"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы қызметін атқару мерзімін айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қарашадағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 қарашада № 9879 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 211 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аймақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы функцияларын атқарсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К.Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2014 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы               Ж.Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады