Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10257 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалары;

      2) Осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Ұ. Қарабалин

      2015 жылғы 8 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 341 бұйрығына
1-қосымша

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын тәртібі

      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2021 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қауіпті өндірістік объектіні декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау үшін қауіпті өндірістік объектінің жобалық құжаттамасын әзірлеуші немесе қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жобалық құжаттаманы талдамау негізінде технологиялық процестерде туындаған жағдайда өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың бұзылу, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарылу ықтималдылығы жоққа шығарылмайтын барынша ықтимал қауіпті өндірістік факторларды анықтайды.

      4. Белгіленген қауіпті өндірістік факторлар қауіпті өндірістік объектіде пайдаланылатын қауіпті заттардың шекті мөлшерінің жобалық мәні, қауіпті өндірістік объектілердің белгілері болып табылатын технологиялық процестер бойынша бағаланады.

      5. Қауіпті өндірістік объектіде пайдаланылатын қауіпті заттардың шекті мөлшерінің нақты мәндері жобалық мәндерден жоғары болған жағдайда қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері ретінде оның нақты мәндері қабылданады.

      6. Қауіпті өндірістік объектілер арасындағы арақашықтық 500 м кем болған жағдайда, қауіпті заттың жалпы көлемі есептеледі.

      7. Бір санаттағы қауіпті заттардың бірнеше түрін қолданған кезде олардың жалпы шекті көлемі мына теңдеумен анықталады:



      мұнда m(i) – қолданылатын заттың мөлшері; M(i) – барлық i үшін 1-ден n-дейін сол заттың шекті мөлшері.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 341 бұйрығына
2-қосымша

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу тәртібін анықтайды.

      2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындарды зиянды өндірістік факторлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың жеткіліктігін және тиімділігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі – декларация) жобаланатын, қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді және өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға беру, пайдалану және пайдаланудан шығару кезеңдерінде оның қауіптілігін сипаттауға тиіс.

      4. Тіркеу шифрін беру үшін декларация азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.

2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу тәртібі

      5. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымда декларацияны әзірлеу үшін ұйым басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2021 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жұмыс тобы жоғары техникалық білімі, өнеркәсіптің тиісті саласында декларацияланатын объектіде кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білімі тексеруден өткен кемінде 3 маманнан тұрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2021 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2021 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Декларацияны әзірлеу кезінде жұмыс тобының мақсаты және міндеттері:

      1) декларацияны әзірлеу үшін талап етілетін қауіпті өндірістік объектіде ақпарат жинау;

      2) аталған технологиялық процестер кезінде барлық қауіпті өндірістік факторлардың әсерін есепке ала отырып, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне талдау жүргізу;

      3) қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсерін бағалау бойынша есептерді орындау;

      4) қолданыстағы қауіпті өндірістік объектінің аварияны оқшаулауға және жоюға әзірлігін бағалау;

      5) қолданыстағы немесе жобаланатын қауіпті өндірістік объектінің қауіпті өндірістік факторларының зиянды әсерінен қорғау және ықтимал әсері бойынша тиісті аумақтардың мемлекеттік басқару органдарын, тұрғындарды ақпараттандыру және қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу болып табылады.

      9. Талқылаудан кейін жұмыс тобы декларация жобасын қалыптастырады.

      Декларацияның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жалпы ақпарат;

      2) қауіпті өндірістік объектідегі қауіптің сипаты және ауқымы;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықты қорғау жөнiндегi іс-шаралар;

      4) қосымшалар.

      Декларацияның құрылымды формасы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес толтырады.

      10. Декларация бөлімдерін әзірлеу кезінде тиісті есептеулерді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсер ету тәуекелдерін бағалау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға болады.

      11. Жұмыс тобының шешімі оң болған жағдайда, декларация жобасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі.

      12. Декларация осы Қағидаларда белгіленген құрылымдық нысанға сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган декларацияны тіркеуден және тіркеу шифрын беруден бас тартады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.07.2021 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қауіпті өндірістік объектінің
өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын
әзірлеу қағидаларына қосымша

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларацияның құрылымды формасы

Бөлім


Мазмұны

Бет №



Титулды бет




Аннотация


1-бөлім


Жалпы ақпарат



1.

Өнеркәсіптік объекті туралы жалпы мәліметтер



1.1.

Өнеркәсіптік объекті туралы қысқаша мәліметтер



1.2.

Өте қауіпті өндірістерді бірдейлендірудің негіздемесі



1.3.

Өнеркәсіптік объектінің орналасқан жерінің сипаттамасы



1.4.

Табиғи ауа-райлық жағдайлар



1.5.

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау



1.6.

Объектілердің өрт сөндіру сипаттамасы



1.7.

Қызметкерлер және санитарлық-қорғау аймағының аумағында тұратын халық туралы деректер



1.8.

Сақтандыру деректері



2.

Қауіпсіздіктің жалпы шаралары



2.1.

Өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті бақылау жүйесі



2.2.

Өнеркәсіптік объектідегі жарақат алу және авария туралы мәліметтер



2.3.

Қызметкердің кәсіптік және аварияға қарсы дайындығы туралы мәліметтер



2.4.

Қызметкерді авариялық жағдайда үйрету жөніндегі шаралар



2.5.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөніндегі шаралар


2-бөлім





2.

Технология және аппаратуралық безендіру



1.1.

Қауіпті заттың сипаттамасы



1.2.

Технологияның суреттемесі



1.3.

Негізгі технологиялық жабдықтардың тізбесі



1.4.

Қауіпті заттардың бөлінуі туралы технологиялық деректер



1.5.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер



1.6.

Басқару пунктінің сипаттамасы



2.

Қауіптер мен тәуекелді талдау



2.1.

Белгілі авариялар туралы мәліметтер



2.2.

Авариялардың пайда болу және даму жағдайларын талдау



2.3.

Авариялар мен төтенше жағдайлар тәуекелін бағалау



2.4.

Авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерін талдаудың блок-схемасы



2.5.

Қорытындылар


3-бөлім


Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға дайындығын қамтамасыз ету



1.

Төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі



1.2.

Адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар



1.3.

Өртке қарсы қорғану



1.4.

Төтенше жағдайларды жоюға арналған қаржылық және материалдық ресурстардың резервтері



1.5.

Төтенше жағдай кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру



1.6.

Халықты және жергілікті атқарушы органды ақпараттандырудың тәртібі



1.7.

Қауіпсіздік декларациясында қамтылған ақпаратты ұсынудың тәртібі


4-бөлім


Қосымшалар


1-қосымша

Ахуалдық жоспары


2-қосымша

Принциптік технологиялық схема


3-қосымша

Негізгі технологиялық жабдықтарды орналастырудың жоспары


4-қосымша

Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды реттейтін негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі


5-қосымша

Ақпараттық парақ



      Титулды парақ:

      Декларацияның толық атауы,

      Аннотация

      Қауіпсіздік декларациясын әзірлеушілер

      _____________________________________________________________________

      (қауіпсіздік декларациясын әзірлеушілер туралы мәліметтер)

      Декларацияның негізгі бөлімдерін қысқаша баяндау

      _____________________________________________________________________

      (декларацияның негізгі бөлімінде негізгі қауіпті міндетті түрде көрсете отырып, қысқаша баяндау)

1-бөлім. Жалпы ақпарат

      1.1. Өнеркәсіптік объекті туралы жалпы мәліметтер

      1.2. Өнеркәсіптік объекті туралы қысқаша мәліметтер

Р/с

Мәліметтердің тізбесі

Көрсеткіштер

1

2

3

1.

Ұйымдардың толық және қысқартылған атауы


2.

Жоғары тұрған органның атауы (бар болған жағдайда)


3.

Ұйым басшысы лауазымдарының атауы


4.

Толық почталық мекен-жайы, телефоны, факсы, телетайпы, E-mail


5.

Ұйымның қысқаша сипаттамасы



      1.1.2. Өте қауіпті өндірістерді бірдейлендірудің негіздемесі

Р/с №

Қауіптілігі бірдейлендірілген өндірістер тізбесі

Қауіпті заттардың атауы

Қауіпті заттардың саны

Объектіні қауіптілер тізбесіне кіргізі туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1.





....






      1.1.3. Өнеркәсіптік объектінің орналасқан жерінің сипаттамасы

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірліктері

Көрсеткіштер

1.

Аумақтың алаңы

м2


2.

Шекарасының ұзындығы

м


3.

Тыйым салынған аумақтардың алаңы

м2


4.

Санитарлық-қорғау аймақтары

м2


5.

Аймақ шекараларының ұзындығы

м


6.

Теңіз деңгейінен есептегендегі орташа биіктігі

м


7.

Объект орналасқан аймақтың сайсмикалығы

балл


8.

Жер бедерінің сипаттамасы

-



      1.1.4. Табиғи-ауа райлық жағдайлар

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірліктері

Көрсеткіштер

1

2

3

4

1.

Орташа жылдық ауа температурасы

0С


2.

Қаңтардың орташа температурасы

0С


3.

Шілденің орташа температурасы

0С


4.

Орташа жылдық жауған жауын-шашынның саны

мм


5.

Қар жамылғысының ең жоғарғы биіктігі

см


6.

Желдің басым бағыты

бағыты


7.

Желдің ең жоғары жылдамдығы

м/сек



      1.1.5. Өртке қарсы сыртқы сумен қамтамасыз ету

Өртке қарсы сыртқы сумен қамтамасыз ету

Көрсеткіштер

Сумен қамтамасыз ету көзінің атаулары

объектінін аумағындағы өрт сөндіретін су әуіттері

өртке қарсы су құбырлары

объектінің аумағынан тыс жақын жердегі су

1

2

3

4

5

Саны





Ыдысы (м3)





Объектіден қашықтығы (м)





Су құбырының түрлері

-


-


Диаметрі (мм)





Қысымы (кПа)





Ұзындығы (м)






      Жақын жердегі өрт бөліміне дейінгі ара қашықтық ___________________км

      Объектіге кіретін жолдар _________________________________км

      1.1.6. Объектілердің өрт сөндіру сипаттамасы

Р/с №

Арнаулы ғимарат

Алаң (м2)

Қабаты

Отқа төземділік дәрежесі

Өндірістің өрт қауіпсіздігінің санаты дәрежесі

1

2

3

4

5

6

1.

Әкімшілік




-

2.

Өндірістік





3.

Көмекші





4.

Қойма






      1.1.7. Қызметкерлер және санитарлық-қорғау аймағының аумағында тұратын халық туралы деректер

Р/с №

Ұйымдардың атауы

Халықтың саны (адам)

Объектілерден қашықтығы (м)

Қорғау құралдары бар (дана, қандайлар)

Жасырынатын баспана (түрі, саны)

Баспананың сиымдылығы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қауіпті өндірістік объект






2.

Зақымдау аймағына тап болатын кәсіпорындармен мекемелер:






3.

Тұрғын объектілер






4.

Тұрғын емес объектілер






5.

Инженерлік коммуникациялар






6.

Салынып жатқан объектілер






7.







8.







9.







10.








      1.1.8. Сақтандыру деректері

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Нақты деректер

1

2

3

1.

Қауіптін жалпы деңгейі (соңғы 5 жылда)


2.

Сақтандырушы ұйымның атауы


3.

Сақтандырушы ұйымның деректері


4.

Сақтандыру түрлері


5.

Сақтандырылған жауапкершіліктің ең жоғары мөлшері (мың тенге)



      1.2. Қауіпсіздіктің жалпы шаралары

      1.2.1. Қауіпті объектілеріндегі өндіріс бақылауының жүйесі

Р/с №

Қызметтердің атауы

Саны

Саны (адам)

1

2

3

4

1.

Техникалық қадағалау



2.

Техника қауіпсіздігі



3.

Аварияға қарсы күштер



4.

Өртке қарсы



5.

Авариялық-құтқару жасағы




      1.2.2. Өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті бақылау жүйесі

Р/с №

Көрсеткіштерінің атауы

Оқиғалардың саны

Зардап шеккендердің саны

Қайтыс болғандардың саны

Негізгі себептерін қысқаша талдау

1

2

3

4

5

6

1.

Өндірістік жарақаттар





2.

Авариялар





3.

Қақтығыс





4.

Өрттер






      *Деректер пайдаланудағы объектіге (оның жұмыс істеген соңғы 5 жылы ішінде) декларация жасаған күнінен алынады.

      1.2.3. Өнеркәсіптік объектідегі жарақат алу және авария туралы мәліметтер

Р/с №

Қызметкерлердің дайындығының атауы

Дайындауға жатады (қайта дайындауға)

Дайындықтан өтті (адам)

Өткен күні

Жұмысқа шығуға рұқсат алған күні

Кезекті дайындау (қайта дайындау) күні

1

2

3

4

5

6

7

1.

Кәсіптік






2.

Аварияға қарсы







      1.2.4. Қызметкерді авариялық жағдайда үйрету жөніндегі шаралар

Р/с №

Шаралар тізбесі

Өткізу мерзімдері

Қатысушылар саны

Өткізу қоры

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Дайындықтың арнайы курстары





2.

Аварияларды жою жөніндегі арнайы оқу-жаттығулар






      1.2.5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөніндегі шаралар

Р/с №

Шаралардың атауы

Орындау мерзімдері

Шығатын нәтиже

1

2

3

4

1.

Технологиялық жабдықтарды жаңғырту



2.

Жаңа технологияларды енгізу



3.

Қорғаныс ғимараттарын жаңғырту



4.

Хабарлау жүйесін жаңғырту



5.

Зақымдану мүмкін аймақтағы халық пен қызметкерлердің қорғаныс құралдарының қорларын жаңарту



6.

Тозығы жеткен техникалық қондырғыларды ауыстыру



2-бөлім. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау

      2.1. Технология және аппаратуралық безендіру

      2.2. Қауіпті заттың сипаттамасы*

Р/с №

Өлшемнің атауы

Өлшем

Ақпараттық нормативтік көзі

1

2

3

4

1.

1.1.

1.2.

Заттың аты

Химиялық

Саудалық



2.

2.1.

2.2.

Формуласы

Эмпирикалық

Құрылымдық



3.

3.1.

3.2.

Құрамы, % (таразылы)

Негізгі өнім

Қоспалар (сәйкестендірумен)



4.

4.1.

4.2.

4.3.

Жалпы деректер

Молекулярлық салмағы

Қайнау температурасы, 0С (101 кПа қысымы кезінде)

20 0С кезіндегі тығыздығы, кг/м3 (101 кПа қысымы кезінде)



5.

Өрт жарылысының қауінтілігі туралы деректер



6.

6.1.

6.2.

6.3.

6.4.

Улану қауіптілігі туралы деректер

Жұмыс аймағының ауасындағы ПДК

Атмосфералық ауадағы ПДК

LCt 50 өлтіретін улы доза

PCt 50 улы дозасы



7.

Реакциялық қабілеті



8.

Иіс



9.

Коррозиялық әсер ету



10.

Алдын-ала сақтық шаралары



11.

Адамдарға әсер ету туралы ақпарат



12.

Қорғаныс құралдары



13.

Төтенше жағдайлар кезінде заттарды зиянсыз жағдайға ауыстыру әдістері



14.

Заттардың әсер етуінен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шаралары




      * Әрбір қауіпті заттарға бөлек құрастырылады.

      2.1.2. Технологияның суреттемесі

      Қабылданған технологияның, негізгі жабдықтардың және технологиялық процестің қысқаша суреттемесі мен негіздемесі* келтіріледі (Принципті технологиялық схема және Негізгі жабдықтарды орналастыру жоспары 3, 4-қосымшаларда көрсетілген)

      2.1.3. Негізгі технологиялық жабдықтардың тізбесі

Р/с № схемада*

Жабдықтың атауы, материал

Бірліктер саны (дана)

Тағайындалуы

Техникалық сипаттамасы

1

2

3

4

5

1.





2.





....






      * 2-қосымшада көрсетіледі.

      * Жобаланатын объектілер үшін көрсетіледі.

      2.1.4. Қауіпті заттардың бөлінуі туралы технологиялық деректер _____________ _______________________ өте қауіпті өндірісте

      (қауіпті заттың аты)

Технологиялық блок, жабдықтар

Қауіпті зат мөлшері

Қауіпті затты ұстаудың физикалық жағдайы

Технологиялық блоктың атау

Схема бойынша № жабдықтын атауы

Жабдықтын бірлік саны

Жабдық бірлігінде

Блокта

Агрегаттық жағдайы

Қысымы, МПа

Температурасы, 0С

1

2

3

4

5

6

7

8

1.









      Объектідегі барлық қауіпті заттар: _________________________________

      оның ішінде: ыдыстардағысы (аппараттардағысы)_______________________

      құбырлардағысы ________________________________________

      2.1.5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер

      1)___________________________________________________________________

      (жабдықты ауа кіргізбейтіндей жасау және қауіпті заттардың авариялық

      шығуларының алдын алу жөніндегі шешімдер)

      2)___________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік авариялардың дамуының алдын алуға және қауіпті

      заттардың шығуын оқшауландыруға бағытталған шешім)

      3)___________________________________________________________________

      (өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер)

      4)___________________________________________________________________

      (автоматты реттеу, блоктау, сигнализация жүйелерін суреттеу)

      2.1.6. Басқару пунктінің сипаттамасы*

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Нақты деректер

1

2

3

1.

Басқару пунктінің үлгісі


2.

Қызметкерлерінің саны


3.

Қауіпті объектісіне дейінгі ара қашықтық (м)


4.

Қолда бар байланыс және оның түрлері


5.

Қолда бар қажетті жабдық


6.

Өмір тіршілігіне қажетті қолда бар құралдар


7.

Қызметкерлердің қолда бар жеке қорғаныс құралдары


8.

Пункттің сенімділік санаты



      * Әрбір басқару пункті үшін жеке жасалынады.

      2.2. Қауіптер мен тәуекелді талдау

      2.2.1. Белгілі авариялар туралы мәліметтер

Р/с

Авариялар және ақаулар тізбесі

Күні

Авариялар және ақаулар сипаттамасы

1

2

3

4

1.

Қауіпті объектіде:



1.1.




....




2.

Басқа да ұқсас объектілерде:



2.1.




....





      2.2.2. Авариялардың пайда болу және даму жағдайларын талдау

      1) Авариялық жағдайлардың туындауының және дамуының мүмкін себептері

      _____________________________________________________________________

      (жабдықтың жұмыс істемеуін және ақауы болуын, қызметкердің қателесуі

      ықтималдығын, табиғи және техногендік сипаттағы сыртқы әсерлерді

      ескере отырып)

      2) Болуы мүмкін авариялардың сценарийлері

      _____________________________________________________________________

      (авариялар кезіндеғі жағдайды болжаумен)

      3) Қауіпті заттардың мөлшері

      _____________________________________________________________________

      (аварияға қатысуы мүмкін қауіпті заттардың мөлшерін бағалау)

      4) Физико-математикалық үлгілер және есептеу әдістері

      _____________________________________________________________________

      (физико-математикалық үлгілерді және есептеу әдістерін бағалау үшін

      қолданылатын негіздеме)

      2.2.3. Авариялар және төтенше жағдайлар тәуекелін бағалау

      1) Авариялардың және төтенше жағдайлардың

      зардаптары __________________________________________________________

      (олардың ықтималдығын ескерумен авариялар мен төтенше жағдайлардың

      болуы мүмкін зардаптары)

      2) Негізгі зақымдағыш факторлардың әрекет аймақтары _________________

      _____________________________________________________________________

      (авариялардың әртүрлі сценарийлері кезіндегі негізгі зақымдағыш

      факторлардың әрекет аймағын бағалау)

      3) Зардап шеккендердің саны

      _____________________________________________________________________

      (авария болған жағдайда халық пен қызметкерлер арасындағы орны толмас

      шығындарды ескерумен, болуы ықтимал зардап шеккендердің санын

      бағалау)

      4) Болуы ықтимал шығынның көлемі

      _____________________________________________________________________

      (авария болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың болуы ықтимал

      шығынының көлемін бағалау)

      2.2.4. Авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерін

      талдаудың блок схемасы

      _____________________________________________________________________

      (әртүрлі деңғейдегі авариялардың көлемі мен зардаптарының

      ауыртпалығына қарай сатылап дамуының бейнесі)

      2.2.5. Қорытындылар

      1) Қауіптер мен қатерді талдаудың негізгі қорытындылары

      _____________________________________________________________________

      2) Авариялар қатерін азайту жөніндегі әзірленген шаралар тізбесі

      _____________________________________________________________________

3-бөлім. Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды оқшаулауға және оларды жоюға дайындығын қамтамасыз ету

      3.1. Төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі

      1) Өнеркәсіптік объектісінің қызметкерлерін және халықты

      хабарландырудың жергілікті жүйесі ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құру және жұмыс жағдайында ұстау туралы мәліметтер)

      2) Төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың схемалары және тәртібі

      _____________________________________________________________________

      3) Хабарлау кезінде берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар

      _____________________________________________________________________

      3.2. Адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар

      1) Күштер мен құралдардың пайдалануға дайындығын құру және қолдау

      жөніндегі шаралар ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою бойынша күш пен

      құралдардың пайдалануға дайындығын даярлауды және қолдауды

      өнеркәсіптік объектісінде құру жөніндегі шаралар сипаттамасы)

      2) Қызметкерлерді оқыту жөніндегі шаралар ___________________________

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік объектісінің қызметкерлерін төтенше жағдайлардан

      қорғану және іс-әрекет жасау әдістеріне үйрету жөніндегі шаралар

      сипаттамасы)

      3) Қызметкерлерді қорғау жөніндегі шаралар

      _____________________________________________________________________

      (төтенше жағдайлар пайда болған кезде өнеркәсіптік объектісінің

      қызметкерлерін қорғау жөніндегі шаралар сипаттамасы)

      4) Күштер мен құралдардың іс-әрекет жасау тәртібі

      _____________________________________________________________________

      (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер мен

      құралдардың іс-әрекет жасау тәртібі)

      3.3. Өртке қарсы қорғану

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Маркасы

Саны (дана)

1

2

3

4

1.

Тұрақты өрт техникасы



2.

Жылжымалы өрт техникасы



3.

Автоматтық өрт сөндірудің жүйесі



4.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары



5.

Түтінді жою жүйесі



6.

Өрт дабылдағышы



7.

Өрт сөндіруге арналған су әуіттері (судың резервуарлық қорлары)



8.

Өрт сөндіретін су гидраттары



9.

Өрт сөндіргіш жең




      Кіретін жолдар _________ (км) _______________

      Кіретін жолдардың техникалық жағдайы ____________ (баға)

      Жарылу қауіп бар және өрт қауіп бар заттар мен материалдарды сақтаудың шарттары _____________________________________________________________________

      3.4. Төтенше жағдайларды жоюға арналған қаржылық және материалдық ресурстардың резервтері*

Р/с

Көрсеткіштердің аттары

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Қаржы қаражаты

мың тенге


2.

Негізгі ассортимент бойынша

материалдық-техникалық резервтер:



- жылжымалы электростанциялары

дана


- жылжымалы үлгідегі компрессорлы станциялар

дана


- бір ожаулы экскаваторлар

дана


- бульдозерлер

дана


- самосвал-автомобильдер

дана


- соғу балғалары

дана


- гидравликалық домкраттар

дана


- газбен дәнекерлеу жабдықтарының

дана


- ағаш материалдары

мың куб.м


- шатырлар

мың дана


- киіз үйлер

дана


- жылыту пештері

дана


3.

Негізгі ассортименттегі дәрігерлік

мүліктермен жинақталуы:



- дәрілер салынған дәрігерлік сөмкелер

дана


- дезинфекция жасайтын құралдар

тонн


- санитарлық зембілдер

дана


- таңу пакеттері

мың дана


4.

Жылы киімдер:




- мақта күртешелер

дана



- мақта шалбарлар

дана



- тері қолғаптар

жұп



- кірзі етіктер

жұп



- көрпелер

дана



      * Қауіпті объектіде оның ерекшелігі ескеріле отырып болуы мүмкін авариялардың ауқымдарына қатысты толтырылады.

      3.5. Төтенше жағдай кезінде медицңналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

      1) Өнеркәсіптік объектідегі медициналық қамтамасыз ету күштерінің құрамы_______________________________________________________________

      2) Зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсетудің тәртібі _____________________________________________________________________

4-бөлім. Жұртшылықты ақпараттандыру

      4.1. Халықты және жергілікті атқарушы органды ақпараттандырудың

      тәртібі _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік объектісі орналасқан аумақтағы халықты және жергілікті

      атқарушы органды болжанып отырған және пайда болған төтенше

      жағдайлар туралы ақпараттандырудың тәртібі)

      4.2. Қауіпсіздік декларациясында қамтылған ақпаратты ұсынудың тәртібі

      _____________________________________________________________________

      (кімге, қашан ақпарат берілетіндігін көрсету керек)

      1-қосымша

      Ахуалдық жоспары

      Ахуалдық жоспарда мынадай білдірімдер көрсетіледі:

      1) Жұмыс істейтіндердің санын көрсете отырып, өнеркәсіптік объектінің өнеркәсіптік алаңдары, ғимараттар пайдалану мен жұмыскерлердің саны көрсетіледі;

      2) Авария болған жағдайда соның аймағындағы зақымдағыш факторларына ұшырайтын ұйымдар, елді мекендер, адам көп жиналатын жерлер (ауруханалар, бала бақшалары және балалар яслилері, мектептер, тұрғын үйлер, стадиондар, кинотеатрлар, вокзалдар, әуе жайлар, рыноктар);

      3) "өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті талдау" бөлімінде анықталған, зақымдануы мүмкін аймақтар, ондағы зақымданған адамдар саны мен зақымдағыш факторлары көрсетіледі.

      2-қосымша

      Принциптік технологиялық үлгі

      Негізгі технологиялық жабдықтарды көрсету және технологиялық процестерді қысқаша сипаттау арқылы сызбаны келтіру.

      3-қосымша

      Негізгі технологиялық жабдықтарды орналастырудың жоспары

      Жоспарда қауіпті заттарға қолданылатын негізгі жабдықтардың орналасуын көрсету керек.

      4-қосымша

      Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды реттейтін, негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі

Р/с

Нормативтік құжатттардың атауы

Авторы

Шығарылған күні

1

2

3

4






      5-қосымша

      Ақпараттық парақ*

      Ақпараттық парақ:

      1) қызметі өндірістің жоғары қауіптілігіне байланысты ұйымдардың атауы;

      2) қоғамды ақпараттандыру және онымен өзара іс-қимыл үшін жауапты адам туралы мәліметті;

      3) өндірістік қызметті қысқаша сипаттауды;

      4) қауіпті заттардың тізбесі мен негізгі сипаттамаларын;

      5) болуы ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар және зардаптары туралы қысқаша ақпаратты;

      6) авария кезінде халықты құлақтандырудың тәсілдері мен өнеркәсіптік апат кезіндегі халықтың қажетті іс-қимылдары туралы ақпаратты;

      7) қосымша ақпараттарды алудың көздері туралы мәліметті қамтиды.

      * Ақпараттық парақ азаматтармен қоғамдық ұйымдардың сұрауы бойынша қауіпсіздік декларациясынан бөлек тұлғалармен берілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады