Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6354 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2014 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 26.02.2014 № 55 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 26.02.2014 № 55 бұйрығымен.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Ж. Айтжанова

2010 жылғы 28 маусымдағы N 95   
Қазақстан Республикасы      
Экономикалық даму және сауда   
министрінің бұйрығымен бекітілген

Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде
оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді
таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар
ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының
жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 26.02.2014 № 55 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Концессиялық ұсыныстарға, конкурстық құжаттамаларға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге және концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу кезінде осы Талаптардың сақталуы міндетті болып табылады.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мыналарды:
      1) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстар сараптамасын;
      2) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
      3) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
      4) Заңының 13 бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.09.26 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы Талаптарда көзделген негізгі міндеттер:
      Қазақсан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
      Заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын сақтау;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау;
      концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың алдын ала есептеулерін бағалау;
      жоба тәуекелдерін бөлуді және басқаруды бағалау;
      концессиялық жобаны жоспарлау кезеңінде оны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің негізділігін бағалау болып табылады.
      5. Концессиялық ұсыныстардың, конкурстық құжаттамалардың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің және концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасының нәтижесі сараптама қорытындысы болып табылады.
      Сараптама қорытындысының мәтіні мынадай бөліктерден тұрады:
      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі атауы және сараптама жүргізу күні, сондай-ақ, концессиялық жоба туралы жалпы ақпаратты қамтиды;
      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Талаптарға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;
      3) қорытынды бөлігінде сараптама қорытындылары бойынша әзірленген, оның ішінде жобаның экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлерін жақсарту бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар жазылады.
      6. Осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген әрбір құжаттың сараптамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген келісулер, қорытындылар мен сараптамаларды, сондай-ақ концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген концессиялық жоба бойынша оның алдындағы құжат сараптамасының нәтижелерін (тұжырымдары мен ұсынымдарын) ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.09.26 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Концессиялық ұсыныстардың сараптамасы

      7. Концессиялық ұсыныстардың сараптамасы концессиялық ұсыныста қамтылған ақпаратты бағалау арқылы концессиялық жобаны іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын айқындау мақсатында жүргізіледі.
      Концессиялық ұсыныс сараптамасының қорытындысы:
      концессиялық ұсыныс бойынша құжаттама топтамасының құрамын;
      концессия схемасы бойынша концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін;
      концессия схемасы бойынша концессиялық жобаны іске асыру орындылығын бағалауды қамтиды.
      Бағалау қорытындылары бойынша концессиялық ұсыныс сараптамасының қорытындысында тиісті ұсынымдар мен тұжырымдар келтіріледі.
      Концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру мүмкіндігін айқындау:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкідігін;
      концессиялық ұсыныстарда көрсетілген мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемін көрсету, сондай-ақ концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу мүмкіндігін;
      концессиялық жоба тәуекелдері мен оларды басқару бойынша шараларды;
      институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершіліктерін және басқаларды);
      концессиялық жобаның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету құнының есептеулер, сондай-ақ қажетті сараптаулар жүргізуді бағалауға негізделеді.
      Концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру орындылығын айқындау:
      жобаны іске асырудың әлеуметтік - экономикалық тиімділігін;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ концессиялық жобаның болжамды соңғы нәтижесінің бар-жоғын;
      маркетингтік зерттеу нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асырудың нәтижесінде түзілетін өнімдерге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұранысты;
      концессия схемасы бойынша, оның ішінде балама схемалар кезінде жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттің пайдалары мен шығындарының және жобаны қаржыландыру көздерінің (мемлекеттік қарыз, бюджеттік инвестициялар немесе басқалар) арақатынасын;
      концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын;
      концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізудің таңдап алынған тәсілін (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай), сондай-ақ концессия шартының түрін бағалауға негізделеді.
      8. Концессиялық ұсыныс сараптамасының нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.
      9. Сараптаманың оң қорытындысы бағалау нәтижелері дәлелдерді көрсете отырып, концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың мүмкіндігін және орындылығын көрсететін концессиялық ұсынысқа беріледі.
      10. Сараптаманың теріс қорытындысы концессиялық ұсынысқа бағалау нәтижелері концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың мүмкін еместігін және/немесе орынсыздығын көрсететін не мазмұны Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін және/немесе негізделген дәлелдерді көрсете отырып, концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың мүмкіндігін және/немесе орындылығын айқындау үшін толыққанды ақпарат болмаған жағдайда беріледі.
      11. Концессиялық ұсыныстың сараптамасы:
      1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларда берілген концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындының;
      2) концессиялық ұсыныстың;
      3) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысының;
      4) екі кезеңді рәсімдерді пайдаланбайтын конкурсты таңдаған жағдайда:
      әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ үлгі жобалардың, үлгі жобалық шешімдердің және қайта қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын техникалық күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша:
      жобалауға арналған тапсырмалардың;
      концессиялық жобаның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, оның ішінде концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстыру құнының есептеулерін, сондай-ақ көрсетілген құжаттардың әрқайсысының құнының тиісті негіздемесін қоса берумен қажетті сараптамаларды жүргізудің;
      техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша:
      концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырма жобасының;
      концессиялық жобаның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, оның ішінде ТЭН құнының есептеулерін, сондай-ақ көрсетілген құжаттардың әрқайсысының құнының тиісті негіздемесін қоса берумен қажетті сараптамаларды жүргізудің;
      5) екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурсты таңдаған жағдайда:
      тиісті негіздемесін қоса берумен концессиялық жобаның конкурстық құжаттамаларын жасау құнын есептеулердің;
      6) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағы 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерінің;
      7) орындалуына, іске асырылу мерзімдері мен аяқталу нысанына жауаптыларды көрсете отырып, концесссиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспары жобасының;
      8) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

3. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасы

      12. Конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауды жүргізудің мақсаты мыналар:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында;
      конкурстық құжаттамалардың құрамы мен мазмұнының Заңның 3 және 7-2-баптарында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен концессияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, концессиялық жобаның ЖСҚ-ның (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша) немесе ТЭН-нің (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкестігін бағалау;
      2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында:
      конкурстық құжаттамалардың құрамы мен мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Заңның 3 және 7-2-баптарында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің және концессияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкестігін бағалау болып табылады.
      13. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң қорытынды немесе пысықтауға арналған қорытынды болып табылады.
      Конкурстық құжаттаманың оң қорытындысы:
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу кезінде:
      конкурстық құжаттаманың және оның құрамындағы ЖСҚ-ның (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар сондай-ақ, техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша) немесе ТЭН-нің (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкестігін ескере отырып, ТЭН немесе ЖСҚ шеңберінде концессиялық жобаны іске асырудың таңдап алынған нұсқасының тиімділігі расталған жағдайда;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында:
      конкурстық құжаттама мен техникалық тапсырманың концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкестігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда ұсынылады.
      Конкурстық құжаттама:
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу кезінде:
      конкурстық құжаттама және/немесе оның құрамындағы ТЭН (ЖСҚ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ, ТЭН (ЖСҚ) шеңберінде таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталмаған және/немесе ТЭН (ЖСҚ) концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкес келмеген жағдайда;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу кезінде:
      конкурстық құжаттама және/немесе техникалық тапсырма Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген және/немесе көрсетілген құжаттар концессиялық ұсыныста көзделген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға жолданады.
      14. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың қорытындысы мыналарды:
      конкурстық құжаттаманың паспортын;
      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      конкурстық құжаттаманың, сондай-ақ ЖСҚ-ны (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) немесе ТЭН-нің (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) концессиялық ұсыныста келтірілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлерге сәйкестігін бағалауды;
      конкурстық құжаттама шарттарының орындылығын бағалауды;
      концессия шарты жобасын бағалауды;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жағдайларында концессиялық жобаның ТЭН бағалауды немесе концессиялық ұсыныста қамтылған концессиялық жобаның маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстырудың бар-жоғы туралы ақпаратты;
      концессионерге ұсыну жоспарланған мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін бағалауды;
      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды қамтиды.
      15. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жағдайларында (техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттаманы сараптау шеңберінде оның құрамындағы концессиялық жобаның ТЭН-ін бағалау жүргізіледі.
      16. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізудің мақсаты ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының коммерциялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін айқындау болып табылады.
      17. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау нәтижелері (оң – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталады, немесе теріс – ТЭН-де таңдап алынған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының тиімділігі расталмайды) конкурстық құжаттаманы сараптау нәтижелеріне әсер етеді.
      18. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізу кезінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар Заңның 3 және 7-2-баптарында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия қағидаттарын басшылыққа алады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.09.26 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН және жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобаның ТЭН жүргізуге қажетті сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:
      1) мемлекеттік сараптаманың;
      2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасының;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасының;
      4) банктік сараптаманың;
      5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың;
      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының негізінде жүргізіледі.
      20. ТЭН бағалау нәтижелері конкурстық құжаттама қорытындысының құрамындағы концессиялық жоба ТЭН бағалау бөлімінде көрініс табады және мыналарды:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде жобаны іске асыруды талдауды;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
      мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді және концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін айқындауды ескере отырып, жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
      жоба тәуекелдері мен оларды төмендету шараларын талдауды;
      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиіс.

4. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде
конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау

      21. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің мақсаты әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және конкурстық құжаттамаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау болып табылады.
      22. Концессиялық өтінімдерге сараптау жүргізудің нәтижелері бойынша әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімдерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және конкурстық құжаттаманың талаптарына, Заңның 18-1-бабында көрсетілген конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етудің бар-жоғына сәйкестік дәрежесі көрсетіледі.
      23. Концессиялық өтінімдерді сараптаудың нәтижесі оң не теріс қорытынды болып табылады.
      Сараптаманың оң қорытындысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және концессиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер ұсынған концессиялық өтінімдерге, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің болуы кезінде беріледі.
      Сараптаманың теріс қорытындысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және концессиялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлер ұсынған концессиялық өтінімдерге, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің болмауы кезінде беріледі.
      24. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамалық қорытындысы мыналарды:
      әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды;
      концессияның өтінім құрамына кіретін құжаттамалар мен олардың мәліметтерінің конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      әлеуетті концессионерлердің және олардың құрылтайшыларының қаржылық қабілеттілігін бағалауды;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында әлеуетті концессионерлердің ТЭН бағалауды;
      әлеуетті концессионерлердің сұратып отырған мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ конкурстық құжаттамада белгіленген шығындарды өтеу және табыстарды алу көздерін, олар бар болған жағдайда, бағалауды қамтиды.
      25. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жағдайларында концессиялық өтінімдерді сараптау шеңберінде концессионер ұсынған концессиялық жобаның ТЭН бағалау жүргізіледі.
      26. Концессиялық жобаның ТЭН бағалау осы Талаптардың
16-19-тармақтарында көрсетілген тәртіпке және талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      27. ТЭН бағалау нәтижелері концессиялық өтінім қорытындысының құрамындағы концессиялық жобаның ТЭН бағалау бөлімінде көрсетіледі және мыналарды:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде жобаны іске асыруды талдауды;
      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдауды;
      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдауды;
      мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді және концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін айқындауды ескере отырып, жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдауды;
      жоба тәуекелдері мен оларды төмендету шараларын талдауды;
      тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиіс.

5. Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия
шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
кезіндегі сараптау

      28. Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау жүргізудің мақсаты олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және конкурстық құжаттаманың талаптарына, Заңның 3 және 7-2-баптарына айқындалған мемлекеттік-жекешілік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, Республикалық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессия жөніндегі комиссия немесе Коммуналдық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессия жөніндегі комиссия үздік деп таныған әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімінің параметрлеріне сәйкестігін айқындау болып табылады.
      29. Концессия шарттары жобаларын сараптаудың қорытындысы мыналарды:
      1) концессия шарты жобасының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      2) концессия шартының жобасында әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімін үздік деп айқындау үшін негіз болған жағдайлардың сақталуын бағалауды;
      3) концессия шарты жобасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдауды;
      4) концедент пен концессионердің тәуекелдерін талдауды;
      5) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен ұсыну шарттарын, сондай-ақ концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуын бағалауды;
      6) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын бағалауды қамтиды.
      30. Концессия шарттарының жобаларын концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптаудың қорытындысы мыналарды:
      1) концессия шарттарыны енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, конкурстық құжаттамада және конкурстық өтінімдерде айқындалған шарттарға сәйкестігін бағалауды;
      2008 жылға дейін жасалған концессия шарттары бойынша концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың конкурстық құжаттамада және конкурстық өтінімде айқындалған шарттарға сәйкестігін бағалау талап етілмейді;
      2) алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша концессионердің қаржылық жай-күйін бағалауды;
      3) концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін бағалауды;
      4) концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концедент пен концессионердің тәуекелдерін бағалауды;
      5) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары, көлемі мен ұсыну шарттары бойынша сәйкестігін, сондай-ақ концесссия шарттарында көрсетілген концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуын бағалауды;
      6) концессия шарттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессиялық жобаны іске асыру барысына әсерін бағалауды;
      7) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын бағалауды қамтуы тиіс.
      31. Концессия шарттары жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаудың нәтижелесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.

6. Қорытынды ережелер

      32. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады