Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығымен
бекітілген
«Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты
1. Жалпы қағидалер
1. «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) арнайы автокөлік құралы – арнайы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, арнай желілік және (немесе) дыбыстық сигналдары, жазулары және (немесе) түстік графикалық бояулары бар автомобильдер;
2) арнайы жабдық – арнайы және арнайы мамандандырылған көлік құралының шассиінде (жақтауда), қорабында, кабинасында немесе сыртында орналасатын әртүрлі құралдар, қондырғылар;
3) арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану – еңбектік және материалдық ресурстардың аз шығына кезінде арнайы көлік құралын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиыны мен бкітілген ресурстар мен қызмет мерзімі кезіндегі арнайы көлік құралының енгізілген/берілген сипаттамасын сақтау;
4) арнайы машина, арнайы автокөлік – арнайы мақсаттағы көлік мағынасын беретін, синонимдік түсініктер;
5) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
6) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
7) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатынн талаптар жиынтығы;
8) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
10) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
11) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
13) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
14) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
15) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
16) қауіпті жүк – көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың денсаулығына немесе өміріне және/немесе қоршаған ортағы зиян келтіретін жүк;
17) мамандандырылған автокөлік құралы - бір немесе бірнеші бір неше түртегі біртектес жүктерді тасуға арналған және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде және жүктердің қауіпсіздігін және механизациясын немесе автоматизациясын қамтамасыз ететін әртүрлі қондырғылармен және құрал-саймандармен жабдықталған автокөлік құралы; сондай-ақ арнайы жабдықталған автокөлік құралдарына ауыр салмақтағы жүктерді тасымалдауға арналған, өске түсетін қол жетімді шектер бойынша нормалардың сақталуын және өс бойынша салмақты біркелкі тарататын автомобиль жолдарының сақтығын қамтамасыз ететін көп өсті және көп дөңгелекті жылыжымалы құрамдар кіреді.
18) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
4) КС – кәсіби стандарт;
5) БА - біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын қауіпсіз қолдануды ұйымдастыру және сүйемелдеу
7. Негізгі топ: көлік.
Кәсіби топ: көлік инфрақұрылымын күту және жөндеу.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
арнайы автокөлікті техникалық пайдалану жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіп карточкасы осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Арнайы және мамандандырылған
автокөлік құралдарын техникалық
пайдалану» кәсіби стандартына
қосымша
Кәсіптер карточкалары
«Арнайы автокөлікті техникалық пайдалану жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ |
||
---|---|---|
Кәсіп коды |
2145 |
|
Кәсіп атауы |
Арнайы автокөлікті техникалық пайдалану бойынша инженер |
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
5 |
|
БА бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
|
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім |
|
Еңбек функциялары |
1) Белгіленген ресурстар мен қызмет ету мерзімі бойында белгіленген сипаттамаларын сақтай отырып, арнайы автокөлік құралын техникалық пайдалану процесіне басшылық ету |
|
1 еңбек функциясы Белгіленген ресурстар мен қызмет ету мерзімі бойында белгіленген сипаттамаларын сақтай отырып, арнайы автокөлік құралын техникалық пайдалану процесіне басшылық ету |
Шеберлігі мен дағдылары: |
|
Білімі: |
||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Жеке жинақылық. |
|
ҰБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
||
Кәсіби стандарттың техникалық деректері | ||
Әзерленген |
«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
Нұсқа номері мен шыққан жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
|
Болжамды қайта қарау мерзімі |
2017 жыл |