Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10220 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптары»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын (бұдан әрі – қысқамерзімді ноттар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
      1-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі қысқамерзімді ноттардың әрбір шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.
      13. Қысқамерзімді ноттарды орналастыру осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операцияларды жасау тәртібі туралы шарттың негізінде Бастапқы агенттер арқылы жүзеге асырылады.»;
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Уәкілетті бөлімше қысқамерзімді ноттарды сатып алуға берілген өтінімдерді осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының жиынтық ведомосына Астана қаласының уақытымен сағат 11.30-ға жинақтайды.
      28. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам аукцион жөнінде алынған деректер негізінде Астана қаласының уақытымен сағат 11.30-дан 12.00-ге дейін баға талаптары, аукционда қысқамерзімді ноттарды сатып алуға берілген өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және қосымша орналастыруды жүргізу қажеттілігі туралы дереу шешім қабылдайды, бұдан кейін аукционның жиынтық ведомосына қол қояды.»;
      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын қосымша орналастырудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      37. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не оның орнындағы адам қосымша орналастыру жөніндегі алынған деректердің негізінде қысқамерзімді ноттарды қосымша орналастыруға қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешімді қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды қосымша орналастыруды жүргізеді. Қосымша орналастыру кезінде өтінімдерді қанағаттандыруда олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсу уақытына басымдық беріледі.»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған бағалар бойынша қысқамерзімді ноттарды сату нысанында қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті бөлімше сату жүргізілген күні уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам белгілеген бағалар шегінде, дисконтталған бағалар мен көлемді олармен келіскеннен кейін, тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын сатуды жүргізу талаптарын Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін оларға жібереді.»;
      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      42. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетті атқаратын адам дисконтталған бағалар бойынша қысқамерзімді ноттарды сату нысанында алынған деректер негізінде қысқамерзімді ноттарды сатып алуға қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізеді.»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылу нысанында қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізуге арналған бағаны уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам айқындайды.»;
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Келіп түскен өтінімдер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына жазылудың жиынтық ведомосына жинақталады.
      48. Жазылу туралы алынған деректер негізінде уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қысқамерзімді ноттарға жазылу үшін қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, бұдан кейін жиынтық ведомосқа қол қояды. Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастыруды жүргізеді. Жазылу кезінде өтінімдер қанағаттандырылған кезде олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түскен уақыты ескеріледі.»;
      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастырудың жиынтық көлемі уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
      51. Ұлттық Банк тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастыру толық аяқталғаннан кейін Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге және Бастапқы агенттерге орналастыру нәтижелерін жібереді.»;
      52-тармақ алынып тасталсын;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Ұлттық Банк көлемі шамалы және ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз, қанағаттандырмайтын баға талаптары болған жағдайда, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде қысқамерзімді ноттарды орналастырудың өтпегендігін жариялайды. Орналастырудың өтпегендігі туралы хабарландыру уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.»;
      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Ұлттық Банк шығарылым талаптарымен белгілеген ақы төлеу және қысқамерзімді ноттарды орналастыру күні уәкілетті бөлімше және Бастапқы агенттер тиісті шығарылымның қысқамерзімді ноттарын орналастыру нәтижесін алғаннан кейін бір сағат ішінде, бірақ Астана қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің Қағидалар жиынтығына сәйкес тиісті бұйрықтарды орталық депозитарийге береді.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Қысқамерзімді ноттардың айналысы өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Қысқамерзімді ноттармен операциялар Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады және өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын тоқтатылады.»;
      67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Орталық депозитарий қысқамерзімді ноттарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.00-ден кешіктірмей қысқамерзімді ноттарды өтеуден ақша алуға құқығы бар қысқамерзімді ноттарды ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және белгілейді.
      68. Орталық депозитарий қысқамерзімді ноттарды өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 16.30-ден кешіктірмей қысқамерзімді ноттар саны, тиісті шығарылымды өтеу кезінде төленуге тиіс сома және орталық депозитарийдің деректемелері көрсетілген қысқамерзімді ноттардың тиісті шығарылымының алдағы өтелуі туралы мәліметтерді уәкілетті бөлімшеге береді.»;
      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «76. Ұлттық Банктің ұйымдастырылған нарықта қысқамерзімді ноттарды сатып алуы қор биржасының сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады және мәміле паспортымен немесе биржа куәлігімен ресімделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 76-1 және 76-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «76-1. Мәміле паспортында, биржа куәлігінде мынадай мәліметтер болады:
      1) қысқамерзімді ноттардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе сауда коды;
      2) қысқамерзімді ноттарды шығару және өтеу күні;
      3) қысқамерзімді ноттардың саны;
      4) бір қысқамерзімді ноттың құны;
      5) өтеу мерзімі;
      6) операция көлемі (жалпы сомасы теңгемен);
      7) өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетілген);
      8) мәміле күні.
      76-2. Орталық депозитарий қор биржасының бұйрығы негізінде қысқамерзімді ноттарды ұйымдастырылған нарықта сатып алуды тіркейді.»;
      85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтейтіні туралы шешім уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының өкімімен ресімделеді.
      86. Орталық депозитарий сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу және оларды орталық депозитарийдің қызмет көрсетуінен шығару үшін уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының қысқа мерзімді ноттарды эмитенттің қосалқы шотынан есептен шығару арқылы мерзімінен бұрын өтеу туралы өкімі негізінде қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтеуді тіркейді.»;
      1-қосымшада:
      Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар жасау тәртібі туралы шартта:
      «200_ жылғы «___» ____________» деген белгілер, цифрлар және сөздер «20__ жылғы «___» ____________» деген белгілермен, цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын.»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________ арқылы, бір жағынан және ______________________________, бұдан әрі «Бастапқы агент» деп аталады, __________ негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________ арқылы, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты жасады:»;
      2.4.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.4.2. деректемелер өзгерген жағдайда, оларды өзгерткен күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей бұл туралы жазбаша хабарлауға;»;
      2.4.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.4.7. Ұлттық Банк тарапынан Бастапқы агентке санкцияларды, шектеулі ықпал ету шараларын, ертерек ден қою шараларын қолданудың барлық жағдайлары туралы Уәкілетті бөлімшеге хабарлауға міндетті.»;
      3 және 5-қосымшаларда «200_ жылғы «___»____________» деген белгілер, цифрлар және сөздер «20__ жылғы «___»____________» деген белгілермен, цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік екі күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады