазымдарда болғандар туралы мәліметтер (жұмыс орны, лауазымы, телефоны, мамандығы бойынша білімі, кәсіп тобы, партияға қатысы (егер болса), ұсыну нысаны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады