Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 қазанда № 9781 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2017 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 27.04.2017 № 78/нқ бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Министр

Е. Досаев



  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2014 жылғы 1 қазандағы
  № 37 бұйрығымен
  бекiтілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінiң
Мемлекеттiк материалдық резервтер комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгінiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Yкiметінiң актілерiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтары мен нұсқауларын, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет – ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлерi, мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз өкілеттіктері шегінде азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекiтедi.

      8. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2016 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комитеттiң орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, "Алматы" ауданы, Янушкевич көшесi, № 2 үй.

      10. Комитеттiң толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      11. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      13. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге болмайды.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Міндеті: мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      Функциялары:

      1) Министрліктің қарамағындағы қадағаланатын салада (аяда) мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, олардың сапалық және сандық жағынан сақталуын есепке алуды қамтамасыз ету;

      4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;

      5) қарызға беру тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару туралы алушылармен шарттар (келісімшарт) жасасу;

      6) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2016 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      . Міндеті: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық жағынан сақталуын бақылау.

      Функциялар:

      1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жағынан сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

      1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;

      2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақтауда тұрған материалдық құндылықтардың сақталуына түгендеу жүргізу;

      3) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын түгендеу жүргізуге тарту;

      4) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзуда кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жіберу.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2016 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      . Міндеті: өз құзыреті шегінде мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету.

      Функциялар:

      1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борышпен тұрақсыздық айыптарын өндiріп алуды жүзеге асыру;

      3) ведомствоға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

      17. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

      1) Комитет, заңнамада белгіленген тәртіппен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;

      2) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;

      4) "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;

      5) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      18. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

      19. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын төраға басқарады.

      20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Төраға Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      22. Төраға Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      23. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:

      1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      2) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

      3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;

      4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдіреді;

      5) Комитеттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссиялары қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      6) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін ұйымдастырады;

      7) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2016 № 358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      11) Министрлік басшылығына бекітуге Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және ұсынады;

      12) Комитеттің бюджеттік өтінімін дайындауды, республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімді Министрліктің жауапты хатшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      13) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің жауапты хатшысына бекітуге енгізеді;

      14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша, бағыныстағы құрылымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Төрағаның орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;

      2) төраға болмаған кезеңде Комитетке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      25. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға төраға және (немесе) төрағаның орынбасарлары міндеттемелердің бөлінуіне сәйкес қол қояды.

4. Комитеттің мүлкі

      26. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрініс табатын өзге де мүліктерден тұрады.

      27. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Комитет өзіне бекітілген мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығармайды немесе өзге де тәсілмен оған билік жүргізбейді.

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады