Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 тамызда № 9707 тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (2334) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулыда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
      кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.»;
      2-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жалпы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сақтандыру агентіне немесе сақтандыру брокеріне алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде:
      алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу сомасына:
      Дт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар
      Кт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;
      делдалдық қызметтерді алу фактісін растайтын құжаттар алынған кезде:
      Дт 1630 Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар;»;
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінен алған қызметтер бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы жөніндегі шартқа сәйкес комиссиялық сыйақы нақты төленген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 3390 41 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
                 делдалдармен есеп айырысу
      Кт 1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.
      11. Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушыға алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу жүзеге асырылған кезде:
      алдын ала комиссиялық сыйақы төлеу сомасына:
      Дт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар
      Кт 1010 Кассадағы ақша қаражаттары
         1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;
      қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде алдын ала комиссиялық сыйақы сомасына:
      Дт 1630 Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт 1610 01 Берілген қысқамерзімді аванстар;
      2) қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақыны есептеген кезде алдын ала төлемді жасау талабымен төленуге жататын комиссиялық сыйақы мен жүзеге асырылған алдын ала төлемнің айырмасы сомасына не, егер алдын ала төлем жүзеге асырылмаған талабымен комиссиялық сыйақының толық сомасына:
      комиссиялық сыйақының сомасын есептеген кезде:
      Дт 1630    Басқа да қысқамерзімді активтер
      Кт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу;
      амортизацияға жататын қайта сақтандыру шарты бойынша комиссиялық сыйақыны есепті кезеңдегі шығыстардың шотына жатқызған кезде:
      Дт 7470 45 Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы
                 төлеу бойынша шығыстар
      Кт 1630    Басқа да қысқамерзімді активтер;
      комиссиялық сыйақы сомасын нақты төлеген кезде:
      Дт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу
      Кт 1010    Кассадағы ақша қаражаттары
         1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.»;
      12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) төленбеген сақтандыру сыйлықақылары сомасына:
      Дт 7470 40 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне
                 байланысты шығыстар
      Кт 1280 41 Сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары
         1280 42 Қайта сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары;
      2) төленуге жататын ақша сомасына:
      Дт 7470 40 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне
                 байланысты шығыстар
      Кт 3390 43 Қайта сақтанушылармен есеп айырысу
         3390 44 Сақтанушылармен есеп айырысу;»;
      3-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша барлық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көзделген өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының бүкіл қолданыста болу мерзімі ішінде тиісті үлестерімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірісі ретінде танылады.
      Сақтандыру агентіне, сақтандыру брокеріне төленетін не қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушыға төлейтін комиссиялық сыйақылар бухгалтерлік есепте Нұсқаулықтың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес көрсетіледі.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының барлық сомасы толық көлемде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кірісі ретінде танылады және Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.»;
      293031 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының барлық сомасы толық көлемде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кірісі ретінде танылады, және Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      30. Егер өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделсе, кіріс өмірді жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген тиісті үлестермен оның қолданылу мерзімінің соңына дейін танылады және Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      31. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлемі тиісті үлестермен жүзеге асырылатын кезекті сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысының мерзімін өткізіп алу кезеңі басталған күннен бастап мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
                 сақтандыру сыйлықақысы
         1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі
                 өткен сақтандыру сыйлықақысы
      Кт 1280 41 Сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары
         1280 42 Қайта сақтандырылушылардан алынатын сақтандыру
                 сыйлықақылары
      32. Сақтанушыдан өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлемі тиісті үлестермен жүзеге асырылатын мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақылары келіп түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Дт 1010 Кассадағы ақша қаражаттары
         1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары
      Кт 1270 45 Сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
              сақтандыру сыйлықақысы
         1270 46 Қайта сақтанушылардан алынатын мерзімі өткен
                 сақтандыру сыйлықақысы.»;
      34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын өмірді жинақтаушы немесе жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес төленген сақтандыру сыйлықақыларын есепке ала отырып, бұрынғы және жаңа сақтандыру сыйлықақыларының арасындағы айырма сомасына азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру шарты негізінде төлеуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының ұлғаю сомасына өсірген кезде Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.»;
      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру шартын сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын біржолғы (бір рет) төлеуі талабымен жасаған кезде сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер сомасына Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      38. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын аннуитеттік сақтандыру шартында белгіленген мерзімнің соңына дейін кезеңдік негізде төлеу талабымен аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған жағдайда, сақтандыру ұйымы Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.»;
      39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) есептелген кезеңдік төлемдер сомасына:
      Дт 7470 41 Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
                 асыру бойынша шығыстар
      Кт 3390 44 Сақтанушылармен есеп айырысу;»;
      4-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
      63-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде:
      Дт 1270 41 Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
                 кірістер
      Кт 3390 54 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
                 басқа да кредиторлық берешек;
      қайта сақтандыру шарты қолданыста болу мерзімі ішінде есепті кезеңдегі кірістерге амортизацияға жатқызылатын комиссиялық кірістер сомасына:
      Дт 3390 54 Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
                 басқа да кредиторлық берешек
      Кт 6110 41 Қайта сақтандыру шарттары бойынша комиссиялық
                 кірістер;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады