Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10142 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Султанов

      2014 жылғы 18 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2014 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрі

      _________________ И. Тасмағамбетов

      2014 жылғы 11 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      _________________ К. Касымов

      2014 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _________________ Н. Әбікаев

      2014 жылғы 5 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 159 бұйрығымен
бекітілген

Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан
Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы
уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы
уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      3. Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) контрагенттер - өз мұқтажы үшін бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алатын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган;

      2) мұнай өнімдері – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут, жол битумы;

      3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор (бірыңғай оператор) – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу қызметтерін көрсету қызметінің негізгі нысанасы болып табылатын заңды тұлға;

      4) өтінім - контрагенттің бірыңғай оператормен жасасқан шарты бойынша бірыңғай операторға мұнай өнімдерінің көлемін, түрін, беру орындарын, мерзімдерін және мұнай өнімдерін берудің басқа да жағдайларын көрсете отырып, бірыңғай операторға берілетін мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту туралы жазбаша өтініші;

      5) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық;

      Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

      тұрақты – жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;

      контейнерлік – мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;

      жылжымалы – автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі;

      6) талон - сәйкестендіру сипаттамалары: сериясы, нөмірі, су белгісі белгілі бір қолданыс мерзімі көрсетілген қатаң есептегі бақылау құжаты, ол мерзім ішінде контрагент мұнай өнімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді және оны көрсеткен кезде бірыңғай оператор контрагентке жанар-жағар май құю станциясында мұнай өнімін аталған құжатта көрсетілген атауы және көлемінде тапсырады;

      7) талонды иеленуші - контрагент қызметкері (қызметшісі) немесе контрагент талонды (талондарды) тапсырған контрагенттің уәкілетті тұлғасы;

      8) отын картасы - жанар-жағар май құю станциясында мұнай өнімдерін тапсыруды есептейтін жекелеген техникалық құралды білдіретін, енгізілген электронды микросызбасы бар, мұнай өнімдерінің аударылған көлемі туралы ақпараттан тұратын пластикалық карта, оның шегінде отын картасын иеленуші жанар-жағар май құю станциясында мұнай өнімін алуға құқылы;

      9) отын картасын иеленуші - контрагент қызметкері (қызметшісі) немесе контрагентпен отын картасын тапсырған басқа уәкілетті тұлғасы;

      10) дағдарысты жағдаят - мемлекетте немесе оның белгілі бір аумағында ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуін алдын-алу және бейтараптандыру шараларының қолданыстағы жүйесі халықтың денсаулығы мен өмірін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, ішкі саяси тұрақтылық пен конституциялық қатардың негіздерін қорғау үшін жеткілікті болмайтын жағдайлар мен жағдаяттар жиынтығы;

      11) әуежай - әуе кемелерін қабылдау және жөнелту, әуе тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсатта аэродром, аэровокзал, басқа қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар құрылыс кешені;

      12) бункерлеу - кеменің (әскери кеменің) қозғалысын қамтамасыз етуге конструктивтік тағайындалған сыйымдылықпен осы кемеге (әскери кемеге) отынды тасымалдау;

      13) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, тиеп-жөнелту және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнама талаптарына сәйкес келетін технологиялық жабдықтар, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар енетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;

      14) резервуар – мұнай өнімдері базасында не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінде сақтауға арналған сыйымдылық;

      15) мұнай өнімдерін беру - мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу, оларды сақтау мен жеткізуді (тасымалдауды) қамтамасыз ету енетін мұнай өнімдерімен контрагенттерді қамтамасыз ету.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681; 27.06.2016 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі); 29.09.2023 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мұнай өнімдерін беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Контрагенттерді осы Қағидалардың шарттарына сәйкес мұнай өнімдерін беру аясында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бөлшек саудада өткізу түрінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      5. Бірыңғай операторға мұнай өнімдерін берудің алдағы жоспарлы жылына дейінгі жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей осы Қағидалармен көзделген Инкотермс-2010 базистік беру жағдайлары шегінде айлар, Қазақстан Республикасы аумағында беру орындары мен тұтыну көлемдеріне бөліп көрсете отырып, контрагенттер алдағы күнтізбелік жылға жоспарланған қажеттілік туралы мәліметтерді береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      6. Бірыңғай оператор контрагентке алдағы күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін берудің болжамды бағалары, оның ішінде мұнай өнімдерін бөлшек, сауда арқылы өткізуге, мұнай өнімдерін сақтау және жеткізуді (тасымалдауды) қамтамасыз ету қызметтеріне бағалары туралы мәліметті мұнай өнімдерін берудің алдағы жоспарлы жылына дейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      Қажеттілігіне қарай контрагенттер болжамды бағалар туралы қосымша мәліметті сұрата алады.

      Мұнай өнімдерін беруге бірыңғай оператормен ұсынылған болжамды бағалар контрагенттердің алдағы қаржы жылына шығындарды жоспарлау үшін негіздеме болып табылады.

      7. Мұнай өнімдерін берудің келесі түрлері қарастырылады:

      1) бензинді, дизель отынын жанар-жағар май құю станциясынан талон немесе карточка жүйесі бойынша беру.

      Бензинді және дизель отынын талон жүйесі бойынша беруді бірыңғай оператор мен контрагент арасында бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс - 2010) талаптарында жасасқан шартқа сәйкес белгіленген көлемі мен номиналында бірыңғай оператор контрагентке талондарды беру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір атауы мен көлемінде, талонның номиналына сәйкес келетін мұнай өнімдерін алуды талон иелері талондардың жарамдылық мерзімі ішінде шарттың талаптарына сәйкес жанар-жағар май құю станцияларынан оларға талондарды беру кезінде жүзеге асырылады.

      Карта жүйесі бойынша бензин мен дизель отынын беру бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс - 2010) талаптарында, сондай-ақ жасасқан шарттың өзге талаптарында бірыңғай оператордың контрагентке отын карталарын уақытша өтеусіз пайдалануға тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Карта жүйесі бойынша сатып алынатын мұнай өнімдері атауының көлемі шартпен белгіленген тәртіпте контрагент беретін отын картасын толықтыруға берілген өтінім негізінде отын картасына аударылады. Белгілі бір атауы мен отын картасына аударылған көлемнен аспайтын көлемде мұнай өнімдерін алуды отын картасының иелері шарттың талаптарына сәйкес жанар-жағар май құю станциясында олардың отын карталарын ұсыну кезінде жүзеге асырады.

      Талондар мен отын карталары Қазақстан Республикасының барлық аумағында күнтізбелік тоқсан ішінде қолданылады. Талондардың жарамдылық мерзімі және отын карталарын толықтыру мерзімі күнтізбелік тоқсан күннен кем емес кезеңге ұзартылуы мүмкін;

      2) бензинді, дизель отынын құю арқылы контрагенттің мұнай өнімдерін сақтау қоймасынан беру.

      Бензинді, дизель отынын мұнай өнімдері базасынан құю арқылы беру кезінде контрагенттер осы Қағидалардың 8-тармағында қарастырылған мерзімде бірыңғай операторға ұсынады;

      3) мазутты бірыңғай оператордың және (немесе) Контрагенттің мұнай өнімдерін сақтау қоймасына (мұнай өнімдері базасы/резервуар) беру.

      Мазутты беру контрагенттердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады, олар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде беріледі;

      4) дизель отынын бункерлеу арқылы беру.

      Дизель отынын кемелерді (әскери кемелерді) бункерлеу арқылы беру Каспий теңізінің акваториясында жүзеге асырылады. Дизель отынын бункерлеу арқылы беру кезінде контрагенттер бірыңғай операторға осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде өтінімді ұсынады;

      5) авиациялық отынды құю арқылы беру.

      Бірыңғай оператор мен контрагент арасында жасасқан шартпен көзделген талаптарда бірыңғай оператор сақтау базасынан авиациялық отынды құю арқылы беруді жүзеге асырады.

      Құю арқылы берген кезде, контрагенттер бірыңғай операторға беру базисін көрсете отырып, тиеп-жөнеліудің болжанған күніне дейін кемінде 20 жұмыс күні бұрын өтінімді ұсынады.

      Контрагенттің сақтау базасына авиациялық отынды беру кезінде контрагент іс жүзінде берілген авиациялық отынның өтінім білдірілген көлемінен ықтимал ауытқушылықты авто- және/немесе теміржол цистерналарының калибрлеу нормалары шегінде қабылдайды. Сонымен қатар, толық берілмеген көлем тоқсанның (жартыжылдықтың, жылдың) қорытындысы бойынша бірыңғай өтінімге келтіріледі және шарттың талаптарына сәйкес берілуі тиіс;

      6) авиациялық отынды әуе кемесіне құю арқылы беру.

      Бірыңғай оператор әуе кемелеріне құюды Қазақстан Республикасының әуежайларында "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда контрагенттер бірыңғай операторға мұнай өнімдерін тиеп-жөнелтудің болжанған күніне дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күні бірыңғай операторға өтінімді ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

      9. Бірыңғай оператордың өтінімдерді орындау тасымалдауға арналған цистерналардың калибрлеу нормаларына сәйкес жүргізіледі.

      10. Төтенше және (немесе) дағдарысты жағдайлар туындаған кезде, бірыңғай оператор контрагенттерге, талондар мен отын карталарының иелеріне мұнай өнімдерін тиеп-жөнелтуді алдыңғы кезектегі тәртіпте жүзеге асырады. Контрагент бірыңғай операторға төтенше жағдайлар туындағаны туралы шұғыл түрде, мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту басталғанға дейін хабарлайды.

      11. Мұнай өнімдерін жеткізу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалатын мұнай өнімдерін жеткізу туралы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.09.2023 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беру туралы шарттары бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге жасасады.

      13. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беру туралы шарттары Контрагентке бір күнтізбелік тоқсанның ішінде талап етілетін мұнай өнімдерінің көлеміне күнтізбелік жылдың соңына дейінгі жарамдылық мерзімімен тоқсан сайын жасасады.

      14. Шарттың талаптары контрагенттің және бірыңғай оператордың келісімі бойынша осы Қағидаларға қарама-қайшы келмейтін бөлігінде өзгертілуі мүмкін.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

3-тарау. Баға белгілеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мұнай өнімдерінің құнын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 120-бабына және 193-бабы 6-тармағының 4-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк монополия, арнайы құқық субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларына сәйкес белгілейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.11.2024 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мұнай өнімдерін беру құнына мұнай өнімдерін беру қағидаларын туралы шарттарда көрсетілген мұнай өнімдерін жеткізумен, оның ішінде мұнай өнімдерінің құны, сақтау қызметтері немесе бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін жеткізуді (тасымалдау) қамтамасыз ету қызметтері, сондай-ақ көрсетілген тәсілмен мұнай өнімдерін берген жағдайда, кемелерді (әскери кемелерді) бункерлеу немесе әуе кемесіне жанармай құюмен байланысты шығындар енеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 № 681 бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады