"Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10150 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2016 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрлігінің
2014 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 178 бұйрығымен       
бекітілген         

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін
тауарларға баға белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрi – Заң) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) баға белгiлеу - мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағаларды қалыптастыру және қарау үдерісi;
      2) мемлекеттік монополия субъектісі (бұдан әрі – субъект) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің құрылған не Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын;
      3) негiзделген баға – мемлекеттік монополия субъектiсiнiң негiзделген шығындарының және пайдасының негiзiнде айқындалған баға;
      4) өзiндiк құн – уәкiлеттi орган мемлекеттік монополия субъектiсi өндіретін және (немесе) өткізетін тауардың бағасында ескеретiн шығындар жиынтығы;
      5) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға белгілеу

      3. Өнiмге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға қалыптастыру өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.
      Субъектiде өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу болмаған жағдайда, субъектiнiң шығындары субъектiнiң жалпы шығындарындағы табыстардың үлес салмағы (көлемi, өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзетiн субъектiнiң белгiлi бiр қызмет түрiне жататын шығындарды айқындауды көздейтiн жанама әдiстердiң негiзiнде өткiзiлетiн өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi бойынша бөлiнедi.
      4. Субъектiнiң өнiміне, тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) негiзделген баға қалыптастыру кезiнде өзіндік құнда өнiмдi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өндiруге (көрсетуге) тiкелей жататын шығыстар және негiздеушi материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттар) расталған:
      1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) және өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бiр бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлемiне негiзделе отырып көзделген бағалардан айқындалатын материалдық шығыстар;
      2) оларды жүргiзу қажеттiлiгiн құжаттамалық техникалық растау және жиынтық сметалық есептемелер, объектiлiк, жергiлiктi және ресурстық сметалар (әрбiр объект бойынша жеке) бар болса, субъектiнiң негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жiберетiн қаражаты;
      3) шығыстарға бағытталған, бағаның шығын бөлiгiнде ескерiлмеген субсидияларды қоспағанда, бағаның шығын бөлiгiн азайтуда ескерiлетiн субъектiге мемлекеттiк бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидиялар;
      4) еңбек жағдайлары үшiн еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеудi қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар бағаларды қалыптастыру кезiнде ескерiледi, бұл ретте еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде персоналдың (әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк) нақты саны және инфляция деңгейiнiң болжамды өзгерiсiн ескере отырып, қолданыстағы бағаларда қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;
      5) субъектiнiң есепке алу саясатында көзделген әдiстi пайдалана отырып айқындалатын және негiзгi құралдардың құнын арттыруға алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталатын амортизациялық аударымдарға шығыстар;
      6) оларды тарту қажеттiлiгiн құжаттамалық растау, әлеуеттi өнiм берушiлердi, қызметтердi қаржыландыру және қарыз ресурстарын қайтару шарттары болған кезде инвестициялық жобаны iске асыруға немесе өнiм, тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiрiсiнде қолданылған негiзгi құралдарды сатып алуға (инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда) қарыз қаражаттары үшiн сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
      7) аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк қызметтерге жұмсалатын шығыстар;
      8) қоршаған ортаға эмиссия үшiн ақы төлеуге;
      9) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге шығыстар ескеріледі.
      5. Cубъектiнiң бағаларын қалыптастыру кезiнде өзiндiк құнда өнiмдi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өндiруге тiкелей жатпайтын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттар) расталмаған шығыстар, оның iшiнде:
      1) өнiмдi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өндiру (көрсету) кезiнде пайдаланылмайтын негiзгi құралдардың амортизациялық аударымдары;
      2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшiн төлемдер;
      3) үмiтсiз борыштар;
      4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлерi, сот шығындары;
      5) табысты жасырғаны (кемiткенi) үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
      6) ұрлықтан келген залалдар;
      7) қызмет көрсетушi шаруашылықтар мен учаскелер өндiрiсiнде тартылмаған активтердi ұстауға арналған;
      8) кәсiптiк-техникалық училищелердi қоспағанда, денсаулық сақтау объектiлерiн, мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын, оқу орындарын ұстауға арналған;
      9) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға арналған;
      10) ұйым қызметкерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерiн, пайызсызды қоса алғанда, өтеуге арналған;
      11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзуге арналған;
      12) бау-бақша серiктестiктерiн абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;
      13) демеушiлiк көмек көрсетуге арналған;
      14) ақаудан болған ысыраптарға арналған;
      15) өндiрiстi вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, тауар нарығы субъектiлерiнiң персоналы үшiн пәтерлердi, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегi орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;
      16) мерейтойлар күнiне немесе қызметкерлерге ынталандыру түрiнде берiлетiн сыйлықтарды сатып алуға арналған;
      17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетiспеушiлiгiне, басқа өндiрiлмейтiн шығыстарға;
      18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлық беруге және сыйақылардың басқа да нысандарына арналған;
      19) өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты iс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтердi, лекцияларды, көрмелердi, пiкiрталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерiмен кездесулердi, ғылыми-техникалық конференцияларды өткiзуге және ұйымдастыруға арналған;
      20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға арналған мүшелiк жарналарға арналған;
      21) бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлердiң демалыстарына ақы төлеуге арналған;
      22) кәсiптiк ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлердiң және олардың балаларының емделуiне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеуге арналған;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру төлемдерi (субъект өз қызметкерлерiнiң пайдасына жасаған жеке және мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша субъект төлеп отыратын жарналар);
      24) қызметкерлерге қосымша берiлген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс), оның iшiнде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, қызметкердiң отбасы мүшелерiне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге арналған;
      25) заңнамада көзделгеннен басқа, субъектiнiң қызметкерлерiне жеңiлдiктер;
      26) мектепке дейiнгi мекемелердегi, санаторийлердегi және сауықтыру лагерлерiндегi балалардың тамақтану құнын өтеуге жұмсалатын шығыстар;
      27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсiптiк одақтарға аударымдар ескерiлмейдi.
      6. Негiзделген бағаға енгiзiлетiн пайданың деңгейiн айқындау кезiнде субъектiлердiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ететiн қаражат ескерiледi.
      7. Монополияға қарсы орган осы Қағидаларға сәйкес тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтің) бағасына сараптама жүргiзедi.
      Бағаларға сараптама жүргiзу үшiн субъектiлер мыналарды:
      1) тауарларға мемлекеттiк монополия енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, баға деңгейiн растайтын негiздемелiк материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы жазбаша түрде ақпарат;
      2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың өсетiнi және өсу себебiн растайтын негiздемелiк материалдарды табыс ете отырып, олардың өсу себептерi туралы кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлама бередi.
      Бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаға мыналар қоса берiледi:
      1) көтеру себептерiн растайтын құжаттар (шикiзат, материалдар, қызметтер құнының өсуiн растайтын тиiстi шарттардың көшiрмелерi);
      2) қызметтiң әрбiр түрi бойынша бағалар жобасы;
      3) бухгалтерлiк теңгерiм;
      4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
      5) еңбек және жалақы жөнiндегi есеп;
      6) өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы есеп;
      7) негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және олардың қозғалысы;
      8) тұтастай кәсiпорын және қызметтің әрбiр түрi бойынша жеке шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшiн қолданылатын табыстар мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;
      9) еңбекақы төлеудiң қолданылып отырған жүйесi туралы мәлiметтер;
      10) шикiзат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, қызметкерлердiң нормативтiк саны туралы деректер;
      11) бар болған жағдайда, есепке алу саясаты;
      12) бар болған жағдайда, инвестициялық бағдарламалар (жобалар);
      13) ағымдағы және күрделi жөндеуге және негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      14) негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      15) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
      16) өткiзудiң жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар – ниет етiлген хаттамалар, шарттар, өндiру (жеткiзу) көлемдерiнiң есептемелерi, жобалық қуаты және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер, сондай-ақ өндiрiс (жеткiзу) көлемiн төмендеткен жағдайда субъектiлер негiздеме ұсынады;
      17) дебиторлық және кредиторлық берешектiң таратылып жазылуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады