Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 шілдеде № 9601 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 889 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 889 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 23 шілдедегі 
№ 313 бұйрығымен бекітілген

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу
қағидалары

      1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) меншік нысанына қарамастан Қазақстан Респубикасындағы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Барлық авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары (бұдан әрі - АҚҚ) бастапқы аттестаттаудан өткеннен кейін және оларға авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік бергеннен кейін міндетті тіркеуге жатады.
      3. АҚҚ-ны тіркеуді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - Департамент) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      4. Тіркеу Қазақстан Республикасының тиісті облыстарында АҚҚ туралы деректерді қалыптастыру мақсатында АҚҚ-ны авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік берген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде Департаментте тіркеу есебіне қоюға арналған.
      5. АҚҚ туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Департаменттің тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз түрінде жеке тізілім (бұдан әрі - тізілімдер) жүргізеді.
      6. Тізілмдер журнал түрінде болады. Тізілімдердің бір бетіне тек бір АҚҚ туралы мәлімет енгізіледі. Бір бетке екі және одан көп АҚҚ туралы мәліметті енгізуге жол берілмейді
      7. Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады.
      8. Тізілімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс жүргізу бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін департаменттерде тізілімдерді жүргізу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.
      9. АҚҚ орналасқан орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе жою кезінде АҚҚ басшысы үш жұмыс күні ішінде Департаментке ақпарат береді.
      Бұл ретте АҚҚ басшысы тиісті өзгертулерді растайтын құжаттардың көшірмелерін Департаментке ұсынады.
      10. АҚҚ-ны тіркеуден шығару авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі.р түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің күші жойылған, АҚҚ қайта бейіндеу және жою жағдайларында жүзеге асырылады.
      11. АҚҚ-ны тіркеуге қою және одан шығару Департаменттің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарын тіркеу  
қағидаларына 1-қосымша   

Нысан

Тізілім
(электрондық түрде жүргізіледі)

р/с №

Тіркеу нөмірі

Құралымның атауы

Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері

Заңды мекенжайы, телефон

Басшының Т.А.Ә., телефон

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Саны

Күні

Тіркеуден шығару күні

жеке құрам

техника, жүзу құралдары және басқа жабдықтар

аттестаттаудан өткен

келесі аттестаттау

1.

2.


4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарын тіркеу  
қағидаларына 2-қосымша   

Нысан

Тізілім
(қағаз түрінде түрде жүргізіледі)

р/с

Тіркеу

Құралымның

Жүргізілетін

Заңды мекенжайы,

Басшының

Тіркеуге

Жеке құрам

Техника

Ескертпе

нөмірі

атауы

жұмыстың негізгі түрлері

телефон

Т.А.Ә., телефон

арналған негіз, куәлік нөмірі

саны

саны


1.

2.

3.

4.

5.

6..

7.

8.

9.

10.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады