Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 257.02.2015 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2015 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 11 033, 91 теңге (он бір мың отыз үш теңге тоқсан бір тиын) мөлшерiнде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 257.02.2015 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е.Досаев
____ _________ 2014 жыл