Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 95 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 шілдеде № 9596 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8420 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 95 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу Интернет желісі арқылы электрондық құжат түрінде берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.

      Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш "электрондық үкіметтің" (www.egov.kz) веб-порталында немесе www.elicense.kz порталы арқылы толтырылып ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады