"Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қазанда № 9836 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарда:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мыналарды:
      1) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстар сараптамасын;
      2) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
      3) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
      4) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген әрбір құжаттың сараптамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген келісулер, қорытындылар мен сараптамаларды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген концессиялық жоба бойынша оның алдындағы құжат сараптамасының нәтижелерін (тұжырымдары мен ұсынымдарын) ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.».
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізу кезінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар Заңның 3 және 7-2-баптарында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын басшылыққа алады.».
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Е.Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады